Файл: Бл мж ust kz сайтында жасалынан. стаз тілегі ылымидістемелік орталыыны сайтыныны мж блімінде кезкелген пн, кезкелген сынып бойынша мжны дидактикалы материалымен бірге жктеп ала аласыз. Ол шін сілтеме арылы тііз httpsust kzqmg.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 26

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


15-сабақ. Роботтың алға, артқа жылжу қозғалысы.

Бөлімі:

3-бөлім. Біздің өміріміздегі роботтар (ортақ тақырыптар: «Тағам және сусын», «Дені саудың – жаны сау»)

Педагогтің аты-жөні:

Элмурадова Перизат

Күні:

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Роботты артқа жылжыту қозғалысы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.5.2.3 роботты алға жылжыту қозғалысын ұйымдастыру.

1.5.2.4. роботты артқа жылжыту қозғалысын ұйымдастыру.

Сабақтың мақсаты:

Командалық блоктардың қызметіне қарай ажыратады.

***. Роботтың алға және артқа қозғалысына берілген программаны сипаттайды.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурс-тар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.

Сәлемдесу.

Оқушыларды түгендеу.

Ширату тапсырмасы. «Керісіншілер елі» ойыны

Балалар шеңбер бойына отырады. Жетекші үш әріптен тұратын сөзді айтып, допты лақтырады. Допты ұстаған ойыншы әріптерді кері атайды (күн-нүк, көз-зөк, сан-нас). Аударылған сөздердің мағынасы болмауы мүмкін. Ойынның күрделенуі сөздің ұзақтығына байланысты. Осылайша балалар үш топқа бірігіп отырады. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық тұрғыдан жағымды көтеріңкі көңіл күй сыйлайды/.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.

Доп

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

«Ой қозғау» әдісі.

Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді.

  • Балалардың қозғалыс жаттығуында қандай айырмашылық бар (1-сурет)?

  • Артқа қозғалыстың денсаулыққа пайдасы бар ма?

ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушыларды «Фигура-лар» әдісі арқылы бағалайды.

Бес жұлдыз - Жарайсың!

Төртбұрыш - Жақсы!

Үшбұрыш - Талпын!

Жаңа сабаққа дайындық.

Жаңа сабаққа кіріспе. Оқулықпен жұмыс істеу

(МК, Ұ): Оқулықтағы мәтінді оқиды. Өзара талқылау жүргізеді. Мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, тексеріп отырады.

Сабақтың ортасы

(26 мин)

(Т) №1 тапсырма.

Қандай командалық блоктар берілген? Олар қандай қызмет атқарады? Сипаттаңдар (6-сурет).

Дескриптор:

  • Берілген блоктарда кандай команда берілгенін анықтайды.

  • Командалардың қандай қызмет атқаратынын сипаттайды.

ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушыларды
«Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды.

Бес жұлдыз - Жарайсың!

Төртбұрыш - Жақсы!

Үшбұрыш - Талпын!

Жұмыс дәптеріндегі №1тапсырманы орында.

Бос орындарды толтыр.

«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Жұмыс дәптері.

32-бет

(Ж) 2-тапсырма

Роботты артқа қозғалтатын блокты атаңдар?

Блоктардан робот қозғалысы жайлы қандай деректерді оқуға болады (6-сурет)?

Дескриптор:

  • Роботтың артқы қозғалысын іске асыратын блокты анықтайды.

  • Блоктардан робот қозғалысы жайлы қандай деректерді оқуға болатынын айтады.

ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды.

Бес жұлдыз - Жарайсың!

Төртбұрыш - Жақсы!

Үшбұрыш - Талпын!

(Ө) Дәптермен жұмыс істеу. «Суреттер сөйлейді» әдісі.

***. 3- тапсырма

Жолда жүру ережесін сақтамау өміріңе қауіпті. Суреттерде ережені кім бұзды? Балалар ма, әлде жүргізушілер ме (7-сурет)? Тапсырма: 1. 1-жағдайда кім артқа жүруі керек? 2. 2-жағдайда кім артқа жүруі керек? Себебін түсіндір.



Дескриптор:

  • Берілген суреттерді салыстырып, ой тұжырымын жасайды.

  • Суреттерді әңгімемен сипаттайды.

  • Ережені кім бұзғанын, кім артқа жүру керек екенін анықтайды.

ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды.

Бес жұлдыз - Жарайсың!

Төртбұрыш - Жақсы!

Үшбұрыш - Талпын!

Жұмыс дәптеріндегі

№3-тапсырманы орында.

Роботтарды тиісті қорапқа орналастыр.

(Тапсырмада роботтар және оның қорапшасы берілген. Роботтарды тиісті қорапшаларға орналастырады).

«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Жұмыс дәптері.

35-бет

Сабақтың соңы

7 мин.

Сабақты бекіту. Рефлексия.

(Ө). «Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір» әдісі.

Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір

Қандай жаңа білім алдың?

Алған біліміңді қолдана аласың ба?

Саған қиындық тудырған түсініктер











ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды.

Жарайсың! Жақсы! Талпын!

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілеттірек оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Фигуралар» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.


Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:

16- сабақ. А бөлім.

Бөлімі:

3-бөлім. Біздің өміріміздегі роботтар (ортақ тақырыптар: «Тағам және сусын», «Дені саудың – жаны сау»)

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Лабиринттен шығу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.5.2.5. роботтың 90, 180 градустағы бұрылысын ұйымдастыру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

Роботтың 90, 180 градустағы бұрылысын ұйымдастырады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.


