Файл: 9 бсыныбыны 20222023 оу жылындаы трбие жмысыны есебі Трбие жмысыны масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

9 «б»-сыныбының 2022-2023 оқу жылындағы

тәрбие жұмысының есебі
Тәрбие жұмысының мақсаты: Оқушының дүниетанымдық қабілетін қалыптастыру және дамыту арқылы оқу мен тәрбие жұмысында жаңашыл іс-әрекетпен шығармашыл тұлға тәрбиелеу. Жалпы білім беру ұйымдарында оқушыларды тәрбиелеу Тұжырымдамасы негізінде тәрбие жұмыстарының жоспары бекітілген.

  1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық, құқықтық тәрбие бағыты бойынша А. Байтұрсынұлының мерейтойына орай «Ахмет Байтұрсынұлы-ұлт ұстазы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оқушыларға Ұлт ұстазы туралы бейнематериалдар көрсетілді, әр оқушы дайындаған материалдарымен таныстырды. Қазақстан Республикасының Егемендігі күні қарсаңында «Менің Қазақстаным» тақырыбында ауызша журнал әдісі негізінде сынып сағаты өткізілді. Оқушыларға ҚР егемендігін алған уақыттан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихына қысқаша шолу жасалды.

  2. Рухани-адамгершілік тәрбие, еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бағыты бойынша «Адамгершілік – ең басты қасиет» тақырыбында «Галерея» әдісі негізінде сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, көмек беру, достық, жақсылық, ар-ұят, қызмет ету, имандылық, инабаттылық, елін, жерін сүю – адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыра отырып, оқушылардың бойына адамгершілікті сіңіру, жаман әдеттерден аулақ болуға, кішіге қамқор, үлкенге құрметпен қарауға, ізетті болуға тәрбиелеу.

  3. Ұлттық тәрбие бағыты бойынша «Өнер алды қызыл тіл» тақырыбындағы сынып сағаты мақал-мәтел сайысы ретінде өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға тіл туралы заңның қабылданғанынан мағлұмат беру және ана тілінің қоғамдағы алатын орны туралы айтып жеткізу. Қазіргі қоғамдағы тіліміздің дәрежесін көтеру. Оқушылар опқа бөлініп қазақ мақалдары мен жұмбақтары бойынша сайысқа қатысты.

  4. Құқықтық тәрбие бойынша "Буллинг, кибер буллинг дегеніміз не?" тақырыбында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатынд ауызша журнал әдісімен өткізілген сынып сағатының мақсаты Қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді жағдайлардың алдын алу, Оқушылардың буллинг, кибербуллинг туралы жалпы түсінігін қалыптастыру арқылы жауапкершіліктерін арттыру, өзара сыйластық қарым-қатынасын орнату. Оқушыларға буллинг , кибербуллинг туралы ақпарат беріліп, оның салдары туралы айтылды. Жасөспірімдер арасында белең алып отырған тәртіпсіздіктерден сақтану жолдары айтылып, жағдаяттар ұсынылды. Буллингпен қоса жүретін Кибербуллинг (электрондық кеңістікте қудалау, онлайн қатыгездік) – бұл өзін-өзі қорғай алмайтын құрбанға қарсы бағытталған, электрондық жолмен әрекеттесу жолдарын қолданумен жалғыз немесе бір топ адам жүзеге асыратын ұзақ уақыт бойы жүйелі қуадалаудың, қасақана агрессияға толы әрекеттердің бір түрі. Бұл смс-хабарламалар, әлеуметті желілер, абыройды төгетін веб-парақшалар ашу немесе қорлайтын, тіл тигізетін бейнеконтент жариялау арқылы, т.б. жолдармен жасалатындығы түсіндіріліп, интернет желісін қолдану шарттары айтылды.

  5. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бағыты бойынша «Электронды сигарет зияны» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Электрондық темекінің ағзаға тигізетін кері әсерін және одан туындайтын ауру түрлерін айта отырып, зиянды әсерін ашу. Шылым шегудің зиянды жақтарын аша отырып, одан жиіркенуге, темекі - у екенін айтып, топ болып жұмыс істеуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жат қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу. Лекция әдісі қолданылды.