Файл: марат оспанов атындаы батыс азастан медицина университеті коммерциялы емес акционерлік Оамы психология кафедрасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.04.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

ПСИХОЛОГИЯ Кафедрасы

Академиялық кеңес шешімімен

бектілді

№______ хаттама

«____»________20____ж.

СИЛЛАБУС

Білім беру бағдарламасы: 6В10102 - «Жалпы медицина»

Курсы: 1

Пән атауы: Психология

Пәннің коды: Psi 1106

Кредит саны: 1

Құрастырушы:

Доцент, PhD ______________ Книсарина М.М.

Аға оқытушы, п.ғ.м._____________Жұмалиева Г.С.
Кафедра мәжілісінде талқыланды

№__ хаттама «____» ___________20___ж.

Кафедра жетекшісі: м.ғ.к. ____________ Миралеева А.И.
«Жалпы медицина» ББ бойынша АК келісілген

№ ____хаттама «___» _________20___ж.

Төраға, м.ғ.к. _______________ Сахипова Г.Ж.
АЖД-мен келісілген

№ ____хаттама «___» _________20___ж.

Жетекші, PhD__________________ Алекенова Н.У.


Ақтөбе, 2022
Оқытушылар туралы ақпарат

Бекешова Гүлмира Өтеғалиқызы – дәрігер, психолог, аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі, жалпы стажы – 42 жыл, соның ішінде оқытушылық стажы – 22 жыл, психология, коммуникативті дағдылар, педагогикалық білім негіздері, медициналық және клиникалық психология пәндерінен қазақ және орыс тілдерінде дәрістер және практикалық сабақтар өткізеді.

Ғылыми ізденістері: әлеуметтік психология, психотерапия.

Книсарина Малика Мақсатқызы – психология және педагогика магистрі, PhD докторанты, психолог, аға оқытушы, педагогикалық стажы 13 жыл, педагогикалық білім негіздері, медициналық және клиникалық психология, биоэтика пәндерінен қазақ және орыс тілдерінде дәрістер және практикалық сабақтар өткізеді. «Үздік жоғары оқу орны оқытушысы-2021» атағының иегері. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті қаржыландыратын 2 ғылыми жобаның жетекшісі. Ғылыми қызығушылықтары: білім берудің психологиялық-педагогикалық мәселелері, білім беру саласындағы менеджмент, студенттердің тұлғалық дамуы.

Неталина Гүлнұр Қарымсаққызы – психолог, оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушылық стажы– 15 жыл, қазақ тілінде психология пәнінен практикалық сабақтар өткізеді. Ғылыми ізденістері: практикалық психология (психокоррекция, психоконсультация, психопрофилактика, психодиагностика).

Жұмалиева Гүлмира Сайынқызы – психолог, аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушылық стажы – 14 жыл, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде психология пәнінен дәрістер және практикалық сабақтар өткізеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті қаржыландыратын 2 ғылыми жобаның ғылыми қызметкері. Ғылыми ізденістері: білім беру саласындағы психологиялық мәселелер, университет студенттерінің бейімделу кезеңінің ерекшеліктерін зерттеу.


Дуйсеноваа Айнаш Алдабергеновна – психолог, оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушылық стажы – 9 жыл, қазақ және орыс тілдерінде психология пәнінен практикалық сабақтар өткізеді. Ғылыми ізденістері: оқытудың инновациялық технологиялары, студенттердің корпоративтік мәдениетінің негізгі мәселелері, оқыту мәселелері.
Байланыс ақпараты:

Сабақтар кестеге сәйкес Маресьев көшесі 68 орналасқан Марат Оспанов атындағы БҚМУ ғимаратының басты корпусының 4 қабатында 416, 417,422 оқу аудиторияларында өтеді.

e.mail: kafedra.ogd@mail.ru
Пән саясаты: кафедраның жалпы талаптары – білім алушы университет Жарғысы мен ережелерін сақтап, сыртқы киімі мен келбеті лайықты кейіпте болғаны жөн, сабаққа кешікпеуі, қоғамдық-этикалық нормаларды сақтай білуі, оқу құралдарының болуы керек.

Жұмыс бөлімдерін орындамаған кездегі айыптау шаралары: жіберген сабақтарын өтеуге рұқсат қағазының болуы, аптасына екі рет сабаққа қатыспағандығы туралы баяндау хаттар жіберу (ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес).
Пәннің саясатына қойылатын жалпылама талаптар мына бөлімдерді қамтиды:

Білім алушыларға қойылатын талаптар:

- Практикалық сабақтарға және ОБӨЖ-ға қатысу міндетті болып табылады.

