ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.03.2024
Просмотров: 12
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тербелістер мен толқындар» | Мектеп: Сағашилі ЖББ ОМ | |
Күні: 06.02.23 | Мұғалімнің аты-жөні: Барсаева М.С | |
Сынып: 9 ә | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақтың тақырыбы | № 3-зертханалық жұмыс. "Математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау | |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.2.5.8 математикалық маятник периодының формуласынан еркін түсу үдеуін анықтау; 9.2.5.9 период квадратының маятник ұзындығына тәуелділік графигін тұрғызу және талдау; 9.1.3.1 алған нәтижені түсіндіру және қорытынды жасау | |
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы:Тербелмелі қозғалысты біледі және түсінеді; Көптеген оқушылар: математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін тәжірибе жүзінде анықтайды. Барлық есептеулерді жүргізіп, қателіктердде анықтайды және қорытынды жасайды. Кейбіреуі: Зертханалық жұмысты жақсарту жолдарын ұсынады | |
Бағалау критерийері | Білу және түсіну: Зертханалық жұмысты қалай орындау керектігін біледі және түсінеді. Қолдану: Математикалық маятниктің тербеліс периодының формуласынан еркін түсу үдеуінің формуласын қорытады. Есептеулерді дұрыс жүргізеді. Зерттеу дағдылары және талдау: Зерттеу тәжірибелерін жүргізе алады, зертханалық жұмыста алынған/есептелген мәндер мен еркін түсу үдеуінің нақты мәнін салыстырады, егер алған мәндері өте жуық болып шықса, немесе нақты мән мен есептелген мәннің арасында алшақтық бар болса, неліктен олай болғандығына талдау жасайды. Тәжірибе жасау арқылы мәліметтер алады: қозғалыс және уақыт мәндері | |
| ||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ бойында оқушыларда қалыптасады бір-бірін сыйлау, ашықтық,мектеп мүлкін құрметтеу және бірігіп жұмыс жасай алу. | |
Пәнаралық байланыстар | Математика пәнімен байланыс есептер және формулалар қорытып шығару. | |
АКТ қолдану дағдылары | http://bilimland.kz/kk/home#lesson=10822 - сайтпен жұмыс істеу арқылы ИКТ дағдыларының жетілдірілуі | |
Бастапқы білім | 9 сынып физика курсынан – күштер және шеңбер бойымен қозғалыс тақырыптары. |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланғанкезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3 | 1.Ұйымдастыру кезеңі 2.Сабақ мақсатын анықтау. | | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
9мин | Оқушыларды жұптарға бөліп, жұптарға зертхана құралдарын таратып беру, техника қауіпсіздігінің ережелерімен таныстыру. Зертханалық жұмысты орындауды бастамастан бұрын өткен материалды еске түсіріп, теорияны қайталау мақсатында оұушыларға сұрақтар қойып, әр сұраққа оқушылар нақты жауап берулері тиіс. Сұрақтар:
| Техника қауіпсіздігінің ережелерінен осы жұмысқа қажетті үзінді | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
25 мин | Зертханалық жұмыс: «Математикалық маятниктің көмегімен дененің еркін түсу үдеуін анықтау» Мақсаты: Математикалық маятниктің қасиеттерін зерттей отырып дененің еркін түсу үдеуін тәжірибе жүзінде анықтау. Теориялық бөлім Математикалық маятниктің периоды түбір астындағы еркін түсу үдеуіне кері пропорционал. Осы жерден еркін түсу үдеуін есептейтін формуланы қорытып шығарамыз: Гипотеза/ болжам: (бұл пункт міндетті емес) Егер жіптің үйкеліс күшін және ауаның кедергі күштерін ескермесек, математикалық маятниктің көмегімен анықталатын еркін түсу үдеуінің мәні 9.8м/с2 -қа тең немесе жуық болуы мүмкін. Жұмыс барысы: 1.Тұрғыны парта шетіне орнатып, оған металл шар ілінген жіпті еденнен 3-5см жоғары тұратындай ілу 2.Маятникті тепе-теңдік күйінен 5-8см-ге ауытқытып, тербелтіп жіберу 3. Жіптің ұзындығын алдын-ала өлшеу. Маятниктің толық 40 тербеліс жасауға кеткен уақытты өлшеу. 4.Тәжірибені қайталап, уақыттың орташа мәнін алу. Сол уақыттың орташа мәні бойынша орташа периодты есептеу: Торт=tорт/N 5. формуласы бойынша еркін түсу үдеуінің орташа мәнін есептеу. 6.Барлық өлшеулерді кестеге енгізіп, қателікті анықтап, қорытындылау.
Қателіктерді анықтау: Абсолютті қателік: Салыстырмалы қателік: Қорытынды жазу. | Зертханалық жұмысты орындауға қажетті құрал-жабдықтар: қысқышы мен сақинасы бар тұрғы, жіп, сызғыш немесе өлшеуіш лента, секунд өлшегіш, металл шар, магнит. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3мин | Зертханалық жұмысты қорытындылау: Оқушылар зертханалық жұмысты орындап болып, қорытындыларын жасайды. Әр жұптан 1 сөйлемнен тыңдап, барлық қорытындылардан жалпы бір қорытынды жасау. | | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5 мин | Рефлексия. Бағалау. Төмендегі сөздермен бастап, 1-2 сөйлеммен өз іс-әрекеттеріңді бағалаңдар. Кестеде 1 ғана бағанды толтырыңдар (таңдау бойынша)
Үй жұмысы: Өткен материалды қайталап оқу. Кейбір математикадан қателесіп отырған оқушыларға формуладан формуланы қорытып шығаруды үйренуге көптеген тапсырмалар беру. | Кесте жазылған таратпа парақшалар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |