ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Мектеп: Мұғалім:

Күні:

Сынып 9-сынып

Бөлім: Адам жанының құпиясы

Сабақтың тақырыбы

Б. Майлин "Шұғаның белгісі" хикаятына менің көзқарасым.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану

Сабақтың мақсаты

Б. Майлин "Шұғаның белгісі" хикаятының үзінділерін шығармашылық жұмыстарда қолданады.

Бағалау критерийлері

  • Шығарма үзінділерін оқиды;

  • Шығармашылық жұмыстарда қолдана алады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жинақтау, бағалау

Тілдік

мақсат

Пән лексикасы және терминология

Авторлық идея, өмір шындығы, көркем шындық пен тарихи шындық

Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер:

Менің ойымша...;

Салыстыра қарғанда...;

Өмірмен байланыстыратын болсам...;

Бұл оймен келісемін/ келіспеймін, себебі...

Алдыңғы білім

Б.Майлин шығармашылығы

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

І.Ұйымдастыру кезеңі (Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, сабаққа дайындығын пысықтау)

ІІ.Қызығушылықты ояту

  • Шұғаның өліміне кім кінәлі?

  • Әбдірахман іс-әрекетіне сіздің көзқарасыңыз. Егер сіз Әбдірахман мұғалімнің орнында болсаңыз...

Оқушылар пікірі сұралады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

Оқушылар бір-бірлеріне сұрақ қойып, кезекпен айналым жасап шығады, барлық оқушылар сұрақтарға жауап беруге ұмтылады. Үй тапсырмасын еске түсіреді.

Өзара бағалау. «Комментарий жасау» әдісі




9-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы
https://www.goodreads.com/book/show/28819121



Сабақтың ортасы


ІІІ. Мағынаны тану

  1. Шығарма үзінділері оқушыларға таратылады. Оқушылар қалаған үзінді бойынша шығармашылық жұмыс жазады.

  2. 1.Өлеңді түсініп оқып, Шұғаның монологын жазыңыз. Щұғаның ойына осы өлеңді пайдаланыңыз.

«... Сіз бір айсыз нұрландырған аспанды,

Буландырған, уландырған жас жанды.

Біз бір ғаріп паналаған саянда,

Жас жүректе мықты жара басталды.

Кірді нұрың, отты жақты ішіме,

Көтерем деп сене алмаймын күшіме.

Бірінші зар шықты тілден мұнданып,

Бұдан бұрын айтылмаған кісіге.

Жас жүректің жалқынды деп тілегі,

Жарамдысын сізден қалап тіледі.

Әзіріне үміт қаптың тауындай,

Жазмыс түрін жауап қайтса біледі.

Минут, сағат, күндік, айлық қол емес,

Тілейтінім, жүдейтінім ол емес.

Көрсе қызар, антын бұзар кылжақбас,

Тұрлауы жоқ әсіре қызыл мен емес.

Бір көргенде сикырланып ақыл-ой,

Бал сөзінде қалды ынтам бір қанбай.

Қырық бүктеліп келсе хатың тұмардай,

Жылы жүзбен көңілді жай кылардай.

«Болад» деген жалғыз ауыз сөз тапсам,

Көңіліме сақтар едім құрандай...»

Дескриптор:

  • Шығарма үзінділерінде айтылған ойды түсінеді;

  • Көтерілген мәселені анықтайды;

  • Шығармашылық жұмыс жазады;

  • Өзіндік көзқарасын білдіреді;

  • Айтайын деген ойын нақты жеткізеді.

ҚБ

2.Үзіндіні пайдаланып, «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты өлең жазып шығыңыз.

Шұғаның бейнесі

Апырым-ай, адамзатта ондай сұлу болады екен-ау!.. Акқудың көгілдірігіндей осы аппақ. Үстінде шетін кестелеген ақкөйлек, омырауын неше түрлі ілгіштермен безеп тастаған қызыл пүліш қамзол, басында үкі таққан түлкі бөрік, өзі сұлу адамды мүлде одан жаман жандандырып, құбылдырып тұрды.

Дескриптор:

  • Шығарма үзінділерінде айтылған ойды түсінеді;

  • Көтерілген мәселені анықтайды;

  • Шығармашылық жұмыс жазады;

  • Өзіндік көзқарасын білдіреді;

  • Айтайын деген ойын нақты жеткізеді.

ҚБ

3.Өлеңді арқау етіп, «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген тақырыпта шығарма жазыңыз.

«... Не мұндық, бұл дүниеде қыздар мұндық,

Атадан болып мұндық неге тудық.

Атадан мұндық болып тумас едік,

Бұрынғы ата-баба жолын қудық...»

Оқушылар жазған жұмыстарын ортаға салады. Бағалау критерийлеріне сай өзара бағалайды.

Дескриптор:

  • Шығарма үзінділерінде айтылған ойды түсінеді;

  • Көтерілген мәселені анықтайды;

  • Шығармашылық жұмыс жазады;

  • Өзіндік көзқарасын білдіреді;

  • Айтайын деген ойын нақты жеткізеді.

«Автор орындығы». Үздік жұмыстар оқылады.

Оқушылар қалаған үзінді бойынша шығармашылық жұмыс жазады.

Үзіндіні пайдаланып, «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты өлең жазып шығыңыз.

Өлеңді арқау етіп, «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген тақырыпта шығарма жазыңыз.




ҚБ




ҚБ



ҚБ



Әдебиет хрестоматиясы



Сабақтың соңы

5 минут

  • Кері байланыс








Үй тапсырмасы

Кейіпкерге хат жазып келу






Сабақ бойынша рефлексия

Сабаққа рефлексия жасау кезінде берілген сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз. Сұрақтың құрылымын жабасаңыз болады.

  1. Оқушылардың барлығы оқу мақсатына жетті ме? Жетпесе, неліктен?

  2. Қолданылған дифференциация сабақтың мақсатына жетуге қалай ықпал етті?

  3. Сабақ кезеңдері уақытқа сай жүзеге асты ма?

  4. Сабақ жоспарында қандай ауытқулар болды? Неліктен?

  5. Сабақты жақсартуда не ықпал етер еді (оқыту мен оқу туралы ойланыңыз)?




.