Файл: Н. Сарыбековты Табиат тіршілік тірегі ебегінен зінді.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.04.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Н.Сарыбековтың «Табиғат -тіршілік тірегі еңбегінен» үзінді

Профессор  Н.Сарыбеков  экология  түсінігіне  қарсы  болған  жоқ.  Оны -  табиғат қорғаудың  теориялық,  ғылыми  негізі  деп  есептеді.  Тек  оның  жетістіктерін  пайдаланып, қоршаған  орта  байлықтарын  жан  сала  қорғауды  ұсынды.  Ол  үшін  табиғатты  қорғаудың негізгі заңдарын жасап шығарды: 

1.Табиғаттың тазалығы; 

2.Табиғаттың мол қазыналығы; 

3.Табиғаттың көркемдігі. 

Табиғатты  адам  баласы  ар  заңымен,  намыс  заңымен,  адамгершілік  заңымен  қорғауға тиіс  екендіктерін  міндеттеді.  Академик  Нұрғали  Сарыбековтың  пікірінше,  аталған  осы заңдарды  адам  баласы  орындамайтын  болса,  онда  табиғат  олардың  қажетін  толық  өтей алмайды.  Бұл  үш  қасиеттен  айырылған  табиғат  адам  баласына  өмірдің  орнына  өлім, денсаулықтың  орныны  –  жазылмас  ауру,  байлықтың  орнына  –  жоқшылық,  рахат  көңіл-күйдің  орнына   азап,  сор  әкеледі.  Демек,  адамды  табиғаттың  жауы  емес,  досы  етіп тәрбиелеп, табиғатты аялау, қорғау жұмыстарына жұмылдыру қажет .Ғылыми  жұртшылық  профессор  Н.Сарыбековты  педагогика  ғылымында  экологиялық білім  мен  тәрбие  берудің  негізін  салушы  деп  атайды.  Ол  кісінің  10  кітабы,    340  ғылыми мақалалары жарық көрді. Алғашқы «Табиғат   тіршілік тірегі» /Қайнар баспасы,  Алматы  1974  жыл/  мен «Туған ӛлкеңді сүйе де, оның табиғатын қорғайда біл» кітаптарында /Білім 

баспасы, Алматы - 1974 жыл/  еліміздегі табиғатты қорғау ісінің жағдайларына талдау жасап келіп,  еңбекшілердің  өздері  тұратын  жерлері  бойынша  бұл  маңызды  іске  қатысуларын көрсете  келіп,  оларды  тірі  табиғатқа  деген  сүйіспеншілікке  тәрбиелеу  қажеттігіне, жүргізілетін шаралардың мақсатқа сай келетініне айрықша тоқталып өткен.  Профессор  «өз  өлкеңді,  Отаңынды,  дүние  жүзін  сүю,  олардың  табиғатын  кәріжас демей бір адамдай қорғау, байлығын тиімді пайдалану, табиғатты қорғаудың қажеттігін елге жеткізу  және  бұл  мәселеде  жоспарлы,  тиянақты  еңбек  ету,  келешек  өмірдің  қожалары  – жастарды қоршаған ортаның саналы қамқоршысы етіп  қалыптастыру», деп келе табиғаттың ғылыми, тәрбиелік, эстетикалық мәндеріне сипаттама беріп өткен. Табиғатты қорғаудың бес себептеріне  тоқталып,  оны  мектепке  дейінгі  мекемелерде,  мектепте  оқытылатын  пәндердің 


мазмұнында,  арнаулы  орта  және  жоғары  оқу  орындарында  оқытуда,  үгіт-насихат жұмыстарының пәрменділігін арттыруда жүзеге асыруға болатынын айтып өткен.  Ұстаздың  шәкірттері  Қазақстанның  және  ТМД  мемлекеттерінің  түкпір түкпірлеріндеәртүрлі  салада  еңбек  етіп  жүр.  Ол  кісінің  жетекшілігімен  11  шәкірті  ғылым  кандидаты атанды  және олардың ғылыми еңбектерінің саны 100-ден асады.  КПСС ХХ І съезінің тарихи шешімдерінде табиғат қорғау мәселелеріне ерекше мән берген. Адам алғаш пайда болған геологиялық дәуірден бастап ,оларды табиғат байлығы қоршаған .Ол дәуір өтіп,халықтардың мәдениеті дами бастап ,олар орманды қырқып ,жабайы аңдарды қыра бастаған .Алайда олар бұл әрекеттерімен өздерінің табиғатқа қаншалықты зиян келтіріп жатқандарын білмеді .Себебі табиғат қоры ол кезде адам қажетіне керек мөлшерден тым көп болған . Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше көңіл бөлуді талап етеді .Жер шарындағы халық санының жедел өсуі табиғи ресурстар қорын пайдалану көлемін арттыруда .Соңғы уақытта адамның өңдірістік қызметнің әсерінен тірі ағзалардың тіршілік ортас ыластанып,қауіпті жағдайлар тудырып отыр.Адамзаттың болашағы өзекті мәселелердің шұғыл шешімін қажет етеді . Табиғи тепе-теңдік бұзылса,биосфераға қауіпті ,қоршаған орта ластанады ,түрлердің жойылуына әкеледі .Сондықтан да табиғат заңдарын танып-білу нәтижесінде оның байлықтарын ұтымды пайдалану ,Жер табиғатын аялау әрбір азаматтың экологиялық сауаттылығын талап етеді.Н.Сарыбековтың «Табиғат- тіршілік тірегі» еңбегінде мына тақырыптар қарастырылған ;

Пайдалы қазбаларды қорғау

Ауаны қорғау

Топырақ пен жайылымдарды қорғау

Орманды қорғау

Аңдар мен құстарды қорғау

Су қорлар мен балықты қорғау

Насекомдарды қорғау

Глоссарий

Экология – қоршаған орта мен тірі табиғат арасындағы байланысты зерттейтін ғылым» түсінігін, яғни экологиялық сананы қалыптастыру.