Файл: Трік аанаты ытай деректері Ман аан туралы Шегара(лы оран) сыртындаы барлы иеліктерді зресін шырды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 16

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тарихи деректер және авторлар

Түрік қағанаты

  1. Қытай деректері Мұқан қаған туралы – «Шегара(Ұлы Қорған) сыртындағы барлық иеліктердің зәресін ұшырды»

Батыс Түрік қағанаты

  1. Қытай деректерінде Иштеми қаған туралы – «он тайпа қағаны» деп аталды

  2. Л. Н. Гумилевтің зерттеуінше – Иштеми қайтыс болғаннан кейін билікке Тардуш(Дато) келді.

  3. Қытай деректері Тон-ябғу туралы – «Батыс варварлары ешқашан да дәл осылай қуатты болмады»

Түргеш қағанаты

  1. В.В. Бартольд соғдыылар туралы – соғдылардың Жетісуға қоныс аударуының 3 себебін көрсетті(бастысы - сауда)

  2. Махмұт Қашғари соғдылар туралы – «соғдылар арасында түрікше сөйлемейтіндері жоқ»

Қарлұқ қағанаты

  1. Ибн әл-Факих қарлұқтар туралы – «қарлұқтар – көне түркілер»

  2. Ұйғыр жазбалары қарлұқтар туралы – «Ит жылы(746 жыл) қарлұқтар батысқа қарай Он оқ еліне қашты»

  3. Шығыс деректерінде қарлұқтар туралы – «Қарлұқтар түргештер еліне аттанып, басып алды. Оларды бағындырып, билігін құлатты»

  4. Х ғасырдағы араб дерегі қарлұқтар туралы – «Қарлұқтар жерін батыстан шығысқа дейін жүріп өту үшін 30 күн қажет болған»

Оғыз мемлекеті

  1. Орыс деректерінде оғыздар туралы – торктер деп атадыы.

  2. «Оғызнама» эпикалық шығармасы – оғыз тарихындағы бірқатар оқиғалар баяндалған

  3. Махмұд Қашғари оғыздар туралы– оғыздар 24 тайпаға бірікті, боз оқ және үш оқ деп бөлінді

Қимақ қағанаты

  1. Әл-Идриси қимақтар туралы – 16 қаласын картада көрсетті, олардың басым көпшілігі Ертіс және Алакөл аумағында орналасты.

  2. Араб саяхатшылары қимақтар туралы – қимақ қағанының Ертіс бойындағы ордасы Имақия туралы жазып қалдырды.

VI-IX ғғ түркілер шаруашылығы

  1. Түркі деректерінің бірінде – «Тұрақты мекені жоқ, бірақ әр рудың өзіне тиесілі жерлері бар»

  2. Византия императорының елшісі Менандр – «Түрік қағанының 900 адам сыятын киіз үйін сипаттады. «Жібек жамылғылы» киіз үй, қағанның алтын тағы және тауыс(павлин) сипаттады»

  3. Қытай елшісі өз жазбасында – «Қалаларда халықтың бір бөлігі жер өңдейді, ал екіншісі саудамен айналысады»

  4. Әл-Идриси – «Көшпелі адамдар...алайда олар жер өңдейді»


Қала мәдениетінің қалыптасуы(VI-IX ғғ)

  1. «Хұдуд әл-алам» дерегі – «қарлұқтар елінде 25 қала мен қоныс болғындағы айтылады»

  2. Түркі руна жазулары – «балық – қала; барқ - ғимарат»

  3. 630 жылы Жетісуда болған будда монахы Сюань Цзянь – Суяб қаласын сипаттады.

Көне түркі дәуіріндегі жазу

  1. 1893 жылы дат ғалымы В. Томсен – түркі руна жазуының құпиясын ашты, алғаш рет «Тәңір» сөзін оқыды

  2. Ғалым С.Е. Малов «Көне түркі жазуының ескерткіштері» кітабында – «Шығыс Түркістанда қағаз өндіру, Қытайдағыдай сол кезеңде басталған»

Көне түркілердің діни наным-сенімдері

  1. Француз ғалымы Жан Поль Ру – «көне түркілердің ата-бабалары Көк тәңіріне табынған»

  2. Қытай тарихшылары – «Тәңірге табыну б.з.б. ІІІ ғасырда пайда болды»

  3. Тоныкөк жазба ескерткіші – «Көк тәңірі, Ұмай ана, қасиетті Жер-Су, міне, осылар бізге жеңіс сыйлады!»

  4. Неміс ғалымы Г. Дерфер – «тәңіршілдік – адамзаттың бір Құдайға табынушылық діндердің бірі»

Қарахан мемлекеті

  1. Араб және парсы авторлары – «қарлұқтар арасынан түркі тайпаларына билік еткен «қағандардың қағаны» шыққаны туралы айтылады»

  2. Шығыстанушы В.В. Бартольд – «Х ғасырдағы араб географтары түркілерді исламға мүлде жат халық ретінде сипаттайды» деп жазды.

Қарақытай мемлекеті

  1. Қытай деректері қарақытайлар туралы - «қидандар» деп аталды, олар моңғол тілдес болды

  2. ХІІ ғасырдағы араб авторы әл-Марвази – «Орталық Азиядағы тайпалардың көші қоны туралы жазды»

Наймандар. Керейіттер. Жалайырлар.

  1. Моңғол деректері – «жалайырлар туралы мәлімет береді, олардың Жамұқа есімді адам гурхан атағын алып, қысқа уақытта мемлекет құрды; Шыңғыс ханның әскері қолбасшыларының бірі Мұқылай туралы айтылады.»

Қыпшақ хандығы

  1. Орыс деректерінде қыпшақтар – «половецтер»

  2. Еуропа деректерінде қыпшақтар – «кундар», «командар»

  3. VIII ғ түркі руна ескерткіші - «қыпшақ этнонимі алғаш рет кездеседі»

  4. Араб-мұсылман деректерінде – «қыпшақ даласы – Дешті Қыпшақ»

  5. Плано Карпини – «Қыпшақтар түйе, ірі қара, қой мен ешкі, жылқыға өте бай. Оларда жүк таситын мал орасан көп, біздің ойымызша бүкіл әлемде мұндай байлық ешкімде жоқ»

  6. Махмұд Қашғари – «Қыпшақ ақсүйектері Қарахан билеушілерімен өзара күрделі қарым-қатынаста болды.»

  7. В.А. Пархоменко «Жылнамалардағы қыпшақ эпосының іздері» еңбегінде қыпшақтардың славян тайпаларымен қатынасы туралы – «Біздің жылнамалар ХІІ ғасырда Русьтің ақсүйек тобы мен қыпшақтар арасында тығыз байланыстар болғандығына ешқандай күмән тудырмайды. Русьтің Даламен үнемі дерлік жаугершілікте болғандығы ойдан шығарылған жалған тұжырым»

  8. О. Сүлейменов «Аз и Я» кітабында – «орыс тіліне енген түркі сөздері туралы айтты»


Ұлы Жібек жолының қалыптасуы

  1. ХІХ ғ неміс ғалымы фон Рихтгофен – «Ұлы Жібек жолы терминін ұсынды»

Ұлы Жібек жолының түркі бөлігі

  1. VII ғ Қытай жол көрсеткіші кітапшасы – «Ақ өзендегі қала – Испиджаб көрсетілген. Кейін ол Сайрам деп аталған»

Қалалардың дамуы. Сәулет өнері(Х-ХІІІ ғ басы)

  1. Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» - «Х-ХІІІ ғасырда отырықшылыққа, қала өміріне бейімделу баяндалған»

  2. Ортағасырлық авторалардың бірі – «Испиджаб – үлкен қаланың атауы... Ол ең құнарлы, ағашқа, суға және тамаша бақтарға бай»

  3. Ибн Сина монша туралы – «бірқалыпты температура, самаладай жарық, шешініп, киінуге арналған кең бөлме, қабырғаларында көркем салынған суреттер болуы тиіс»

Сауда мен егіншілік. Материалдық мәдениет(Х-ХІІІ ғ басы)

  1. Деректерде Тараз қаласы туралы – «мұсылмандардың түркілермен сауда жасау орны»

Рухани мәдениет. Исламның таралуы(Х-ХІІІ ғ басы)

  1. Ш. Уәлиханов ислам діні туралы – «түркілер исламды қабылдады, бірақ олардың діни нанымы қосарлы сипатта болды»

ІХ-ХІІІ ғ басындағы ғылым және әдебиет

  1. Әлем ғалымдары ХІ ғасырды – «Әбу Райхан Бируни ғасыры деп атады»

Мәдени қарым-қатынастың дамуы

  1. Орыс тарихшысы Н.М. Карамзин – «Бұхара мен Қыпшақ елінде өздерінің күміс және мыс теңгесі болды. Алғашқысы «танга», екіншісі «пула» деп аталды. Осыған орай ресейліктер өздерінің күміс ақшаларын «танга», ал мыс аұшаларын «пула» деп атады»

Қазақстан аумағын моңғолдардың жаулап алуы

  1. Шыңғысхан өз халқына – «Мен өз бетінше жүрген ұсақ билеушілерді, мұқтаждықта және езгіде жүрген адамдарды бағындырдым, мен оларды жинап біртұтас еттім»

  2. Шыңғысхан немересі Батуға(Жошының баласы) – «Әкеңнің билігін қабылдап ал, ол барғысы келген жерлерге аттан»

  3. Марко Поло Шыңғысхан туралы – «Ол қандай да бір аймақты жаулап алған кезде, тұрғындарды ренжітпеді, олардың меншікке құқығын бұзбады, олардың арасына өз адамдарын қойды. Бағынған елдің адамдарын қорғады. Ешқандай да зиян шекпейтіндігіне көзі жеткен тұрғындар оған жан-тәнімен берілді. Бұрынғы дұшпаннан енді адал қызметшілеріне айналды»

  4. XVI ғасырда Өтеміс қажы Бату ханға жоғарғы билік беру туралы – «Жошы өлген кезде, оның үлкен ұлдарының арасында олардың ішінде қайсысы ұлыс басшысы болатындығы туралы дау туды. Билік туралы дауды шешу үшін Шыңғысханға аттанды. Ханзадаларды қабылдаған ұлы аталары үш киіз үй: алтын босағалы Ақ Орданы – Батуға; күміс босағалы Көк Орданы – Орда Еженге; болат босағалы Боз Орданы – Шайбанға тігуге бұйрық берді.


Моңғол империясы құрамындағы Қазақстан

  1. Замандастары Өзбек хан туралы – «Кісілігі мол, даңқты да ержүрек адам ретінде сипаттады»

  2. Марко Поло Алтын Орда қалаларында қамал-қорғандардың болмауы туралы – «Әскердің кіруіне кедергі жасамау үшін қамал-қабырғалар мен қақпалар болуына рұқсат етілмеді»

  3. Араб тарихшысы Ибн әл-Асир моңғол шапқыншылығы туралы – «Бұл күн мен түн жаратылғаннан бастап, адамзат білмеген қасірет болды. Жылнамаларда осыған дейін мұндай апат сипатталмаған»

  4. В. Бартольд, Л. Гумилев – «Моңғол империясының құрылуының маңызды рөлі туралы айтты»

Шығыс Дешті Қыпшақтың саяси бөлектенуі. Ақ Орда

  1. Рашид-ад-диннің(ХІІІ ғ) айтуы бойынша – «Жошы ұлысының шығыс бөлігінде Орда Ежен иелік етті»

  2. Әбілғазы(XVII ғ) – «Шығыс бөлігін Орда Еженнің Бату ханнан алғандығын жазды»