- Киім нысаны: медициналық халат, қалпақ, маска, ауыстырылатын аяқ киім.

- Санитарлық кітапшалардың болуы.

- Еңбек тәртібін сақтау: сабаққа кешікпеу, сабақ кезінде сөйлеспеу және алаңдамау.

- Кафедрада оқитын студенттер оқытуда жоғарыда көрсетілген нормаларды қатаң сақтауға, әріптестермен, педагогтармен қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ ЖОО-ның оқу пәнінің талаптарын қатаң сақтауға міндетті.

- Сабақты өткізіп жібергені үшін мынадай айыппұл санкциялары белгіленеді.

Өткізіп алған жағдайда "Nb" ("0" балл) қойылады.

Жұмыс бөлімдерін орындамаған кездегі айыптау шаралары: жіберген сабақтарын өтеуге рұқсат қағазының болуы, аптасына екі рет сабаққа қатыспағандығы туралы баяндау хаттар жіберу (ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес).

Өткізілген сабақтарды білім алушылар ағымдағы аралық бақылау басталғанға дейін өтеуі тиіс. Аралық бақылауды тапсырғаннан кейін пысықтаулар қабылданбайды.

2-ден астам сабақты өткізіп алған білім алушыларға кафедра деканатқа қызметтік жазбаны уақтылы ресімдейді. Бұл жағдайда білім алушы деканаттың рұқсатымен ғана өткізіп алған сабақтарды өтеуге жіберіледі.


Ерекше жағдайларда (ғылыми конференцияларға, конкурстарға, олимпиадаларға, қоғамдық саяси іс-шараларға қатысу) ректор, деканнаттың бұйрығы негізінде білім алушы ағымдағы бақылаудың орташа балы сақтала отырып (сабақ өтеусіз) сабақтан босатылады.

Барлық талаптар Университеттің Академиялық саясатына, Білім алушылардың Ар-намыс Кодексіне, Академиялық адалдық кодексіне, Университет Жарғысына қатаң сәйкестендірілуі тиіс.

1. Кіріспе

Психология дамуы негізінде адамның жалпы тыныс-тіршілігіне, қоғамда адамның адамның дамып жетілуіне, айналадағылармен қарым-қатынас жасауына деген қызығушылықтың арта түсуі жатыр. Психология қоғам дамуының гуманистік бағытын қамтамасыз етіп адамдардың гуманды менталитетін қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Адам әрекетінің көптеген түрлерінде, медицинада, педагогикада, өндірісте жақты жетілуде психологиядан хабардар болмауы қолайсыз.
2. Пәннің мақсаты: психикалық әрекеттің механизмдері мен психика онтогенездегі дамуының маңызды заңдылықтар негізінде компетентті тұлғаны қалыптастыру, тұлғамен психогигеналық қатынастармен тиімді қарым-қатынас құру дағдыларын дамыту, сондай-ақ «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасында айқындалған қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін шешу жағдайында студенттердің әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру.
3. Оқытудың соңғы нәтижелері

Қалыптастырылатын құзыреттіліктер

(Дублин дескрипторлары)*

Пән бойынша соңғы нәтижелер

Білімі және түсінігі

Психология қалыптасып жатқан ғылымның барлық салаларындағы пәндік білімдерді (ұғымдарды, идеяларды, теорияларды) түсіндіру және интерпретациялау.

Психология ғылым ретінде, психологияның даму кезеңдері, ғылыми бағыттары мен салалары туралы жалпы түсінікке ие болу.

Психологияның негізгі зерттеу әдістерін атау.

Психикалық процестерді, күйлер мен қасиеттерді анықтау.

Білімі мен түсінігін қолдана білуі


Әлеуметтік-гуманитарлық типтегі белгілі бір ғылым тұрғысынан қоғамдағы қатынастардың нақты жағдайын бағалау, ықтимал тәуекелдерді ескере отырып, оның даму болашағын жобалау.

Қоғамдағы, соның ішінде кәсіби қоғамдағы жанжалды жағдайларды шешуге арналған бағдарламаларды әзірлеу.

Темперамент пен мінез типологиясы бойынша тұлғаның психологиялық сипаттамасын беру.

