Файл: ТалдыОРан аласыны авиценна медициналы колледжі оу сабаыны жоспары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ «АВИЦЕННА» МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Оқу сабағының жоспары

(теориялық немесе өндірістік оқыту)

Философия пәні, мақсаты және қызметтері.

Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы, даму кезеңдері, қызметі мен әдістері(сабақ тақырыбы)

Модуль /пән атауы: Философия және мәдениеттану негіздері __________________

Педагог/ Өндірістік оқыту шебері: Бейсенбеков М.Б. дайындады____________

2023_ жылғы « » ____________

1.Жалпы мәліметтер

Курс, топ: ___, ___________________________________________________

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ____________________________________________

2.Мақсаты, міндеттері:_ Философия пәні, мақсаты және қызметтері.

Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы, даму кезеңдері, қызметі мен әдістері


Тілдік мақсаттар: 1. Түрлі ақпарат көздерінен мәлімет алады, тұжырым жасайды, пікір алмасады (оқылым, тыңдалым, айтылым дағдылары).

2. Деректердің мазмұнын түсінеді, тарихи интепретация жасай алады, мінездеме жазады (оқылым және жазылым дағдылары).

3. Күтілетін нәтиже: талдау, маңыздылық
4. Қажетті ресурстар; оқулықтар, ғылыми әдебиеттер, компьютер

5. Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Білім алушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру
_____минут

Студенттермен сәлемдесу,түгендеу,оқу құралдарын тексеру,кезекші тағайындау,назаларын сабаққа аудару.

Білім алушылар өз ойларын ортаға салады назаларын сабаққа аударарады


Критерий; сабақ басында белсенділікпен қатысып анықтауға, оқуға кірскендерді осы төрт балдық жүйенің екі цифрлық баламасына сәйкес бағалаймыз.

С 65-69, С-60-64, D+55-59, D 50-54

Қаңағаттанарлық.

В+ 85-89, В 80-84, В- 75-79 С+ 70-


1. Кішібеков С., Сыздықов Ұ. Философия. Оқулық. Алматы. 2000.

2. Тұрғанбаев Т. Философия. А, 2002.

3. Алтай Ж., Қасабек А. Философия тарихы. Алматы, 1999.

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Білім алушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Жаңа білім
______минут


Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Түсіндіру, баяндау әдісі

Сабақтың жоспары:

  1. Философия туралы түсінік. Философия бүкіл ғылыми жүйелердің көкесі.

  2. Философия пәні, құрылымы және атқаратын қызметі.

  3. Дүниетаным және философия.

  4. Қазіргі кезеңде философияның алатын орны.

Философия рухани мәдениеттің ең көне және адамзат ілімінің жауапты бөлімі. Оның тарихы 25 – ғасырға созылады, философия ежелгі шығыс (үнді қытай) елдерінде пайда болып өзінің класикалық деңгейінде ежелгі Греция еліне жетті. Ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінде философия деген термен пайда болды, ғалымдардың ішінде өзін алғашқы философпын деп атаған грек математика ойшылы Пифагор ( б.э.д 580 -500). Ал ғылымның ерекше саласы деп философия терминін енгізген Платон 428 -347. Философия грек тілінен аударғанда даналыққа құштарлық, ежелгі дәуірде даналық бұл асқақтық мәні бар құбылыс. Философияның негізгі тақырыбы дүние және адам туралы. Алғашқы философтар универсалды энциклопедист ғалымдар мысалы: Фасель 624 – 547ж. ол ірі математик геометрия негізін қалағн астраном гидротехник болған ол тек философия проблемасымен айлалыспаған сонымен қатар физика медицина математика техника логика т.б. Алғашқы философтар өздерінің еңбектерінде мынадай сұрақтарға жауап іздеді: дүниенің мәні неде, дүниенің құрлымы, құрылыс неде, дүние шектеулі ме, әлде шексіз бе, жақсылық пен жамандық деген не?

