Файл: Білім беру йымыны атауы Блім таырыбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Білім беру ұйымының атауы




Бөлім тақырыбы

Қоғамдық-саяси ойдың дамуы

Күні:





Сынып

Қатыспағандар: Қатысқандар:


Сабақтың тақырыбы

Мұстафа Кемал Ататүрік –Түрік Республикасының негізін қалаушы


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

11.3.3.1 мемлекет тарихының өтпелі кезеңдеріндегі реформалардың маңыздылығын бағалау;
11.3.3.2 тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "этатизм", "зайырлы мемлекет" ұғымдарын қолдану;
11.3.3.3 мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлі жайлы қорытын- дылар жасау

Сабақ мақсаты

Ұлт көшбасшысының тарихи жолы арқылы сол кезеңге қатысты негізгі фактілерді талдайды.

Бүгінгі Түркияның саяси, экономикалық, әлеуметтік өмірін өзгерткен Мұстафа Кемалдың идеялары мен қағидаттарын зерделейді.

Түркия Республикасын заманауи және зайырлы ұлттық мемлекетке айналдыруға мүмкіндік берген саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени реформалардың қазіргі таңдағы өзектілігіне анализ жасайды.

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

Өткен тақырыпты еске түсіру

Ұйымдастыру кезеңі

Өткен тақырыпты еске түсіру

«Н. Манделла апартеидке қарсы күресуші» тақырыбын еске түсіру үшін, мен алдыңғы білімді «Ыстық орындық» әдісімен білім алушылардан өтілген тапсырмаға байланысты сұрақтар қоя отырып, қорытындылаймын.

Н.Мандела кім? (Оңтүстік Африкадағы апартеидке қарсы қозғалыстың басты күші)

 Н.Мандела саяси күресте кандaй әдiстердi пайдаланды (қарулы күрес әдісіне көшу туралы шешім )

«Мен өз өмірімнің басым бөлігін Африка халық күресіне арнадым. Мен «ақтарды» сондай-ақ  «қаралардың» үстемдігіне қарсы күрестім. Мен барлық азаматтар үйлесімде өмір сүретін, тең мүмкіндіктері бар, демократиялық және еркін қоғам идеалын құрметтедім. Мен өмір сүргім келетін, мен ұмтылатын идеал - осы. Ал егер қажет болса, осы идеал үшін мен өлуге де дайынмын» деген кім? (Н.Манделланың соттағы соңғы сөзі)

Апартеид деген не? (нәсілдік белгілеріне қарай бөлінушілікті арттырған саясат)

«Жер реформасы туралы» Заң қашан қабылданды? (1996)

Сұрақтарға жылдам жауап береді

Мадақтау

Сұрақ жауап


Жаңа сабақ



«Ой қозғау».Презентация суреттерге қарай отырып,оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды

Қандай мемлекет деп ойлайсыздар? (слайд)

Бірінші дүниежүзілік соғыстан жеңіліс тапты. Ел экономикасы өте әлсіреді. Соғыстың әскер саяси нәтижелері одан да ауыр болды: империя құлады, еуропалық әскерлер елді басып алуға кірісті. Батыс Еуропа мемлекеттері, бұл имперяның өмір сүруіне нүкте қоюға тырысты. Бұл жобаны жүзеге асыру Англия, Франция, Грекияға жүктелді.


Мәтінмен жұмыс

І топ: Мұстафа Кемалдың өмірі туралы мәлімет (Xmind қосымшасы арқылы «Интеллект карта» құрастыру)
ІІ топ: Кемализм принциптерін талдап, олардың ерекшеліктері мен мәнін анықтаңыздар және Этатизм ұғымына анықтама беру(CANVA қосымшасы арқылы тапсырманы презентацияға енгізу)

ІІІ топ: М.Кемалдың Түркияда жүргізген реформаларының мәнін талқылау (GROW әдісі бойынша талдау жасау)

G – реформаның мақсаты

R- жүзеге асуы

O- мүмкіндіктері

W- нәтижесі

Дескриптор:

-Зайырлы мемлекеттің қалыптасуы үшін реформалардың мақсатын анықтайды.

-Зайырлы мемлекеттің қалыптасуы үшін реформалардың жүзеге асуын сипаттайды.

-Зайырлы мемлекеттің қалыптасуы үшін реформалардың мүмкіндіктеріне мысал келтіреді.

-Зайырлы мемлекеттің қалыптасуы үшін реформалардың нәтижесіне тоқталады.

Дескриптор:

М.Кемалдың өмір жағдайымен танысады.

М.Кемалдың алға қойған мақсатын анықтайды.

М.Кемалдың қоғамдағы орны жайлы мысал келтіреді.

Дескриптор:

-Кемализм принциптерінің маңыздылығын анықтайды.

-Этатизм ұғымына анықтама береді.

-Кемализм принциптерінің ерекшеліктеріне тоқталады.


Өзара бағалау

Қағаз қиындылары

оқулық, үлестіріме материалдар, маркерлер,

Бекіту

Бекіту сұрақтары: Тест жұмысы §34-35 Мұстафа Кемал Ататүрік - Түрік мемлекетінің негізін қалаушы

Тақырыптық сөзжұмбақ дайындау

бағалау парағы

Өзін-өзі бағалау




Кері байланыс

Кері байланыс. « Жетістік Баспалдағы» әдісімен бағалау Қолдана аламын

Түсіндім….

Аздап түсіндім....

Түсінбедім....