Файл: Дние жзі тарихынан 6сынып оушыларына арналан Мектепішілік пндік олимпиада тапсырмалары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Дүние жүзі тарихынан 6-сынып оқушыларына арналған Мектепішілік пәндік олимпиада тапсырмалары

1 тапсырма. Жалпы 8 ұпай. Әр тапсырма 2 ұпай.

Шығыс ойшылдарының нақыл сөздерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Шығыс ойшылдары

Нақыл сөздері

Мағынасы

Әл-Бируни

«Нығметтің қадірі ол жоғалғанда білінеді»



Ибн Сина

«Қимыл көптеген дәрінің орнын басу мүмкін, бірақ бірде-бір дәрі қимылдың орнын баса алмайды»



Әл-Хорезми

«Білім – сарқырама секілді, ол тоқтаса, жерге сіңіп, жоқ болады»



Әл-Фараби

«Ар-ождан алдындағы адалдық өз қадірқасиетіңе, ізгі ісәрекетіңе байланысты»



ІІ айналым

1 тапсырма. 5 ұпай

Ислам дінінің әлемдік мәдениетке ықпалын көрсететін терминдерді мағынасымен сәйкестендіріңіз.


1

Астролябия




  1. Араб сәулет өнеріндегі сәндік оюлар

2

Арабеска




  1. Сөздерді әдемі жазу өнері

3

Калиграфия




  1. Араб ғалымдары негізін қалаған сала

4

Минарет




  1. Жұлдыздардың ендік пен бойлықта орналасуын өлшейтін аспап

5

Алгебра




  1. Мешіттердің мінәжәт етуге арналған биік күмбезі




1 - 2- 3- 4- 5-

Тест сұрақтары – Әр сұрақ 1 ұпай

1. Рим империясы Батыс және Шығыс империяларына бөлінді?

А. 395 жылы. В. 340 жылы С. 355 жылы Д. 360 жылы.
2. Кімнің басшылығымен 410 жылы вестготтар Римді басып алды?

А. Аттиланың В. Аспарухтың С. Аларихтың Д. Мөденің.
3. Қай жыл тарихта құл иеленушілік құрылыстың жойылу жылы деп саналды?

А. 576 ж. В. 476 ж. С. 385 ж. Д. 410 ж.

4. Император Константин 324 жылы астананы Рим қаласынан қайда көшірді?

А. Парижге В. Афинаға. С. Аахенге. Д. Византияға.

5. Византияның алтын ақшасы:

А. Динар. В. Асс С. Талант Д. Номисма.

6. «Ника» («Жеңу») көтерілісі қай жылы басылды?

А. 522 жылы. В. 512 жылы С. 532 жылы. Д. 592 жылы.

7. Византия империясының күшейген кезі қай император билік құрған тұсында болды?

А. Константин В. Траян. С. Цезарь. Д. Юстиниан.

8. Император Юстиниан бұйрығы бойынша Константинопольде салынды:

А. Әулие София храмы. В. Ана құдай Париж соборы С. Кесене. Д. Кельн соборы.

9. Қай ғасырда болгар патшалығы құрылды?

А. VIII ғ. В. X ғ. С. XIII ғ Д. VII ғ.

10. VII ғасырдың 30 – жылдарынан бастап Византияға кімдер қауіп төңдірді?

А. Түріктер. В. Арабтар С. Гректер Д. Ғұндар.

11. Ислам дінінің қалаушысы Мұхаммед пайғамбар қай қалада дүниеге келді?

А. Лахоре. В. Мекке. С. Медина. Д. Дамаск.

12. Мұхаммед пайғамбардың ізбасарларына қандай атақ берілді?

А. Графтар. В. Молдалар. С. Халифтар. Д. Аббаттар.

13. Қай ғасырда Ислам араб мемлекеті және діні пайда болды?

А. V ғ. В. VI ғ. С. VII ғ Д. VIII ғ.

14. Арабтар үшін адамның ең басты көркі:

А. Жүзі В. Қолы. С. Киімі Д. Білімі.

15. Эфталит мемлекетінің астанасы қай қала болған?

А. Ганхар.

В. Бадиян.

С. Персеполь.

Д. Қашғар.