Өзінің психикалық, эмоционалдық және ерікті күйіңізді түсіндіру.

Психикалық өзін-өзі реттеудің қарапайым әдістерін меңгеру.

Өзіндік пікірлерін қалыптастыруы

Психологияның ғылыми салаларының теориялары мен идеяларының мазмұнына сүйене отырып, әлеуметтік коммуникацияның әртүрлі салаларындағы жағдайлардың сипатын түсіндіру.

Өзінің бақылауын талдау және диагностикалық зерттеу нәтижелері негізінде адамның психологиялық жағдайын, қасиеттерін және мінез-құлқын бағалау.

Психологиялық құбылысты немесе тұлғаны зерттеуде диагностикалық және проекциялық әдістерді таңдауды дәлелдеу.

Коммуникативті қабілеттіліктері


Әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дұрыс айтып, орынды қорғау.

Рөлдік ойындар мен тренингтерде тәртіпті меңгеру барысында басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту.

Оқыту дағдылары және оқуға деген қабілеттері

Қарым-қатынастың әртүрлі салаларында ғылыми-зерттеу жобалық қызметін жүзеге асыру, әлеуметтік құнды білімдерді қалыптастыру және оны ұсыну.

Психологиялық әдебиеттермен, кәсіби іс-әрекетіне жақын тақырыптар бойынша нақты психологиялық зерттеулердің материалдарымен өз бетімен жұмыс істей білу.



4. Пререквизиттер: биология

Постреквизиттер: биоэтика
5. Сабақ жоспары

Пән

Кредиттер саны

Сағаттар саны

Оның ішінде

Бақылау түрі

ДС

БӨЖ

ОБӨЖ

Психология

1

30

5/5

15

5

Межелік бақылау –ауызша

Аралық бақылау – жазбаша (moodle)


6. Сабақтардың тақырыптық жоспары

Дәрістердің тақырыптық жоспары № 1 үлгі






Дәрістер тақырыптары

Сағаттар саны

1

Психология ғылым ретінде. Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі психологияның міндеттері мен орны.

1

2

Таным үрдістерінің психологиясы. Эмоциялар және эмоционалды интеллект. Адамның еркі және өзін-өзі реттеу психологиясы.

1

3

Тұлға психологиясы және оның адам туралы ғылымдар жүйесіндегі рөлі. Тұлғаның даралық-типологиялық қасиеттері

1

4

Үйлесімді тұлға дамуының факторы ретінде тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы. Жеке тұлға мен топтың қарым-қатынасы.

1

5

Әлеуметтік-психологиялық конфликт түсінігі және құрылымы. Қақтығыстағы тұлғаның мінез-құлық үлгілері

1

Барлығы

5

Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары

№ 2 үлгі



Сабақ тақырыбы және тақырыптың негізгі сұрақтары

Сағат саны

1

Заманауи тұлғаны қалыптастырудағы және қоғамдық сананы жаңғыртудағы психология мен психологиялық білімнің маңызы.

  1. Психология ғылымының даму тарихы, зерттеу объектісі мен міндеттері, психологиядағы ғылыми бағыттар

  2. Психологияның зерттеу әдістері

  3. Психология ғылымының салалары мен тармақтары

  4. Психология тиімді өмірге ықпал ететін ғылым және тәжірибе ретінде (бизнестегі, спорттағы, денсаулық сақтаудағы, жарнамадағы психология)

1

2

Сана концепциясы. Мотивация және өзін-өзі ынталандыру. Еңбек әрекетінің мотивациясы

  1. Сана құрылымы мен қызметтері

  2. Жеке тұлғаның санасының нәтижесінде мотивациялық сфераның жалпы ұйымдастырылуы

  3. Мотивтер мен қажеттіліктер. Мотивация және өзін-өзі ынталандыру

  4. Мотивтердің түрлері. Жетекші мотив

1



3

Танымдық психикалық процесстер: түйсік, қабылдау, ес, ойлау және сөйлеу. Эмоция түсінігі және эмпатияға қабілеттілігі. Адам ерік-жігері

  1. Түйсік, қабылдау, ес, ойлау және сөйлеу түсініктері менклассификациясы

  2. Эмоцияларды түсіну және эмпатияға қабілеттілік. Эмоцияларды реттеудің әдістері мен механизмдері: эмоцияларды түсіну және эмоцияларды басу