Ежелгі дәуірде күні бүгінге дейін дүниетанымдық сұрақтарды негіздеу дүниетенымның негізгі принциптерін қалыптастыру философияның кәсіби ісі.

Фиолософияның теориялық білімге және ерекшелігіне анықтаған философ ойшыл Аристотель б.э.д 384 – 322.өтсе де философия пәні туралы түсінік үнемі өзгеруде бірақта ол өзінің тұрақты түсінікте ойлар ерекшеліктерін сақтап қалды. Дүниетаным адамның дүниеге қатынасы бұл жерде эмоциальдық психологиялық және интелектуалдық факторлерге байланысты.

Дүниетаным адамның тәртібі мен қызметінің принциптерімен анықталды оның идеялары мен моральдық нормалары әлеуметтік және саяси аринтацияларын қалыптастырады.

Адамзаттың рухани даму тарихында дүниетанымның мынадай түрлерін ажыратамыз (мифология) діни философия. (өмірлік практикалық)

Ең алғашқы дүние танымдық пікір мифология түрінде пайда болды. Бұл гректердің екі сөзінен құралған : mifos – аңыз, logos – ілім. Мифологиямен бірге жазу мәдениеті пайда болды. Мифология негізінде дін дүниеге келді. Барлық діндер мифологияда кездесетін ертегі, аңыздарды пайдаланады. Ал дін нәрсенің себебін ашып көрсетпеді. Олар тек илануды талап етті. Философия дүниеге келген кезінен бастап мифологиямен қатар және онымен бірге діни түсініктерге қарсы күресте шыңдалып, дамыған. Егер дін мифологияны қабылдап, оның қағидаларын, аңыздарын бүтіндей қолдану негізінде қалыптасқан болса, философия ойлау, зерттеу, сын көзбен қарау негізінде дүниеге келді. Философия барлық ғылымдардан бұрын дүниеге келгендіктен, оны ғылымдардың ғылымы деп те атаған. Өйткені, ол кезде әлем туралы барлық алдыңғы қатарлы тұжырымдар мен пікірлер өз алдына ғылым ретінде дараланып, бөлінбеген соң, ол туралы пікірлерді философия өз бойына жинақтаған болатын. Сондықтан да философ әрі дана, әрі табиғатты зерттеуші, сынаушы, байқаушы ретінде бой көрсетті. Адамзат дамуымен қатар философия да өз алдына дүниеге көзқарас ілім ретінде қалыптаса түсті. Сонымен қатар ол басқа ғылымдарға методологияляқ жол сілтейтін әдістемелік рөл де атқаруда.

Философия пайда болғаннан бастап дүниені тұтас және бірліктегі құбылыс деп қарастырады дүниенің тұтастығын оның заңдарымен байланыстырады. Философия табиғаттын даму заманының қоғам және ойлау проблемаларын зерттейді қолданыста мынадай философиялық категорияны пайдаланады. Болмыс, сана, қозғалыс, шексіздік т.б. Философия дүниенің мәні және адам туралы білім «Дүние және адам» қарым қатынастарын зеттейді осы тұста болмыс және ойлау физикалық және психикалық материалдық және идеалдық рух және табиғат объективтік және субъективтік, яғни философия универсалды ілім.

Философияның негізгі сұрағының екі жағы бар:

  1. Ең алғашқы материя және сана?

  2. Дүниені тануға бола ма?

Философияда екі бағыт қалыптасты, материализм және идеализм.

Материализм бағытын ұстаушылар материя алғашқы санаға қарағанда ал идиализм сананы бірінші кезекке қояды.

Дүниені танылады деген философтар материалистер ал дүние танылмайды деген ілімнің өкілдері агностицизм философия тарихында материализм мынадай бағыттарын ажыратамыз:

1 Ежелгі ойшылдардың материализімі (Демокрит, Гераклит, Эпиркур).

2 Метафизикалық материализм (16 – 18ғасыр өкілдері Бэкон, Спиноза, Дидро т.б.)

