Файл: Жыл малімі 2023 Мерзімі 10. 02. 2023ж Орны акт зал Уаыты 15 00.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жыл мұғалімі – 2023

Мерзімі : 10.02.2023ж

Орны : акт зал

Уақыты: 15:00
I – өзін өзі таныстыру (5 мин)

ІІ Жұмыс жүйесінің моделі (5 мин).

Байқау тапсырмасының форматы: Инновациялық тәжірибені оқу – әдістемелік тұрғыда қолдануы және оны демонстрациялау. (Уақыт регламенті: 5 минут, 10 слайдтан аспауы тиіс).
Бағалау критерийлері (балдық жүйемен бағаланады):

  • ұсынылған оқыту тәсілдерінің әдістемелік негіздемесі және құндылығы;

  • инновациялылығы (жаңашылдығы, идеялары және мазмұнының ерекшелігі);

  • практикалық мәнділігі (нәтижелерді жобалауы, тәжірибеге енгізу және тарату мүмкіндігі);

  • таныстыра алу икемділігі (ұсыну мәдениеті).


ІІІ ықшам сабақ өткізу (15 минут)

Сабақ, ұзақтығы: 15 минут; Бағалау балдық жүйемен бағаланады.

Сабақты бағалау критерийлері: (10 балдық)

  • Сабақ мақсатының жоспарланған оқыту нәтижесіне сәйкестігі, жаңашылдығы

  • оқыту мақсатын тұжырымдау;

  • Тақырыптың терең ашылуы

  • Сабақта жеке тұлғаға бағытталған әдіс-тәсілдердің жүзеге асырылуы

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологияны тиімді пайдалана білуі

  • Оқушылардың өзіндік белсенділігі мен шығармашылық әрекетінің қарқындылығын ұйымдастыра білуі

  • Сабақта қолданған бағалау жүйесін негіздей алуы

  • Мұғалімнің сөйлеу шеберлігінің тіл мәдениетінің талаптарына сай келуі

  • Сабақтың нәтижелілігін көрсете білуі және оқушылармен кері байланыс орнату шеберлігі

  • сабақты ұйымдастырудың әртүрлі әдістерін қолдану (ішінара-іздеу, эвристикалық, зерттеу, жоба жұмыстары).

ІV. ситуациялық тапсырма.

V. Портфолио

портфолиосы мынадай критерийлер бойынша бағаланады:

1) педагогтің кәсіби құзыреттілігі (біліктілікті арттыру, кәсіби конкурстарға қатысу, зерттеу жұмыстарының нәтижелері (әзірлемелер, жарияланымдар, жарияланған әдістемелік құралдар);

2) педагогтің республикада, облыста білім беруді дамытуға қосқан үлесі (білім беру жобаларын педагогикалық практикаға енгізу жұмыстары, қызметінің бағыты бойынша оқу-әдістемелік кешендер, авторлық бағдарламалар әзірлеу, инновациялық педагогикалық идеяларды насихаттау).

3) оқушылар мен тәрбиеленушілер жетістіктерінің оң серпінінде көрсетілген педагогикалық қызметтің нәтижелілігі (оқушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеу, оқушылар мен тәрбиеленушілердің пәндік олимпиадалардағы, конкурстардағы, ғылыми-практикалық конференциялардағы, спорт жарыстарындағы, музыкалық конкурстардағы жетістіктері);


4) педагогтің кәсіби шеберлігін және жеке тұлғасын бағалау (алғыс хат, мақтау қағаздары, дипломдары т.б.);