  3. Эмоциялық интеллект анықтамасы. Эмоционалды интеллект диагностикасы және дамуы

  4. Психологиядағы ерік ұғымы. Ерік әрекетінің құрылымы. Шешім қабылдау және таңдау мәселесі

1


4

Тұлғаның жеке-типологиялық құрылымы. Құндылықтар, қызығушылықтар, нормалар – тұлғаның рухани негізі рентінде. Өмір мәні мен кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы

  1. Темперамент, мінез және қабілеттер. Жүйке жүйе қасиеттері темперамент негізі ретінде. Темперамент типтері: холерик, сангвиник, флегматик және меланхолик. Мінез акцентуациясы және тәрбие. "Ұлттық мінез" ұғымы. Тұлғаның нышандары мен қабілеттері.

  2. Мен – концепция. Тұлғаның құндылықтары. Мінез-құлық және құрылымдар. Тұлғаның адамгершілік негіздері. Тұлғаның рухани әлеуметтенуі.

  3. Кәсіби өсудегі кедергілер, олардың алдын алу және жеңу жолдары. Кәсіби сәйкестік дағдарысы және күйіп қалу синдромы

  4. Тұлға денсаулығы психологиясы. Жағымсыз эмоциялар және денсаулық

1



5

Тұлғааралық қарым-қатынас үйлесімді тұлғаны дамыту факторы ретінде

  1. Жеке тұлға мен топтың қарым-қатынасы

  2. Қарым-қатынастың перцептивті, интерактивті, коммуникативті аспектілері

  3. Әлеуметтік-психологиялық конфликт түсінігі және құрылымы, түрлері, қызметтері, кезеңдері

  4. Тиімді қарым-қатынас техникасы мен тәсілдері

1





Барлығы

5



Білім алушылардың өзіндік жұмыстарының (БӨЖ) және Оқытушы басшылығымен білім алушының өзіндік жұмыстарының (ОБӨЖ) тақырыптық жоспары*

№3 үлгі



БӨЖ, ОБӨЖ тақырыбы мен тақырыптың негізгі сұрақтары

Сағат саны

1

ОБӨЖ. Тұлғаның мотивациялық профилі

  1. Табысқа жету немесе сәтсіздікке жол бермеу үшін мотивация

  2. Мотивацияны зерттеу әдістері

  3. Жеке тұлғаның мотивациялық сферасының бұзылуына байланысты еңбек тиімділігінің төмендеуі


БӨЖ. Менің өмірімдегі және мамандығымдағы психология

«Менің өмірімдегі және мамандығымдағы психология» эссе жазу.

1
1

2

ОБӨЖ. Ерік және тұлға. Тұлғаның өзін-өзі реттеу психологиясы (стресті басқару)

  1. Ерік және тұлға. Саналы өзін-өзі бақылау

  2. Стресс туралы түсінік. Стресс түрлері. Стресстің даму кезеңдері. стресс белгілері

  3. Стресске жауап берудің жеке дара стильдері. Стресске төзімділік туралы түсінік


БӨЖ. Қызметкерлерді ынталандыру

«Ұйым қызметкерлерінің мотивациясын арттыру» жағдайын әзірлеу.

1

1

3

ОБӨЖ. Өмірдің мәні, өмірлік мақсаттары мен бағдарламалары. Психика мен дененің байланысы және өзара әсері. Адамдардың өміріндегі құндылықтар.

  1. Құндылықтар жеке тұлғаның маңызды психологиялық ресурсы ретінде. Жеке құндылықтар

  2. Қызығушылық әлеуметтік белсенділіктің жетекші мотиві ретінде

  3. Қазақстан дамуының қазіргі кезеңіндегі кәсіби маманның сенімдері мен бағдарлары: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, сананың ашықтығы, ұлттық бірегейлік.

