Файл: Пн Дниетану Орта мерзімді жоспар блімі Дені саудыжаны сау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.04.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Пән: Дүниетану

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

Дені саудың-жаны сау

Күні: 21.11.2022

Сынып: 2-сынып

Мектеп: №8 жалпы орта білім беретін мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Дүйсенбаева Айзада

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мектептегі өмір

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.6.1* ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ дыбыстарын артикуляциялау

2.3.1.1 шағын мәтінді түсініп, мәнерлеп (дауыс ырғағын дұрыс қойып), рөлге бөліп оқу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: дені сау болу үшін үйде және мектепте дұрыс тамақтану ережелерін қарастырады.

Көптеген оқушылар: гигиена «Өзім туралы», «Менің мектебім» және «Бізді қоршаған әлем» тарауын толықтырады.

Кейбір оқушылар: дұрыс тамақтану және салауатты өмірдің маңызды екендігін талқылай алады.

Бағалау критерийлері

  • дені сау болу үшін үйде және мектепте дұрыс тамақтану ережелерін қарастырады.

  • гигиена «Өзім туралы», «Менің мектебім» және «Бізді қоршаған әлем» тарауын толықтырады.

  • дұрыс тамақтану және салауатты өмірдің маңызды екендігін талқылай алады.

Тілді оқыту мақсаты

• дұрыс тамақтану;

• жаттығулар жасау;

• дені сау, сымбатты, күшті болу;

• диета, ауру, көміртектер, жемістер мен көкөністер;

• сүт өнімдері: сүт, ірімшік, май, йогурт, айран;

• жол қозғалысы қауіпсіздігі және жол белгілері;

• жолдан қауіпсіз кесіп өту ережелерін сақтауға және үйдегі және қоршаған ортадағы қауіптен аулақ болуға үйрену.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Еңбекқорлық туралы көркемеңбек және әдебиеттік оқу пәнінен алған білімдерін қолданады.

АКТ қолдану дағдылары




Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

Қауіпсіздікке, тәртіпке, жаттығуларды орындауға, дұрыс тамақтануға қатысты мектепте және үйде күшті әрі дені сау болуы үшін не қажет екендігін біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа топ құру

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Гүлмен тілек»

(сергіту және топқа біріктіру) Тыңдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, жағымды ахуал қалыптастыру.

Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады. Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі.

1-топ «Сары гүлдер»

2-топ «Көк гүлдер»

3-топ «Қызыл гүлдер»

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

«Барлық оқушылармен жұмыс»

Бұл жұмыс түрі бүкіл сынып оқушыларының бір мезгілде жұмысқа жұмылдырылуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың барлық сұрақтарына мұғалім жұмыстың алдында жауап беруі тиіс, бұл оқушыларды да, мұғалімді де алаңдатпайды.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау



«Гүлмен тілек» сергіту жаттығуы.


Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Барлық оқушыларға арналған сұрақтар

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы.

«Баяндама»

Мұғалім оқушыларға мәтінді оқуға, соңынан оның мазмұнын сурет, сызба түрінде беруді ұсынады. Бұл «шпаргалканы» оқушы оң жағындағы көршісіне береді.Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін не сызбаларын қолдана отырып, осы мәтін бойынша «баяндама» жасайды. «Баяндама» мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы өрнекті ұсынған оқушы жеңімпаз болады.

(Ұ) «Қазақстан барсы» мульфильм тамашалау және талқылау.

Барыстың жеңіске жетуіне қандай қасиеттері ықпал етті деп ойлайсыңдар?

(Ж,Т) Өз денсаулығыңды жақсарту үшін қандай жаттығулар орындайсың? Күнделікті жаттығу орындауға қанша уақыт бөлесің? Қандай спорт үйірмесіне қатысасың немесе қатысқың келеді? Неліктен бұл спорт түрін таңдадың?

Қай спортшыларға ұқсағың келеді?

(Т) Әр топқа спорт және спортшылар туралы жазылған газет, журналдар, суреттер таратып беріңіз. Оқушылар коллаж жасасын және өз жұмыстарына ат қойсын, сонымен бірге спорт тақырыбына жазылған әр түрлі цитаталармен, мақал-мәтелдермен және суреттермен толықтырсын. Мағынасын сынып алдында түсіндіреді.

Дескриптор:

  • дені сау болу үшін үйде және мектепте дұрыс тамақтану ережелерін қарастырады.

  • гигиена «Өзім туралы», «Менің мектебім» және «Бізді қоршаған әлем» тарауын толықтырады.

дұрыс тамақтану және салауатты өмірдің маңызды екендігін талқылай алады.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

(ОТ) Оқушыларға шағын зерттеу жүргізуге уақыт беріңіз. Оқушылар сыныптастарының спорттың қай түрімен айналысатынын сұрап, мәліметті өзіне белгілеп алады. Оқушылар зерттеу нәтижесін шығарады, олар ер балалар арасында спорттың қандай түрлері кең таралғандығын, сол сияқты қыздар арасында қайсысы басым екендігі туралы нәтижені хабарлайды. Жұмыс нәтижесін диаграмма түрінде көрсете алады.


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Белсенді оқу тапсырмаларына арналған сұрақтар.

Сергіту сәті

2мин

Сергіту сәті. Мен қазақпын.




Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

АЛТЫН БАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН АКВАРИУМ

Жалпы сипаттама

Идеяларды команда болып ұсынуға, логикалық, сараптамалық сұрақтарды дамытуға, пікір алмасуға мүмкіндік береді.

Сыныпты жоспарлау

Т опқа арналған орындықтар ортада, сыныптың қалған бөлігі тыңдаушылар ретінде отырады.

Жұмыс алгоритмі

Бір топтың барлық сынып алдында өз пікірін білдіргені болмаса, қалған жағдайда

«Ыстық орындық» әдісі сияқты. Олар алтын балыққа арналған аквариумда «отырады», басқалары оларға сұрақ қойып, түсініктеме беруді талап ете алады және т.б.

(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Оқушылар «Тазалық» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты.





Оқулықтағы қосымша тапсырмалар.


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

«Тазалық» кері байланыс парағы