3 Диалектикалық материализм.(К.Маркс Ф.Энгельс).

Идеализмнің екі негізгі түрін ажыратамыз.

1 Объективтік (Платон, Гегель, Неотомистер)

2 Субъективтік идеализм өкілдері ( Беркли, Юм, Мах, Экзистенциалистер).

Философияның тарихи 2 әдісі бар Диалектика және Метофизика диалектиканың негізгі принципі даму принципі және жалпылама байланыс принципі философияның екі функциясын ажыратамыз дүниетанымдық және методолоиялық.

Ақыр соңында, философтар әрбір тарихи кезеңдерде жеке – жеке емес, топ болып, кездейсоқ емес, белгілі қоғамдық заңдылықтарға сай дүниеге келген. Себеп олардың өмір талабы күн тәртібіне қойған сұрауларға жауап іздеуден туындағандығы.

Сонымен, философия дегеніміз материя мен сана, таным мен болмыс, адам мен қоғам жайлы адамзат ой – санасының дамуы барысында жинақталған, жүйеленген ғылыми ой – пікірдің теориялық жиынтығы.

Тапсырма 1

Сәйкестендіру тестімен жұмыс


Философиялық мектептер

Философиялық мектептер өкілдері

Ежелгі ойшылдардың материализімі

К.Маркс Ф.Энгельс

Диалектикалық материализм.

Бэкон, Спиноза, Дидро

Метафизикалық материализм

Демокрит, Гераклит, Эпиркур




Білім алушыларға дәптерлеріне керек терминдерді жазып алып талқылау
Дескриптор:
Білім алушылар жаңа ақпарат жайлы ойлану, пікірлесу, талқылау

Білімгерлер сызбадағы сөздердердді сәйкестендіреді


Критерий; Жаңа сабақ басында білім алушының оқыту нәтижелерін осы төрт балдық жүйенің үш цифрлық баламасына сәйкес бағалаймыз.

С 65-69, С-60-64, D+55-59, D 50-54

қаңағаттанарлық

В+ 85-89, В 80-84, В- 75-79

С+ 70-74 жақсы
А 95-100, А- 90-94 өте жақсы



1. Кішібеков С., Сыздықов Ұ. Философия. Оқулық. Алматы. 2000.

2. Тұрғанбаев Т. Философия. А, 2002.

3. Алтай Ж., Қасабек А. Философия тарихы. Алматы, 1999.

Бекіту

______минут

Сабақты қорытындылау

Жаңа сабақты бекіту

1. «Философия» терминінің негізгі түсінігі?

2. Философия ғылым ретінде қай кезде қалыптасты?

3. Философия ғылымның ең көне мектептері?
Үйге тапсырма

Философия пәні, мақсаты және қызметтері.

Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы, даму кезеңдері, қызметі мен әдістері


Сабақтың тақырыбын білім алушылар оқытушы мен қорытындылайды

Бағалау шкаласы бойынша

«Ең үздік жауаптараға коментарий

Ақпараттық карточка


Кері байланыс

Чемодан, ет тартқыш, себет стратегиясына оқытушы өтілген тақырып бойынша сараптама жасайды.



Сізге не ұнады?

Өзіңізге не алдыңыз?



Сізге әліде не түсініксіз?

Тағы неге оралу керек?



Сізге не ұнаған жоқ?

Сізге не түсініксіз?




Білім алушылар өз жауаптары мен оқытушының берген материалдарымен зерделеу жасайды.

өз деңгейлері қаншалықты болғанынан хабардар болуы

А4, конспект




Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау шкаласы

Бағалаудың әріптік жүйесі

Сандық эквивалент

Ұпайлардыңмазмұнды пайызы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

A

4,00

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

иЖақсы

B

3,00

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

C

2,00

65-69

Қанағаттанарлық

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,00

50-54

F

0,00

0-49

Қанағаттанарлықсыз