Файл: Мектеп директоры Молдашева Л. Т.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Бекітемін»

Мектеп директоры: Молдашева Л.Т.


«Ұлттық ойындарды насихаттау: асық ату ойыны мен ләңгі тебу ойыны»

Ережесі

Мақсаты:

1.Ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, асық ату ойыны мен ләңгі тебу ойынының ойнау жолдары мен ережелерін үйрету.

2.Дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды пайдалану.

3.Асық ату ойыны мен ләнгі тебу ойын түрлерін дамыту, үйрету.

Жарыстың өтетін орны мен уақыты

2022 жылдың 26 қараша №5 орта мектебінің спорт залында.

Ойынның басталуы сағат 10:00.

Жарыстың бағдарламасы

6-7 сыныптар ұлдар арасында өтеді. Команда құрамы 6 ұл болуы тиіс. Командалық ойын түрінде өтеді. Оқушылар спорттық киімде болуы керек. Жарыс ережелерін сақтап, қай команда мықты сол жеңіске жетеді.

Жарыс өткізу тәртібі мен басшылығы

Жарысты өткізудегі жалпы бақылауын дене шынықтыру пән мұғалімдері жүргізеді.Оқушылардың жарысқа қатысуына сынып жетекшілері жауапты.

Марапаттау

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері мектеп әкімшілігінің мақтау қағаздарымен марапатталады.