Файл: Блім Бкіллемдік аламтор желісі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 157

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тексерілді:______________________

Бөлім: Бүкіләлемдік ғаламтор желісі

Мектеп: №35 «Қараөзек» ЖОМ КММ Пәні: қазақ тілі Пән мұғалімі: Аманжолова А

Күні:

Қатысқаны: Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

Бүкіләлемдік ғаламтор желісі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.2.1.1 Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау;

7.4.4.1 Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану.

Сабақтың мақсаттары

мәтінніңнегізгі ойын анықтайды, етістік туралы біледі;

негізгі ақпаратты кестеге, диаграммаға түсіреді(ол үшін мәтін мазмұнына детальді үңілуі тиіс);етістіктің есімше түрін тілдесім барысында қолданады.

сабақ барысында талданған мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпараттарды интерпретациялайды, етістіктің есімше түрін тілдесім барысында қолданады.

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.

Жағымды психологиялық тапсырма.

«Сандардың менің өміріммен байланысы» тренинг.

«1» саны шыршамен теңестіріледі. Баяу болса да басқалардан биік, көркем болып өсіп, ұзақ жыл сақталып, кез келгеннің көзіне жоғарыдан, алыстан-ақ ілінеді.

«2» саны. Күні-түні демалмайтын екеу: Ай және Күн. Қосылу, толықтыру символы. Жақсы мен жаман, ер мен әйел, күн мен түн, ақ пен қара. Екі санына қазақ халқының көзқарасы міне осындай болып келеді.

«3» саны. Жалпы түркі халықтарында, соның ішінде қазақ халқында үш саны қасиетті болып есептелінеді. Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл. Қазақ халқынан өзге де ұлттарда үш саны қасиетті болып саналған. Бір мен екінің қосындысы ретінде қандай да бір істің бастамасын да, жалғасын да білдіреді.

«4» саны. Қазақта төрт құбыласы сай, яғни «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген мәтел екеуінің мағынасы бір болып келеді. Ертеде бұл сан тұрақтылық пен беріктілік, әділдіктің белгісі болған.

«5» саны. Жоғарыда айтылған төрт бастаманың ортасында орналасып, жан-жағын басқарып тұрады.Қазақ халқы тілді, дінді, тарихты, дәстүрді, атамекенді бес анық деп атаған.

Абай атамыздың өлеңінде «Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой, Бес асыл іс көнсеңіз» деп жақсы қасиетті 5 санымен байланыстырған.

ОҚЫЛЫМ АЛДЫ. Қызығушылықты ояту.

- Ғаламтор желісінің тарихы қай кезден басталады?

Жетелеуші сұрақтар:

  • Өзің ол туралы не ойлайсың?

  • Сен оны ... қалай түсінесің?

  • ... қатысты не айтар едің?

  • Сабақтағы әңгімеміздің тақырыбы не туралы болуы мүмкін?

  • Тақырыпқа қатысты не айтар едің? т.б.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Оқушылар 1, 2, 3, 4, 5 сандарының қалағанын таңдайды, таңдаған санына байланысты жағымды ахуал қалыптастырады.


Қалыптастырушы бағалау

Керемет жауап!

-

Жақсы жауап!

- Төмен жауап

-



Сабақтың ортасы


ОҚЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ.

Мәтінді оқып, негізгі ақпаратты кестеге не диаграммаға түсіріңдер. Постер қорғайды.

-Алғашқы компьютерлік бағдарламаны қазіргімен салыстыруға келе ме?

-Мәтіннен заттың қимылын, іс-әрекетін, жай-күйін білдіретін сөздерді тауып, оларға сұрақ қойыңдар.

Дескриптор:

  • Мәтінді оқып, негізгі ақпаратты анықтайды;

  • Ақпаратты кестеге, диаграммаға түсіреді.

  • Сұраққа жауап береді;

  • Мәтіннен етістіктерді анықтайды.

ҚБ

ОҚЫЛЫМНАН КЕЙІН. ӘТН.



1-топ. 2-тапсырма. Екі бағандағы қою әріппен берілген сөздердің қызметін түсіндіріңдер.

2-топ. 3-тапсырма. Мәтіндегі етістіктерге есімше жұрнағын жалғап, қандай өзгеріс болғанын түсіндіріңдер.

3-топ. 4-тапсырма. Берілген ақпаратты бүгінгі күнмен байланыстырып, мәтін құрастырыңдар.

Дескриптор:

  • етістіктің есімше түрін тілдесім және жазбаша тапсырмалар барысында қолданады

  • берілген ақпаратты бүгінгі күнмен байланыстыра мәтін құрастырады.

Бекіту тапсырмасы. Тақырыпқа байланысты ой қорытындылайды.



Мәтінді оқиды, негізгі ақпаратты кестеге не диаграммаға түсіреді.
Грамматикалық тақырыпты меңгереді.

Грамматикалық тапсырмалар орындайды.
ПОПС формуласы арқылы тақырыпқа байланысты бекіту тапсырмасын орындайды.


Қалыптастырушы бағалау

Керемет жауап!

-

Жақсы жауап!

- Төмен жауап

-

Қалыптастырушы бағалау

Керемет жауап!

-

Жақсы жауап!



Төмен жауап

-



Сабақтың соңы Рефлексия


Үй тапсырмасы: 5-тапсырма.