Файл: Реферат Таырыбы Ядролы ару.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ядролық зақымдау ошағы өткен артық қысымның шамасына қарай бірнеше зонаға бөлінеді:

1)    Толық   қирау   зонасы   -ΔРІІІ=50   кПа-мен   (0,5   кгс/см2) шектеледі.   Жер   үстіндегі   құрылыстардың  барлық  түрі   жермен жексен болып, тек қана үйінділер қалады. Жер астындағы қорғаныс ғимараттар, панаханалары, коммуналдық жүйелері едәуір бүлінеді. Қорғанбаған   адамдардың   бәрі   өліп,   жер   астында   орналасқан паналаушылар әр-түрлі жарақат алады.

2)  Күшті қирау зонасы - ΔРІІІ=50-30 кПа арасында. Өнеркәсіп және тұрғын  ғимараттардың  көбісі  толық  қирап  немесе  қатты бұзылады,   бірақ   жер   астындағы   құрылыстар   толық   сақталуы мүмкін; жасырынбаған адамның көпшілігі қаза табады. Қорғаныс па  алардағы адам арасында жарақат алғандар көп емес, жер беті раиобелсенді заттармен қатты ластанады.

3)   Орташа   қирау   зонасы   -ΔРІІІ=30-20 кПа   арасында.   Көп қатты ғимараттар, электр жүйелерінің бағандары орташа немесе бір шамада   бүлінеді,   қорғаныс   паналар,   жер   төлелер   толық сақталып   қалады.   Кейбір   жерлерде   үйінділер   болуы   мүмкін. Адамдарға көмір қышқыл газбен улану  қауіпі  төнеді.  Осы үш зоналар ядролық зақымдану ошағының 1/3 бөлігін құрайды және бұл жерде құтқару жұмыстары күрделі түрде жүреді.

4) Жеңіл бүліну зонасы - ΔРІІІ =20-10 кПа арасында. Ғимараттардың тек терезе жақтаулары, есіктері, ішінара үй шатырлары бүлінеді. Ағаш үйлер бұзылады, жеңіл от алатын заттардың төгілуінен   екінші қайтарма өрт пайда болуы мүмкін.

Қорытынды

Қазақстан Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым  салу (ЯСЖТС) туралы дайындық комиссиясымен  жергілікті жерлерде халықаралық мониторинг және әдіс-тәсілдер жүйесін инспекциялауды дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимылға үлкен маңыз береді. Осы ынтымақтастық шеңберінде 2008 жылы Семей өңірі аумағында интеграцияланған далалық эксперимент өткізілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен БҰҰ аясында 2011 жылдың қазан айының 12 жұлдызы күні Астанадағы, Тәуелсіздік сарайында Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне арналған шаралар төңірегінде «Ядролық қарусыз әлем үшін» атты халықаралық форум өткен болатын. Бұл халықаралық форумға БҰҰ, МАГАТЭ, ЕҚЫҰ, ЯСЖТКҰ, ШЫҰ, АӨСШК, ЮНЕСКО, ЕурАзЭҚ сияқты халықаралық және аймақтық ұйымдардың басшылары мен өкілдері, АҚШ, Жапония, Норвегия, Бельгия, Ұлыбритания, Франция, Ресей Федерациясы
, Словакия, Швейцария, Пәкiстан, Ирак, Түркия, Корея, Моңғолия, Вьетнам және басқа да елдер парламенттерінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.Әлемнің көптеген мемлекет басшылары мен  кемеңгер саясаткерлері бас қосқан келелі жиында алғашқылардың бірі болып  сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев  Қазақстанның ядролық қарудан қаншалықты зардап шеккендігін, ендігі жерде сол  зардапты ешкімнің шекпеуін қалайтындығын  айта отырып, Қазақстан жер бетіндегі  қауіпсіздік пен бейбітшіліктің жақтаушысы екендігін жеткізді. Қазақстан жасаған бұл қадамның маңызы шын мәнінде уақыт пен кеңістікте алдыңғы кезекке шықты. Сондықтан 29 тамыздың біздің бастамамызбен БҰҰ тарапынан Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялануын заңдылық деп қабылдаймыз», – деді президент. Осындай батыл қадамның нәтижесінде ғасырлар тоғысындағы 20 жыл бойы жаһандық ядролық қарсы тұрушылық қаупі айтарлықтай төмендеді. Оның сақталуы мен жүзеге асуы үшін мынадай белгілердің қабылдануы керектігін ортаға салып, ұсыныстар жасады. Ол біріншіден, Қазақстан өз аумағында  ядролық отынның халықаралық банкін орналастыруға дайын. Екіншіден, тұрақсыздықтың негізгі ошағы болып  отырған Таяу Шығысты ядролық  қарусыз аймаққа айналдырып, оны  ретке келтіретін халықаралық келісімнің құқықтық негізін нығайту. Үшіншіден, аса жойқын қуат көздерін әскери мақсатта, қару-жарақ жасауға пайдалануды  біржолата тыю қажет десе, төртіншіден, ядролық сынақ атаулыны біржола  доғару, ең бастысы, тоқсан ауыз сөздің тоқ етері – жер бетіндегі  сынақтарға және жаппай қырып-жоятын қуаты бар қару-жарақтар шығаруға біржола тыйым салынуы керек деп кесіп айтты. Сонымен қатар, Назарбаев «Жалпыға ортақ ядролық қарусыз әлем декларациясын» қабылдауды ұсынды. Мұндай байсалды байлам мен байыпты пікірді саммитке қатысушылардың бәрі дерлік қызу қолдады .Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың мәлімдеуінше, ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа қазірдің өзінде 182 мемлекет қол қойса, 154-і ратификациялап үлгерген. Тұтастай алғанда, 20 жыл ішінде ядросыз әлем жолында маңызды қадамдар жасалды. Дегенмен, ашық күйінде қалып отырған көптеген күрделі мәселелер де жоқ емес. Оларға Елбасы жекелей тоқталды. Бүгінде Оңтүстік Азия мен Таяу Шығыстағы ядролық қарулануды халықаралық бақылаудың тиімді тетігі жоқ. Атом технологиялары мен материалдарының халықаралық лаңкестер қолына түсуінің қаупі зор.Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері ядролық қаруды таратпауға қатысты көптеген шараларды жүзеге асырып келе жатқандығы бәрімізге белгілі. Мысалы, айтар болсақ:



— 1991 жылы 29 тамызда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық сынақ полигоны жабылды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.«Ядросыз әлемге бағыт ұстануда ядролық қауіпсіздіктің жаңа амалдарын іздестіру — маңызды міндет»  dmk.kz/?p=9649 — Cached — Similar. 2011 ж.

2.Дж. Кенен. Ядролық қаруды таратпау// Лос Ажелес – 2002 – 14 мамыр

 3.Жұмаханов  А. Қазіргі ядролық жағдай// Азаттық  – 2010 – 12 ақпан// http://www.azattyq.org/

4.Назарбаев  Н.Ә. Бейбітшілік кіндігі. Астана: Елорда, 2001.  
 5. Жанайдаров О. Менің елім – Қазақстан. Алматы: Балауса, 2003.  
 6. Арай. Журнал. 1988. №10.