Файл: Хаттама 3 атысандар 6 сынып ыздары (13 ыз) Кні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 47

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Хаттама №3

Қатысқандар: 6 «Ә» сынып қыздары (13 қыз)

Күні: 01.02.2023 ж

Күн тәртібінде:

  1. Қыздар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу

  2. Жеке бас гигиенасы

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сынып жетекші Әуезханова С.Е сөйледі. Жаман қылық жұқпалы аурудан да қиын, бірден – бірге ауысса, ұрпағына да кетеді. Қоғамда тәртібі нашар, төбелесқұмар, бұзық қыздар көбеюде. Ата – бабамыз «Қызға қырық үйлен тыйым» деп қыздардың абыройына нұқсан келмеуін қатты қадағалаған. Сол себепті қазақтың қызы деген атқа лайықты болып жүру керектігін, қоғамдық орындарда үлкенге – құрмет, кішіге – ізет етіп, мектеп қабырғасындағы өзінен үлкен, өзінен кіші әпке – сіңілдеріне, аға – інілеріне құрметпен қарау керек екендігін түсіндіріп өтті. Ұрлық, бұзақылықтың түбі – қорлық екенін де өз сөзінде айтып өтті.

Екінші мәселе бойынша сынып жетекші тағы да өзінің қыз балаларға деген кеңесін айтты. Қыз баласы – жаны нәзік, гүл секілді жаратылыс. Сол жаратылыс иесінің әдемі, хош иісті, ақылына көркі, көркіне тазалығы сай болуын басты назарда ұстағандары жөн екенін айтты. Ары қарай 6 «ә» сынып оқушысы , сыныптың тазалық секторы Ерғазиева Жанель «Жеке бас гигиенасы» жөнінде баяндама оқыды. Баяндамада қыз балалардың да жеке бас гигиенасын сақтау туралы ақпараттар мен жаңалықтармен бөлісті.

Шешім:

  1. Қыздардың арасында дау- жанжалдың болмауы, өзара жақсы қарым – қатынаста болуы

  2. Тазалық – денсаулық кепілі

  3. Қыздардың жеке бас гигиенасын сақтау

Сынып жетекшісі: Әуезханова С.Е

Хатшы: Ермекова Ж

Хаттама №

Қатысқандар: 6 «А» сынып қыздары ( )

Күні:

Күн тәртібінде:

  1. Қыздар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу

  2. «Әдептен озбайық» баяндама

  3. Жеке бас гигиенасы

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сынып жетекші Серік Ердос сөйледі. Жаман қылық жұқпалы аурудан да қиын, бірден – бірге ауысса, ұрпағына да кетеді. Қоғамда тәртібі нашар, төбелесқұмар, бұзық қыздар көбеюде. Ата – бабамыз «Қызға қырық үйлен тыйым» деп қыздардың абыройына нұқсан келмеуін қатты қадағалаған. Сол себепті қазақтың қызы деген атқа лайықты болып жүру керектігін, қоғамдық орындарда үлкенге – құрмет, кішіге – ізет етіп, мектеп қабырғасындағы өзінен үлкен, өзінен кіші әпке – сіңілдеріне, аға – інілеріне құрметпен қарау керек екендігін түсіндіріп өтті. Ұрлық, бұзақылықтың түбі – қорлық екенін де өз сөзінде айтып өтті.


Екінші мәселе бойынша Алтай Айерке « Әдептен озбайық» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада қыз баласының тәртібі, әдеп жөнінде ой қозғалды. Сынып қыздары да өздерінің ойларымен бөлісті.

Үшінші мәселе бойынша қыз баласының жеке гигиенасы жөнінде айтылды. Тазалық сақтау, жеке бас гигиенасын сақтау туралы ақпараттар мен жаңалықтармен бөлісті.

Шешім:

  1. Қыздардың арасында дау- жанжалдың болмауы, өзара жақсы қарым – қатынаста болуы

  2. Тазалық – денсаулық кепілі

  3. Қыздардың жеке бас гигиенасын сақтау

Сынып жетекшісі: Серік Е.М

Хатшы: Мысыр А