Ширату тапсырмасы. «Егер осылай болса...» ойыны. Балалардың біреуі фантастикалық жағдайды ойлап табады, ал басқалары оның шешімін табуы керек. Мысалы: егер әр адам туғаннан бастап барлық басқа адамдардың ойлаған ойларын оқуға қабілетті болса, онда жердегі өмір қалай өзгерер еді?

Егер жер бетіндегі адамдардың әрқайсысы өзіне ғана түсінікті тілде сөйлейтін болса, онда жердегі өмір қалай өзгерер еді? Егер жануарлар тілін адамдар түсіне алатын болса, онда жердегі өмір қалай өзгерер еді? Егер адамдар құс сияқты ұша алатын болса, онда жердегі өмір қалай өзгерер еді? Егер оймен барлық өсімдіктер тіршілігін басқаруға болатын болса, онда жердегі өмір қалай өзгерер еді? Егер адамдар жер астында өмір сүре алатын болса, онда жер бетіндегі өмір қалай өзгерер еді? Егер адамдар су астында өмір сүре алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді? т.с.с. Фантастикалық әңгімелерге үлесін қосқандардың барлығы марапатталады.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

(МК, Ұ) Миға шабуыл. «Ой қозғау» әдісі.

Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген суреттерді талқылап, сұрақтарға жауап береді.

  • Лабиринт жайлы не білесің (1-сурет)?

  • Дәрігердің баланы емдеу үшін лабиринттен өту (алға, оңға т.б.) алгоритмін сипатта (2-сурет).,

  • Градус өлшемін білесің бе (3-сурет)?

  • 90, 180 градусқа бұрылуға мысалдар келтір.

ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды.

Бес жұлдыз - Жарайсың!

Төртбұрыш - Жақсы!

Үшбұрыш - Талпын!




Жаңа сабаққа дайындық.

Жаңа сабаққа кіріспе. Оқулықпен жұмыс істеу

(МК, Ұ) Оқулықтағы мәтінді оқиды. Өзара талқылау жүргізеді. Мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, тексеріп отырады.

Сабақтың ортасы

(26 мин)

(МК, Д) Практикалық жұмыста берілген арнайы робот программасын талдап, төмендегі тапсырманы орындайды.

1 тапсырма.

Роботтың қозғалу программасын талдаңдар (6-сурет). Блоктардың қызметін сөзбен сипаттаңдар.

Дескриптор:

  • Берілген 6-суреттегі роботтың қозғалу программасын талдайды.

  • Блоктардың қызметін сөзбен сипаттайды.



ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды.

Бес жұлдыз - Жарайсың!

Төртбұрыш - Жақсы!

Үшбұрыш - Талпын!


Жұмыс дәптері





(Ж) Практикалық жұмыста берілген арнайы робот программасын талдап, төмендегі тапсырманы орындайды.

2 тапсырма.

Қозғалу алгоритмі бойынша сызықтық блок-сұлбасын құрыңдар (6-сурет).

Дескриптор:

  • Берілген 6-суреттегі роботтың қозғалу программасын талдайды.

  • Қозғалу алгоритмі бойынша сызықтық блок-сызбасын құрастырады.



ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды.

Бес жұлдыз - Жарайсың!

Төртбұрыш - Жақсы!

Үшбұрыш - Талпын!


Жұмыс дәптері








(Т) 3- тапсырма

Робот лабиринт ішінде тұйыққа тірелді (7-сурет).

  1. Робот 1-ші шығатын орынға жету үшін:

  • 90°-қа,

  • 180°-қа бұрылулар санын тап.

  1. Робот 2-ші шығатын орынға жете ала ма?

ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды.

Бес жұлдыз - Жарайсың!

Төртбұрыш - Жақсы!

Үшбұрыш - Талпын!

Жұмыс дәптері





Жұмыс дәптеріндегі №2-тапсырманы орында.

Қай робот батареяға жете алады? Белгіле.

(Тапсырмада үш робот және батарея сымдарымен берілген. Роботтардың қайсысы батареяға жете алатынын анықтап, белгілейді.)

«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Жұмыс дәптері.

36-бет

Сабақтың соңы

7 мин.
Сабақты бекіту. Рефлексия.


(Ө) Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді.


  • Бүгін мен не білдім?

  • Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім?

  • Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

  • Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды.

Жарайсың! Жақсы! Талпын!

Интерактивті тақта


Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Фигуралар» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:



17- сабақ. А бөлім.

Бөлімі:

3-бөлім. Біздің өміріміздегі роботтар (ортақ тақырыптар: «Тағам және сусын», «Дені саудың – жаны сау»)

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Практикалық тапсырмалар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.5.2.5. роботтың 90, 180 градустағы бұрылысын ұйымдастыру.

1.5.2.2. Жұлдызша айналымының белгілі бір санына робот қозғалысын ұйымдастыру.

1.5.2.3 роботты алға жылжыту қозғалысын ұйымдастыру.

1.5.2.4. роботты артқа жылжыту қозғалысын ұйымдастыру.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Сызықтық алгоритм құрады.

Көпшілік оқушылар үшін:

Жоба скриптерімен жұмыс істейді.

Кейбір оқушылар үшін:

***. Программадан роботтың қандай қозғалыста болатынын анықтайды.