Файл: Реферат Сайттарда, мобильді рылылара арналан осымшаларда контентті беру тсілін талдау. Тексерген.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Ну

Реферат

Сайттарда, мобильді құрылғыларға арналған қосымшаларда контентті беру тәсілін талдау.

Тексерген:Саурабаева А.

Орындаған: Цифрлық медианы басқару - 21тобының студенті Амирханов Жангирхан

Астана қаласы, 2023

Қазіргі уақыт ақпараттық-технологиялардың қарқынды дамыған уақыты. Біз қазіргі өмірімізді сол ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Бүгінгі заманды ақпараттық, ақпараттандыру заманы десек артық айтпаспыз.  Бұл жағдай ақпараттық  революцияның екпінді дамуы нәтижесі.

Мобильді қосымша бүгінгі таңда адамға көптеген мүмкіндік береді. Бірі ғаламтор арқылы қаржыны басқарса, енді бірі салауатты өмір салтын ұстанып көмектеседі. Мобильді қосымша көмегімен жұмыстың жартысын аяқтап үлгереміз. Технология дәуірінде ақпаратқа қол жеткізу ешқашан оңай болған емес. Бірнеше рет басу арқылы біз өзімізді қызықтыратын барлық нәрсе туралы ақпаратты таба аламыз. Осы орайда БАҚ саласына қажетті инетернет сайттар мен мобильді қосымшаларды қарастырайық.

Ең танымал ақпарат көздерінің бірі-Википедия, ол кез келген адам өңдей алатын жан-жақты онлайн энциклопедия. Айына орта есеппен қазақша Уикипедияның беттері 26.83 млн рет қаралады (күніне 894 мың, сағатына 37 мың, минутына 621, секундына 10)

Сонымен, Википедия сайты мен телефон қосымшасының айырмашылығы неде?

Ф ункционалдылық

  1. Википедия веб-сайты мақалаларды өңдеу, санаттарды қарау және кеңейтілген іздеу мүмкіндіктерін пайдалану мүмкіндігін қоса алғанда, мүмкіндіктердің толық жиынтығын ұсынады. Ол сондай-ақ редакциялау тарихы туралы мәліметтерді және мақалалардың әртүрлі нұсқаларын салыстыру мүмкіндігін ұсынады.

  2. телефон қосымшасы пайдаланудың қарапайымдылығы мен ақпаратқа жылдам қол жетімділікке басымдық береді. Әдетте, ол жеңілдетілген қарау режимін, офлайн оқу опцияларын, сақталған мақалаларды және оңай шарлауды ұсынады.


П айдаланушы интерфейсі

Телефон қосымшасында әдетте мобильді құрылғыларға арналған заманауи және ыңғайлы интерфейс бар. Ол көбінесе таза, қолдануға оңай орналасуды, үлкенірек мәтін мен кескіндерді және мақалалар арасында шарлау үшін түрту арқылы келесі бөлімге өту мүмкіндігін қамтиды.

Персонализация

Мобильді қосымшаны пайдаланушыға опцияларды ұсына алады. мысалы, мақалаларды кейінірек оқу үшін сақтау немесе жаңа мақала жаңартулары туралы хабарландыру алу мүмкіндігі. Бұл мүмкіндіктер әдетте сайтта қол жетімді емес.Қорытындылай келе, Википедия сайты да, телефон қосымшасы да көптеген ақпарат ұсынады.

К елесі БАҚ саласының жұмысын бірден бір айқындап, көрсететін интернет сайт немесен мобильді қосымшасы бар GALAM TV.

2014 жылғы 2 шілдеде Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасының Телерадио хабар тарату саласы басшыларының қатысуымен Астана қ. Индустриялық форум шеңберінде «Қазтелерадио» АҚ-дан жаңа Қазақстандық интернет – телевизия «Galam TV» жобасы ресми түрде іске қосылды. Аталған жобаны іске асыру ұлттық телерадио хабар таратуды дамытудың логикалық жалғасы болды. Енді, қазақстандық телеарналар тек OTAU TV ұлттық жерсеріктік желіде және цифрлық эфирлік желіде ғана емес, сонымен қатар Интернет желісінде де ақысыз қол жетімді.Интернет-телевидение «GALAM TV»тұтынушыларға отандық және шетелдік фильмдердің кең топтамасын – кез-келген уақытта және кез-келген жерде телеарналардан SD және HD форматтарында онлайн түрінде көруді ұсынады.

Мобильді қосымшада арқылы өзінің сүйікті бағдарламасын өткізіп алғандар үшін – мұрағаттан телебағдарламаларды көруді кейінге қалдыру функциясы қарастырылған. Қызмет шетелде тұратын 5 млн. қазақ диаспорасының өкілдері, сондай-ақ біздің елімізден тыс елдерде оқитын қазақстандық студенттері пайдалануда. «Galam TV» қызметі арқылы қазақстандық 25 телеарналарды көру ақысыз.