Моғолстан

  1. Барлық ортағасырлық деректерде – «Шағатай хан қатал адам ретінде сипатталады»

  2. «Тарих-и-Рашиди»(М. Х. Дулати) дерегі бойынша Моғолстан шегарасы – «7-8 айлық жолды құрады. XIV-XVI ғасырларда бұл Шыңжаң өлкесі, Жетісу мен қазіргі Қырғызстан аумақтарын қамтыды»

  3. «Тарих-и-Рашиди»(М. Х. Дулати) – «Тоғылық Темір ханның билігі бүкіл Моғолстанға тарады»

  4. Моғол аңыздары – «Тоғылық Темір хан Алмалық қаласына жақын Іле алқабында жерленді»

Әмір Темір және ұрпақтарының мемлекеті

  1. Еуропалықтар – «Әмір Темірді «Темірлан» деп атады»

  2. Ибн Арабшах(Әмір Темір оны 12 жасында Дамаскіде тұтқынға алған) – «Әмір Темір туралы кітап жазды»

Ноғай Ордасы. Сібір хандығы

  1. Шоқан Уәлиханов – «ноғайлар мен қазақтарды «екі туысқан Орда» деп атады»

XIII-XV ғасырдың бірінші жартысындағы мемлекеттердің қоғамдық және саяси құрылымы

  1. Рашид-ад-дин – «Ханның шешімі мен жарлығын өзгерту дәстүрде болған жоқ. Мұндай әрекет жасаған адам қылмыскер болып табылды»

  2. Плано Карпини моңғол ханының билігіне сипаттама берді – «Бұл татар императорының барлығының үстінен қарайтын ғажайып билігі бар. Егер де император рұқсат бермесе, ешкім қандай да бір елде тұра алмайды. Оның өзі көсемдердің қайда болу керектігін көрсетеді, көсемдер болса мыңдықтарға, мыңдықтар – жүздіктерге, жүздіктер – ондықтарға әмір етеді. Бұдан басқа әміршінің соғысқа немесе бейбіт өмірге қатысты бұйрықтарының барлығына олар еш қарсылықсыз бағынды»


Қазақ хандығының құрылуы

  1. Махмұд ибн Уәли Әбілқайыр ханның Моғолстанға жорығы туралы – «Көп әскер жиналғаны соншалық, бүкіл дала салт аттылардың мұндай санына таршылық еткендей болды. Әскер Жетіқұдық мекеніне келіп тоқтаған кезде нөсер жауын құйып, қалың қар түсті, оның соңы қатты аязға ұласып, Әілқайыр әскерінің іс-қимылын тежеді. 1468 жылы Әбілқайыр ауырып, қайтыс болады»

  2. Ибн Рузбихан – «Әбілқайыр қайтыс болғаннан кейін Өзбек хандарының иеліктерінде берекесіздік пайда болды деп жазды»

  3. М. Х. Дулати Қазақ хандығының құрылуы туралы – «Ол кезде Дешті Қыпшақта Әбілқайыр хан билік етті. Жәнібек пен Керей одан кетіп, Моғолстанға келді. Есенбұға хан шын көңілмен қарсы алып, оларға Шу мен Қозыбасы аумағын берді. Олар осында болған кезде Өзбек ұлысы Әбілқайыр хан өлгеннен кейін әбігерге түсті. Онда үлкен қырқыстар басталды. Әбілқайыр ханның қол астындағы адамдардың үлкен бөлігі Керей мен Жәнібек хандарға барып қосылды. Осылайша олардың маңына жиналған адамдар саны екі жүз мыңға жетті. Олар өзбек-қазақтар деп аталды. Қазақ сұлтандарының билігі сегіз жүз жетпісінші жылдан(яғни 1465 жыл) басталды»

  4. Махмұд ибн Уәли – «Жәнібек хан мен Керей хан Моғолстанда ұзақ тоқтаған кезде Әбілқайыр ханды ұнатпаған адамдардың қай-қайсысы болсын, олардан пана тапты»