Файл: Кеес Одаыны Батыры И. М. Бережной атындаы Келлер орта мектебікмм толы кнді Балдурен шаын орталыы Логикалы ойындар 1 Таырыбы й стары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Кеңес Одағының Батыры И.М.Бережной атындағы Келлер орта мектебі»КММ

толық күнді «Балдәурен» шағын орталығы

Логикалық ойындар

№1

Тақырыбы: «Үй құстары»

Мақсаты: Балаларға үй құстары туралы түсінік беру

Барысы: Балаларға құстардың ішінен үй құстарын бөлек қойғызу. Атын атату.

№2
Тақырыбы: «Ненің пішіні»

Мақсаты: Балалардың ойлауын дамыту.

Барысы: Балаларға пішін бөлшектері таратылады. Содан пішін құрастырып, қандай пішін екенін айтуы керек.

№3
Тақырыбы: «Жұбыңды тап»

Мақсаты: Балалардың тапқырлығын дамыту.

Барысы: Балалар әуен ойнағанда шеңберді билеп ,әуен біткенде өз жұбын табады.

№4

Тақырыбы: «Не артық?»

Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.

Барысы: Көп қуыршақтардың арасына бір машина ойыншығын қойып балалардан «Не артық?»-деп сұрау.


№5
Тақырыбы: «Ертегі құрастыру»

Мақсаты: Балалардың ойлау,қиялдау қабілетін дамыту.

Барысы: Ойыншықтардан ертегі кейіпкерлерін құрастыру арқылы балаларға көрсету.

№6
Тақырыбы: «Дыбыстап шақыр»

Мақсаты: Балалардың қызығушылығын ояту.

Барысы: Бір бала жануарлардың дауысын салады,ал қалған балалар дауысына қарай қандай жануар екенін табады.


№7

Тақырыбы: «Тығылмақ»

Мақсаты: Балаларды ептілікке,жылдамдыққа баулу.

Барысы: Бір бала тығылып қалады,ал қалғандары оны іздейді.
№8

Тақырыбы: «Әр заттың өз орны бар»

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту.

Барысы: Топтағы әр түрлі заттарды (мысалы:орамал, тарақ,ойыншықтар т.б) жәшікке салып,оларды өз орнына балалар апарып қойғызу.
№9

Тақырыбы: «Ғажайып қорапша»

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту.

Барысы: Тәрбиеші балаға қолын қорапшаға салып,кез келген затты сипаттау арқылы оның не екенін табуды ұсынады.

№10

Тақырыбы: «Хайуанаттар паркі»

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту.

Барысы: Балалардың әрқайсысына 10 қима қағаздан беріп,аю мен жылқының суреті салынған қима қағазды бөліп алуын тапсыру.

№11

Тақырыбы: «Топтастыру»

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту. Өздерінің киімдері мен ыдыстарын ажырата білуге үйрету.

Барысы: Балалар өздерінің киімдері мен ыдыстарының суреттерін топтастырып қоюы керек.

№12

Тақырыбы: «Жеміс-жидек»

Мақсаты: Балаларға жемістердің аттарын ажырата

білуге үйрету.

Барысы: Балаларға жемістердің суреттері беріледі, әр бала оның атын атап түсін ажыратады.

№13


Тақырыбы: «Кім жоқ?»

Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін арттыру.

Барысы: Балалармен отбасы жайлы әңгіме жүргізіледі.Балалардың отбасы мүшесінің бір суретін алып тастап,оның кім екенін табу.