Файл: осымша 5 Баылау жне реттеу (Жйке жйесі, сезім мшелері) силлабусына.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қосымша 5 «Бақылау және реттеу

(Жүйке жүйесі, сезім мүшелері)

силлабусына

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ

«ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»

Тәжірибелік сабақтарға арналған нұсқаулық

Тақырыбы: «Жұлын мен мидың бағаналы құрылымдарының физиологиясы»

Пән: Бақылау және реттеу «Жүйке жүйесі, сезім мүшелері»

Блок: «Физиология»

Білім беру бағдарламасы: 6В10102 «Жалпы медицина» Курс: 1 Құрастырушы: ассоц.профессор А.М.Евневич

Аударған: ассоц.профессор Чергизова Б.Т.

Уақыт (ұзақтылығы) 2 сағат

Қарағанды 2023 ж


Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

Хаттама № 1 02.09.2023 ж.
Кафедра меңгерушісі, ассоц.профессор Н.Н.Наурызов


  • Тақырыбы: «Жұлын мен мидың бағаналы құрылымдарының физиологиясы»

Мақсаты: Сабақ аяқталған соң студенттер жұлын функциялары мен оны зерттеу әдістерінде құзыретті болуы керек.e сұрақтар (мысал).

Оқыту міндеттері:

* теориялық білімді практикада жұмысты орындау және алынған нәтижелерді талдау кезінде қолдану,

* жұмыстарды орындау кезінде ғылыми-зерттеу құзыреттілігін қалыптастыруды жалғастыру.
Білу керек:

- жұлынның рефлекторлық және өткізгіштік функциялары;

- жұлын орталықтары және олардың ағза функцияларын реттеудегі рөлі;

-жануарлардың әртүрлі түрлері мен адамдарда жұлын шоғырының себептері мен көріністері;

- бұлшық ет тонусын реттеудегі жұлынның рөлі;

- жұлын рефлекстерінің негізгі түрлері және олардың рефлекторлық доғалары.
Білу:

- жұлын рефлекстерінің рефлекторлық доғаларын сипаттау;

- адамның сіңір рефлекстерін зерттеу (тізе, ахиллов, иық рефлексін бүгу және жазу).
* Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. Жұлынның рефлекторлық және өткізгіштік қызметі.

2. Жұлын шок, оның көріністері.

3. Жұлын миының бұлшық ет тонусы мен фазалық қозғалыстарды реттеуге қатысуы.

4. Жұлынның толық және бөлшекті қиылысуында сезімтал және қозғалыс бұзылысы.

5. Адамның тері және сіңір рефлекстері, олардың рефлекторлық доғалары және клиникалық медицинадағы маңызы.

6. Цереброспинальды сұйықтық, қызметтік маңызы.

7. Сопақша мидың рефлекторлық және өткізгіш қызметтеры, оның орталықтары.


8. Бұлшықет тонусын реттеуге Сопақша мидың қатысуы.

9.Ортаңғы ми құрылымдары: бас сүйек-ми нервтерінің III және IV жұптарының функциялары, қызыл ядролар," қара субстанциялар", төрт төмпешеғі; торлы құрылым.

10. Статикалық және статокинетикалық рефлекстер.



  • Білім берудің және оқытудың әдістері: тәжірибелік жұмыстарды орындау: адамда жұлындық рефлекстерді зерттеу, шағын топтарда жұмыс, ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды шешу, жағдайлық есептерді шешу, пікір талас, кесте толтыру. Шағын топтарда жұмыс атқару.



Жұмыс 1. Адамда жұлын рефлекстерін зерттеудің клиникалық әдістері

Жұмыс мақсаты: адамда тізе, ахилл, иық алдының бүгу, иық алдының жазу рефлекстерін зерттеу.

Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: неврологиялык балғашық.

Жұмыстың барысы: Тізе рефлексін анықтау үшін адамды бір аяғын екіншісіне салғызып орындыққа отырғызады. Төрт басты бұлшықеттің сіңірінен неврологиялық балғашықпен ақырын ұрады. Оң және сол аяқтардағы рефлекстерді салыстырады.

Ахилл рефлексін аныктау үшін адам орындыққа тізерлеп тұрады. Аяқтың басын бос салбыратып ұстайды. Өкше (ахилл) сіңірінен неврологиялык балғашықпен ақырын ұрады. Табанның бүгілуін бақьшайды.

