Файл: Блім аламтор жне леуметтік желілер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бөлім: Ғаламтор және әлеуметтік желілер

Мектеп: Пәні: қазақ тілі Пән мұғалімі:

Күні:

Қатысқаны: Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Ғаламтор және мен

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу;

7.4.4.1 Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: тақырыпқа байланысты өз пікірі мен қөзқарасын білдіру, етістіктің шақтары туралы білім алу;

Көптеген оқушылар: п оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу, етістіктің келер шақ түрін тілдесім барысында қолданады.

Кейбір оқушылар: оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу, талқылау, етістіктің шақ категориясын тілдесім барысында қолдану.

Жоспар

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтіңәрекеті

Оқушыныңәрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.

Жағымды психологиялық тапсырма.

Тақтадағы үш түстің қалағанын таңдату, таңдаған түсіне байланысты оқушыға психологиялық сипаттама беру.

Қызыл түстасыған күшті білдіреді. Көбінесе қызуқанды адам киімді осы түстен таңдайды. Албырт, белсенді, тез шешім шығаратындар бір орында отырғанды қаламайды. Өмірден бәрін үйреніп, алға ұмтылғыштар қызылға құмар. Оларды бірқалыптылық тез жалықтырады. Айналасындағылардың қателігіне көз жұмып қарамайды. Шынайылықты жақсы көреді.

Жасыл түстіүйлесімділікті қалайтындар ұнатады. Бұл түс үмітті білдіреді. Жасылды жақсы көретіндер тыныштықты жаны қалайды. Дегенмен көпшілікпен араласқанға құмар. Шыдамды, тым байсалды. Ұжымның арасында өзін көрсеткенді қаламайды. Өйткені өзгелер жомарттығын пайдаланып кетеді деп қорқады.

Көк, көк түстікиімдерді көп киетіндер сараптама жасаудың шебері. Бірақ бұл мүмкіндігін жасырады. Аталған түсті қалайтындар өте қарапайым келеді. Сезімталдығы да бар. Бірақ іштей қатал мінезі де жоқ емес. Оны өзгелерге аңғартпауға тырысады. Көгілдір түсті жақсы көретіндер өте сақ адамдар.

Қызығушылықты ояту. Жазылым алды тапсырма.- - Суретке қарап нені аңғаруға болады?

  • Бүгінгі сабақ не туралы болуы мүмкін?



  • «Ғаламтордың торы» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

  • Төменде берілген мәтін мазмұнымен танысыңдар.

  • Ғаламтордың болашағы туралы ойларыңды ортаға салыңдар.

Дескриптор:

  • Суретке байланысты өз ойын білдіреді;

  • Сурет арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды;

  • Мәтінмен танысып, көтерілген мәселеге өз ойын білдіреді.

ҚБ

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушыларға тақтадағы үш түстің қалағанын таңдату, таңдаған түсіне байланысты оқушыға психологиялық сипаттама беру.



Оқушылар әлеуметтік желілер туралы білетін ақпараттарын кестенің бірінші бағанына толтырады.

Қалыптастырушы бағалау

- тамаша жауап!

- керемет жауап!

- жақсы жауап!

- төмен жауап.


7-сынып

Қазақ тілі оқулығы


Сабақтың ортасы


Жазылым тапсырмасы. https://www.youtube.com/watch?v=Fly2Luy00eU

Мәтінді тыңдап, оңай және қиын сұрақтар құрастырыңыз.

2. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазыңдар.

Дескриптор:

  • Оңай сұрақтар құрастырады;

  • Қиын сұрақтар құрастырады;

  • Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстырады;

  • жинақы мәтін жазады.

ҚБ

ӘТН. 2-тапсырма. Ашық райлы сөйлемдерді аяқтап, дәптерлеріңе жазыңдар.

3-тапсырма. Өз білімдеріңді тексерің дер.

1. Суреттеңдер. Етістіктің басқа сөз таптарынан айырмашылығы қандай?

2. Салыстырыңдар. Есімше, көсемше, тұйық етістік формаларына мысалдар келтіріп, салыстырыңдар.

3. Саралаңдар. Етістіктің шақтары жайлы не білесіңдер? Олардың қандай ерекшеліктері бар? 4. Қолданыңдар. Мысалдармен дәлелдеңдер.

5. Ой ашар. Сүйікті ақындарыңның өлеңдерін еске түсіріп, етістіктерді рай түрлеріне ажыратыңдар.

Дескриптор:

  • Ашық райлы сөйлемдерді аяқтайды;

  • Осы шақ, өткен шақ, келер шақты жасалуына қарай дұрыс қолданады;

  • Етістіктің басқа сөз таптарынан айырмашылығын анықтайды;

  • Етістіктің ерекше түрлерін салыстырады;

  • Етістіктің шақтарының ерекшеліктерін анықтайды;

  • Мысалдармен дәлелдейді;

  • Поэзиялық шығарманы мәнерлеп оқи отырып, өлеңдегі етістіктің райларын түрлерін қарай ажыратады.

ҚБ

ЖАЗЫЛЫМНАН КЕЙІН.

«Ғаламды жаулаған ғаламтор» тақырыбын басшылыққа алып, бүгінгі тақырыпты қорытындылайды.

«ПОПС формуласы»

1-сөйлкм: «Менің ойымша...»

2-сөйлем: «Мен оны былай түсінемін...»

3-сөйлем: «Оны мына деректермен, мысалдармен дәлелдей аламын...»

Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

Дескриптор:

  • тақырыпқа байланысты пікірін «ПОПС формуласы» арқылы қорытындылайды.

ҚБ

Мәтінді мұқият тыңдап, мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрады. Жұбының құрған сұрағымен алмастырып, проблемалық сұраққа жауап береді. Аталған проблема бойынша ойларын салыстырады.

Грамматикалық тақырып бойынша тапсырма орындайды.


Етістік тарауы бойынша білімдерін бекітеді.


тақырыпқа байланысты пікірін «ПОПС формуласы» арқылы қорытындылайды.


Қалыптастырушы бағалау

- тамаша жауап!

- керемет жауап!

- жақсы жауап!

- төмен жауап.

Қалыптастырушы бағалау

- тамаша жауап!

- керемет жауап!

- жақсы жауап!

- төмен жауап.




Сабақтың соңы Рефлексия

Үй тапсырмасы



7-тапсырма