Файл: орытынды тестацияа дайынды жнінде апарлама Кибасова Гульзат Насихатовна.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қорытынды тестацияға дайындық жөнінде ақпарлама

Кибасова Гульзат Насихатовна

№13 мектеп-гимназияның директорының бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары

PISA зерттеуі (Programme for International Student Assessment) – Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы ЭЫДҰ (OECD -Organisation for Economic Co-operation and Development) жүзеге асыратын бағдарлама. 2000 жылдан бастау алған бұл зерттеуге әлемнің 70-тен астам елі қатысуда.

PISA  зерттеуінің мақсаты - әлемдік деңгейде салыстырылатын әр мемлекеттің оқыту нәтижелері жөніндегі сенімді мәліметтерін алып саралау болса, негізгі міндеті – білім беру саласындағы әлемдік басымдықтарды сипаттайтын зерттеу құралдарының негізінде объективті өлшеулер арқылы алынған айқын нәтижелерді талдау және оқушылардың функционалдық сауаттылығын тексеру, ал оқушылардың функционалдық сауаттылығы дегеніміз – әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына ілесе отырып, үнемі білімін жетілдіруі.

Мұндағы басшылыққа алынатын қасиеттер:

-белсенділік;

-шығармашылық тұрғыда ойлау;

-шешім қабылдай алу;

-өз кәсібін дұрыс таңдай алу;

-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.

Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары 2011-2021 жылының мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілген.

Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз ету болып табылады.

Ұлттық жоспарды іске асырудың күтілетін нәтижелері:

Ұлттық жоспарды орындаудың нәтижесінде 2017 жылға қарай қазақстандық мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мынадай жағдайлар жасалатын болады:

1. Ғылыми-зерттеу жағынан қамтамасыз етеді.

2. Білім беру мазмұнын жаңартады.

3. Оқу-әдістемелікпен қамтамасыз етеді.

4. Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізу жүйесі енгізіледі.

5. Материалдық-техникалық базасы жаңартылып, нығайтылады.

PISA жобасында әрбір білім беру ұйымынан іріктеліп алынған 38 білім алушы математика, жаратылыстану және оқу сауаттылығы бойынша тапсырмалары бар қағаз жүзіндегі екі сағаттық тест орындаулары қажет, сондай-ақ білім алушылар 35 минут сауалнама толтырады. Сауалнама PISA зерттеуінің маңызды бөлімі болып табылады және нәтижелерді бағалау үшін құнды ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Сауалнама тестілеу аяқталғаннан кейін толтырылады.


2021 жылдың қыркүйек айында Мұнайлы ауданды әдістемелік орталығы ұйымдастырған әр мектептен 15 жастағы оқушылар осы PIZA тапсырмаларын тапсырған болатын. Біздің мектеп-гимназиядан жалпы саны 89 оқушы қатысты. Тестілеу математика, жаратылыстану және оқу сауаттылығы бойынша Google.forma сілтемесі арқылы онлайн түрде алынды.

Одан кейін математика, жаратылыстану және оқу сауаттылығы бойынша барлық пәндерге аптасына 1 рет сабақ барысында осы PIZA тапсырмаларын қысқа мерзімді жоспарларына енгізу тапсырылып, аптасына осы пәндер бойынша 1 рет орындалып отыр.

2021 жылдың желтоқсан айынан бастап барлық 8-9 сынып оқушыларынан «PIZA-2018 компьютерлік формат халықаралық зерттеу құралдары» жиынтығынан PIZA тапсырмалары алынуда. Бұл үрдіс әр ай сайын жалғасын табады.

Сонымен қатар 2022 жылдан бастап PIZA – ға дайындық жұмыстары арнайы Bilim-center (Функционалды сауаттылық) цифрлы білім беру порталында ұйымдастыру жоспарланып отыр.