Файл: бт орытындысы бойынша сараптама.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҰБТ қорытындысы бойынша сараптама

Кей талапкерлер өткен жылғы тест тапсырмаларын қайталаса,енді бірі күрделі есепті шығара алсаң болғаны дейді.Тіпті есепті шығармай,жауабын белгілесем дейтін талапкерлер де бар, бұл дұрыс жауаптар ықтималдығын төмендетеді,бұл біздер үшін үлкен кемшілік.Сонда кімді оқытып жатырмыз,қалай оқытып жатырмыз деген орынды сұрақтар туындайды. Сондықтан бала мектеп бағдарламасымен,тақырып бойынша дайындалу керек.Мысалы:бала барлық есепті шығарып,арифметиканы білмеуі мүмкін. Өткен жылдардағы талдаулар бойынша арифметиканы 53℅-і ғана шығарып жүр.Сондықтан да алдын-ала ұйымдастырып жүрген байқау емтихандарына қатысып,қай жерде мүлт кеткенін тексеріп,келесінде одан қате жібермеуге, сол кемшілікті жоюға күш салуы керек.Сонда ғана әр бітіруші өз нәтижесін береді.Мұндай нәтижеге жету үшін мен өткен 2009-10 оқу жылындағы 11 а сыныптағы сабақтарда

  • деңгейлеп сарап оқыту технологиясын;

  • ұжымдық ойлау әрекеті және оза оқыту технологиясын;

  • сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының бірнеше стратегияларын пайдаландым.Нәтижесінде:

▪ оқушыларды ойландыруға; ▪ пікір таластыруға; ▪ дұрыс сөйлей білуге; өз бетімен ізденіп,жұмыс істеуге; шығармашылықты дамытуға үйретті.

Сонымен бірге, дайындық бөлімдерін жүргізгенде қолданып жүрген қайталау әдісі.Бұл әдісті жоспар бойынша жүргіздім.Ол мектеп әкімшілігімен бекітілген. Осындай атқарылған жұмыстар нәтижесінде 11 а сыныбы 2009-10 оқу жылында математика пәні бойынша 23 талапкер ҰБТ тапсырып,білім сапасы 82,6℅, ал үлгерімі 98℅ болды:

«5»-7 оқушы «4»-1 оқушы

«3»-3 оқушы

«2»-1 оқушы

Мен үміткерлерді даярлауда 2000 жылы Республика жоғары оқу орнына түсушілерге арналған математиканың оқу әдістемелік құралын және оған қосымша әр сыныптағы тарауларды қайталау тестілері мен бітірушілерге арналған тестілер жинағын қолдандым. 2000 жылғы жинақта 2416 тапсырма берілген үміткерге осы есептерден немесе осыған ұқсас есептерден келері анық, өйткені жинақта мектеп бағдарламасы түгелі дерлік қамтылған.Жинақ қарапайым есептерден басталады,ондай есептер тізбесі 211 бақылау есептерді шығару барысында жеңілден күрделігі принципі-іске асырылады.Сынақ кезінде әр тапсырмаға 1,5 минут кететінін білеміз, сондықтан есептің ауыр жеңіліне көңіл бөлу қажет.Кейбір тапсырманы жауаптарын басшылыққа алып та белгілеуге болатынын үйретугетырыстым. 212-683 есептер ықшамдауға,қысқартуға,теңдеулер жүйесін шешуге берілген. Бұл есептерді шығарғанда қысқаша көбейту формулаларын білудің маңызы зор екеніне көздерін жеткізу керек.Мұнда да қисынды
жауапты пайдалануды, оны тез арада таба білуді үйретуге ұмтылдым..Жинақта 684-812 есептер теңдеу құру арқылы немесе процент табу арқылы шығарылатын есептер.ТСС есептер тобы аталған жоспар бойынша жүргізілді 2101-2416 есептер геометриялық есептер тобы.Міне,мектеп бітіретіндермен осындай жұмыстарды «Мұғалім-оқушы» тұлғалық бағдарлы байланысы арқылы жүргіздім. ықшамдауға,қысқартуға,теңдеулер жүйесін шешуге

Қорыта келгенде, осы шараларды жүйелі түрде пайдаланғанда нәтижесі дұрыс болар деп ойлаймын