Файл: ыса мерзімді жоспары Блім 3 блім Робототехника. Жоба орта таырыптары нер, Крнекті тлалар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.04.2024
Просмотров: 5
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспары | ||||
Бөлім | 3 бөлім - Робототехника. Жоба (ортақ тақырыптары: «Өнер», «Көрнекті тұлғалар») | |||
Педагогтың аты-жөні | Абдрахманова А.Н. | |||
Күні | | |||
Сынып: 3 | Қатысушылар саны | | Қатыспағандар саны | |
Сабақтың тақырыбы: | Мәтіндегі иллюстрациялар | |||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 3.3.1.1 ақпарат іздеуді іске асыру (құжаттағы мәтін үзіндісі); 3.2.1.5. суреттерді мәтінге енгізіп, реттеу | |||
Сабақтың мақсаты: | Мәтіндік редакторда суреттерді енгізу мен реттеуді үйренеді. |
Тексерілді____________________
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 3 мин 10мин | 1.Оқушылармен амандасу. 2.Психологиялық ахуал «Сабақты біз бастаймыз..............» 3.Өткен сабақты пысықтау. «Жеміс ағашы»-әдісі ҚБ фигура 5.Топқа бөліну (сурет қиындылары арқылы) 6.Мағынаны ашу (оқушылар құрастырған суреттерін тақтаға іледі) 5.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру | 1.Мұғаліммен амандасады. 2.Оқушылар «Сабақты біз бастаймыз.........»жалғастырып айтады. 3.Гүлдердің артындағы сұраққа жауап беріп,гүлдерді ағашқа жапсырады | Фигура | Гүлдер Суреті Менің атым – Бауырсақ, Қызарып пістім – көңлім шат. Қамбаның түбін қырнаған, Елеуішпен елеген. Қаймақпенен илеген, Күйдірмей майға пісірген. Атайдан да құтылдым, Әжейден де сытылдым, Қоян сенен құтылу, Қиын емес – бұл маған! |
Сабақтың ортасы 5 мин 10 мин 3 мин 2 мин 7 мин | Жаңа сабақ «Мәлімет жинау » әдісі Видео көрсете отырып жаңа сабақты түсіндіру. Сұрақ қоя отырып жаңа тақырыпты меңгерту Дәптермен жұмыс 1-тапсырма (топтық жұмыс) «Карусель» әдісі «Мақта қыз ертегісінің» мәтіні 3 бөлікке бөлініп топтарға беріледі.Оқушылар мәтінге сәйкес суреттерді кірістіреді. Дескриптор: -сәйкес суреттерді кірістіреді ҚБ фигура 2-тапсырма «Сәйкестендір» «Wordwall» қосымшасы арқылы Дискриптор: - 1- суретті анықтайды - 2 -суретті анықтайды - 3 -суретті анықтайды - 4-суретті анықтайды - 5 -суретті анықтайды ҚБ .фигура Сергіту сәті «Бірігу »ойыны 3- тапсырма Практикалық жұмыс(жеке жұмыс) Мәтінге иллюстрация енгіз.Суретерге түрлі стильдерді қолдан. Дискриптор: -1- суретті мәтінге кірістіреді -1 –суреттің стилін өзгертеді -2 -суретті мәтінге кірістіреді -2-суреттің стилін өзгертеді -3 -суретті мәтінге кірістіреді -3- суреттің стилін өзгертеді ҚБ: «фигура» Оқушылар жинаған фигураларын санайды,сол бойынша белсенді топ анықталады және оқушылар бағаланады. | Бейнебаян көреді Сұраққа жауап береді Анықтаманы дәптерге жазады. 1-тапсырманы орындайды 2-тапсырманы орындайды Ойын ойнайды Практикалық тапсырманы орындайды | | Интербелсенді тақта/ Оқулық А3 Маркер Тапратпа қағаздар https://wordwall.net/ru/resource/38140912 таратпа материалдар Компьютер |
Сабақтың соңы 3мин 2мин | .Қорытынды Иллюстрация дегеніміз не? Мәтінде иллюстрация не үшін қолданылады? Кері байланыс: «Ашығын айтсам» әдісі Менің сабақ барысында түйгенім............ Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады........... Келесі сабақта мен мына жайыттарды білгім келеді............................................... Рефлексия «Жетістік баспалдағы» | Сұраққа жауап береді Оқушылар өз ойларын жазады. стикерге аттарын жазып баспалдаққа жабыстырады | | Таратпа қағаз слайд |
Үй тапсырмасы | 76 бет «Үйде орындайық» тапсырмасы | | | |
«Қарлығаш пен дәуіт ертегісі»
Қарлығаш жардың қуысына ұя салып, балапан шығарыпты. Анасы азық әкелуге кеткенде, балапандары шыдамсыздана күтумен болады екен..