  4. Аурулардың пайда болуының және денсаулықты нығайтудың психологиялық факторлары

  5. Психоактивті заттарды қолдану және зиянды әдеттер денсаулықтың нашарлауының факторы ретінде


Аралық бақылау № 1

БӨЖ. Жеке тұлғаның эмоционалдық интеллектін дамыту

Эмоционалды интеллекті дамытуға арналған бағдарлама жасаңыз

1

1

4

ОБӨЖ. Тұлғааралық қарым-қатынас ғылыми танымның пәні ретінде. Психологиялық әсердің мәні

  1. Тұлғааралық қарым-қатынас, өзара әрекеттесу, тұлғааралық қабылдау ұғымдары. Тұлғааралық, топаралық және халықаралық қарым-қатынас ерекшеліктері. Қарым-қатынас стильдері

  2. Психологиялық әсер ету түрлері. Әсер ету механизмдері: жұқтыру, ұсыныс, еліктеу, сендіру. Тиімді сендіру факторлары

  3. Коммуникациядағы цифрлық технологиялар. Қарым-қатынастың вербалды және вербалды емес құралдары

  4. Коммуникативті рөлдердің маңызы мен қажеттілігі. Қарым-қатынастың әлеуметтік-мәдени, жас, гендерлік ерекшеліктері


БӨЖ. Маманның ерік қасиеттерін дамыту

«Маманның ерікті қасиеттерін дамыту» жағдайын құрастыру.

1


1

5

ОБӨЖ. Қақтығыстағы тұлғаның мінез-құлық үлгілері. Еңбек ұжымындағы қақтығыстарды реттеу механизмдері мен әдістері. Тиімді коммуникациялар мен маманның бәсекеге қабілеттілігі арасындағы байланыс.

  1. Жанжалдардың алдын алу технологиясы. Қақтығыс кезіндегі рационалды мінез-құлық технологиялары

  2. Қақтығыс кезіндегі мінез-құлық: ынтымақтастық, бақталастық, жалтару, шегіну, ынтымақтастық стратегиялары. Жанжалдарды шешу көп сатылы процесс ретінде

  3. Манипуляторлардың түрлері. Негізгі манипуляциялық әдістер. Манипуляция процесіндегі тұлға. Жасырын хабарлама ретінде манипуляция

  4. Тиімді қарым-қатынас шарттары. Әлеуметтік интеллект. Қарым-қатынаста имидж және өзін-өзі таныстыру. Бейнелеу технологиялары. Сыртқы келбет имидж бөлігі ретінде

  5. Белсенді тыңдау әдістері. Келіссөздер процесінің технологиялары


Аралық бақылау №2

БӨЖ. Заманауи студенттің психологиялық портреті

Заманауи студенттің психологиялық портретін жасау

1


1

6

БӨЖ. Адамдар өміріндегі рухани-адамгершілік құндылықтар

«Өмір желісі» жобасын әзірлеу

1

7

БӨЖ. Кәсіби өзін-өзі анықтаудағы жеке құндылықтар мен мағыналар

«Менің мансабым және кәсіби дамуым» эссе жазу

1

8

БӨЖ. Салауатты өмір салты жеке табыстың негізі ретінде

«Кәсіби денсаулықты сақтау» жағдайын құрастыру

1

9

БӨЖ. Көшбасшылық және басшылық

Көшбасшылық пен көшбасшылыққа салыстырмалы талдау жүргізу

1

10

БӨЖ. Мен және басқалар. Қарым-қатынас процесінде басқаларды қабылдау

«Қарым-қатынас процесінде басқаларды қабылдау» эссе жазу

1

11

БӨЖ. Психологиялық әсер етудің негізгі әдістері мен тәсілдері: көрсету, жалған ақпарат беру, қауесет тарату, қорқыту, БАҚ арқылы айла-шарғы жасау.

«Жастар арасында тәуелді мінез-құлықтың қалыптасуына әлеуметтік желілердің әсерін талдау» презентациясын дайындау.

1

12

БӨЖ. Қарым-қатынас кедергілері (кәсіби, семантикалық, ұйымдастырушылық, тұлғалық-психологиялық)

«Қарым-қатынастағы психологиялық кедергілер және оларды жеңу» кестесін жасаңыз.

1

13

БӨЖ. Қақтығыстың қатысушылары мен қозғаушы күштері, олардың қажеттіліктері, мүдделері мен мақсаттары

Толерантты мінез-құлықты дамыту бойынша психологиялық ұсыныстар әзірлеу

1

14

БӨЖ. Қақтығыс жағдайындағы мінез-құлық түрлері

Қақтығыс жағдайында мінез-құлықтың басым түрінің психологиялық өзіндік диагностикасын жүргізу

1

15

БӨЖ. Тиімді коммуникацияның шарттары

«Тиімді коммуникациялар» оқыту бағдарламасын әзірлеу

1




Барлығы: ОБӨЖ/БӨЖ

5/15