Жұмыс нәтижесі және оны өңдеу: анықтаған рефлекстерді түсіндіріп, рефлекстік доғаларды салу, олардың нервті орталықтарының орналасуын атау.

Қорытынды: сіңір рефлекстеріне анықтама беру және олардың клиникалық маңызын түсіндіру.
Жұмыс 2. «Жұлынның негізгі өткізгіш жолдары» кестесін құрастыру.


Жолдардың аттары (жоғары, төмен өрлеуші)

Қызметтері

Қайда басталады

Жұлынның қай бағанында өтеді

Қимасының бар-жоғы

Қай жерде аяқталады






























































































Жағдайлық есептерді шешу:

1. Жұлындық жүйке орталықтарының әрекетін зерттеу үшін бақада жұлынды шеткері жүйкемен жалғастыратын жүйке түбірлерін кезекпен кеседі.

Сұрақтар:

1. Жұлынның алдынғы және артқы түбіршектері қандай қызметтер атқарады?

2. Бақада барлық сол жақ артқы түбіршектерін кескенде қандай өзгеріс байқалады?

3. Бақада барлық оң жақ алдынғы түбіршектерін кескенде қандай өзгеріс байқалады?
2. Маймылға зерттеу жүргізгенде бүккіш проприорецепторлардан және шынтақ буынының қалтасынан ақпарат әкелуші жүйкелердің импульстік белсенділігі байқалады.

Сұрақтар:

1. Қандай бұлшықет және буын рецепторларын білесіздер?

2. Шынтақ буындарын жазғанда және бүккенде берілген рецепторлар қандай ақпарат алып келеді?

3. Берілген жүйкелерді кескенде буындардың қозғалысы сақлады ма?
3. Зерттеу кезінде жануарда жұлынды кесті.

Сұрақтар:

1. Жұлындық шок жоғалған соң жануарда қандай белгілер қалады?

2. Берілген белгілердің пайда болу механизмдері қандай?

3. Жұлынның қандай функциялары сізге таныс?
4. Адамда жарақаттану нәтижесінде жұлынның оң жағында төменгі кеуде сегменттері аймағында «жартылай» бұзылыс болды.

Сұрақтар:

1. Бұл жағдайда қандай өзгерістер күтіледі және неліктен?


  • Әдебиеттер:

Негізгі

  1. Досмагамбетова Р.С., Жәутікова С.Б., Нұрсұлтанова С.Д. Жүйке жүйесі модулі = Модуль Нервная система: оқулық / ҚММУ; ред.: С. Б. Жәутікова, С. Д. Нұрсұлтанова; серия ред. Р. С. Досмагамбетова. - М.: Литтерра, 2014. - 264 с.

  2. Нормальная физиология: учебник/ ред. К. В. Судаков. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 880 с.

  3. Чеснокова С.А. Атлас по нормальной физиологии: Учеб. пособие / С.А. Чеснокова, С.А. Чеснокова, С.А. Шастун, под ред. Н.А. Агаджаняна. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: МИА, 2013. - 496 с.


Қосымша:

  1. Камкин А. Г. Атлас по физиологии: в 2 т.: учеб. пособие /А. Г. Камкин, И. С. Киселева. - М.: ГЭОТАР-Медиа Т. 2. - 2012. - 448 с.

  2. Миндубаева Ф.А., Бакишева Б.М., Конкабаева А.Е. Физиология центральной нервной системы (морфофункциональная характеристика). – Караганда, 2012. – 80 с.





  • Бақылау

Сұрақтар

1. Жұлынның құрылымы, сегментарлы және сегмент аралық жұмыс принципі.

2. Әр түрлі жануарларда спинальді шоктың жалғасуы.

3. Жұлынның артқы түбіршегінің қызметі.

4. Жұлынның алдыңғы түбіршегінің қызметі.

5. Жұлынның толық және бөлшекті қиылысында сезімтал және қозғалыстық бұзылысы. (Броун-Секар синдромы)

6. Жұлын-ми сұйықтығының қызметтік маңызы.

7. Бұлшықет тонусын реттеудегі вестибулярлық және қызыл ядролардың маңызы.

8. Ми бағанының ретикулярлы түзілуінің төмен және жоғары әсерлері.