Бір күні қарлығаштың ұясына жылан өрмелеп бара жатады. Мұны көрген қарлығаш шыр-шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді. Ұшып көкекке барады.
Қарлығаш: «Көкек, маған көмек бере гөр, балапандарымды жылан жейін деп жатыр!» – дейді.
- Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ, – дейді көкек.
Қарлығаш ұшып қарғаға келеді. – Қарғажан, маған көмек бере гөр. Балапандарымды жылан жегелі жатыр, – дейді жылап тұрып.- Қарға қарлығашқа бұрылып қарамастан: Мен үйленейін деп жатырмын, мазамды алма! – дейді маңғазданып.
Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап ұшып келеді. Қарлығашқа дәуіт .- Улы жылан балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп барады. -Олай болса, мені тезірек жеткіз, -дейді дәуіт. Қарлығаш қанатын тосады. Қарлығаш пен дәуіт көзді ашып-жұмғанша ұяға жетед
Дәуіт ұяға жетіп қалған жыланға тап береді. Жылан сылқ етіп жерге құлап түседі.
Дәуіттің ерлігіне сүйсінген қарлығаш онымен айнымас дос болады.
Содан бері талай заман өтсе де, қарлығаш пен дәуіт бір ұяда тұрып, бірге өмір сүретін болған екен.
Мақта қыз бен мысық дос болып жүреді. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да мысықты шақырады. Мысық, келмейді. Қыз:
— Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң, мысық келіп:
— Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық:
— Ендеше қатығыңды төгем! – дейді.
Мақта қыз:
— Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді.
Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық:
— Апа, апа, құйрығымды берші! – дейді.
Мақта қыз:
— Менің қатығымды төле! – дейді. Мысық сиырға барады.
— Сиыр, маған қатық берші! – дейді.
Сиыр:
— Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – дейді.
Мысық ағашқа барып:
— Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді.
Ағаш:
— Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, – дейді. Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді.
— Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! – дейді.
Қыздар оған:
— Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, – дейді. Мысық дүкенге барады.
— Әй, дүкенші, маған сағыз берші! – дейді.
Дүкенші:
— Маған жұмыртқа бер, – дейді. Мысық тауыққа барады.
— Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді.
Тауықтар:
— Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, – дейді.
Мысық: «Енді не қыламын?» – деп, бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады.
— Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? – дейді.
Тышқан қорыққанынан:
— Үйімде бір табақ тарым бар, – дейді.
Мысық:
— Маған бір уыс тары бер, – дейді.
Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш жапырағын береді; жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.
А-деңгейі
1.WordPad редакторын аш
2.Жұмыс үстеліндегі қыс суретін кірістір
3.Суретке байланысты мәтін жаз
4.Құжатты сақта
В-деңгейі
1.WordPad редакторын аш
2.Paint графикалық редакторында пішіндердің суретін салып,мәтіндік редакторға қой
3.пішіннің аттарын жаз.
4.Құжатқа атау беріп сақта
А-деңгейі
1.WordPad редакторын аш
2.Жұмыс үстеліндегі қыс суретін кірістір
3.Суретке байланысты мәтін жаз
4.Құжатты сақта
В-деңгейі
1.WordPad редакторын аш
2.Paint графикалық редакторында пішіндердің суретін салып,мәтіндік редакторға қой
3.пішіннің аттарын жаз.
4.Құжатқа атау беріп сақта