ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.04.2024
Просмотров: 10
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Әл-Фараби атындағы ШЖЖОМ
Бөлім: | 3 тарау. Атомдар. Молекулалар. Заттар | |
Педагогтің аты-жөні | Мақұлбек Маржан Мергенбайқызы | |
Күні: | 27.01.23ж | |
Сынып: 7 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Сұйылтылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі. №9 зертханалық тәжірибе «Мырыштың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесуі». №10 зертханалық тәжірибе «Сутекке сапалық реакция» | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 7.2.2.1 -сұйылтылған қышқылдардың қолдану аяларын және олармен жұмыс жасау ережелерін атау 7.2.2.2 -сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу және сутек газының сапалық реакциясын жүзеге асыру | |
Сабақтың мақсаты | сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу | |
Бағалау критерийлері | - сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен, карбонаттармен реакцияларын өнімдерін атайды - сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен, карбонаттармен реакцияларының теңдеулерін сөзбен жазады өнімдерін атайды - сутек газының сапалық реакциясын жүзеге асырады | |
Құндылықтарды дарыту |
| |
Пәнаралық байланыс | Өзін-өзі тану, математика, физика |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 1-4 мин | Амандасу. Оқушыларды түгелдеу. «Әлемді шарлау» әдісі арқылы химия ғылым саласы туралы қызықты мәліметтер келтіру Топқа бөлу | Оқу құралдарын даярлайды. Мәліметтер келтіріп, бір-ьірімен ой бөліседі «Атомдар мен молекулалар» Мұғалім «атомдар» деген кезде жеке дара жүреді де «молекулалар, бесеуден» немесе «молекулалар, үшеуден» деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады. Сол топтасқан адамдар бір топ құрайды. | Мақсаты: тыңдау дағдылары қалыптасады, барлық оқушылардың сабаққа белсенділігі артады. Мадақтау сөздері | Оқулық | ||||||
Жаңа сабаққа кіріспе 5-10 мин | «Миға шабуыл» әдісі Өткен тақырыппен жаңа тақырыпты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтары мен тапсырмаларды ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама сұрақтар мен жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Мақсаты: жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлауды дамыту Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады, сабақтың мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Сабақтың мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстыру. | Бейтараптану реакциясы деген не? «Quiz» алу. Элементтер атауы мен таңбалануын қаншалықты меңгергендерін анықтау Анықтамалармен жұмыс жасау: Жұптық жұмыс бойынша екі оқушы бір-біріне қышқыл және негіз (сілті) анықтамаларын түсіндіреді. | Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. | Презентация Оқулық | ||||||
Сабақтың ортасы 11-18 мин | Мағынаны тану | Оқулық бойынша қажетті мәліметтерді қысқаша жазып алады | Дескриптор: Қышқылдардың металдармен реакциясын түсінеді Жалпы 3 балл | Оқулық Жұмыс дәптерлері | ||||||
19-29 мин | Топтық жұмыс Сөздік реакцияларды толықтырыңыз | кальций + тұз қышқылы = _______________ + ________ ________ + ______________ = Қорғасын нитраты + сутек Темір + _________________ = темір сульфаты + __________ Мырыш + тұз қышқылы = ________________ + сутегі | Дескриптор: Металдардың қышқылдармен сөздік реакциясын жазады 4 балл | Оқулық Үлестірме қағаздар Жұмыс дәптерлері | ||||||
Индикатор бойынша қорытынды жасау. Берілген заттар ерітіндісінің ортасын анықтап, осы ерітінділерде индикаторлардың түстерін белгілеңіз. | Бір бірінің жұмыстарын дайын жауап бойынша тексереді | Дескриптор: Заттардың ортасын анықтайды Индикатор кестесін пайдаланады Жалпы 3 балл | Оқулық Үлестірме қағаздар Жұмыс дәптерлері | |||||||
30-42 мин | Қауіпсіздік техника ережесі №9 зертханалық жұмыс «Мырыштың сұйытылған тұз қышқылымен әрекеттесуі» Жұмыстың барысы: Сынауыққа мырыштың бір түйірін салып, үстіне бірнеше тамшы сұйытылған тұз қышқылын тамызыңдар. Металдардың белсенділік қатарындағы орнына сәйкес осы металл мен тұз қышқылы арасында химиялық реакцияның жүруіне болжам жасаңдар. Байқаған құбылысты түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін сөзбен жазыңдар.
10-зертханалық жұмыс «Сутекке сапалық реакция». https://www.youtube.com/watch?v=gZiz2R_8k14 | Тәжірибе бойынша жұптар жасаған қорытындыларын ортаға салып, талқылайды. Жалпы қорытынды жасайды. Бір бірін бағалайды. Оқулық бойынша №3 сұрақты қорытындылау: Сутектің тазалығын қалай тексереді? | 10 баллдық жүйе бойынша бағаланады | Оқулық Үлестірме қағаздар Жұмыс дәптерлері | ||||||
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 3 мин. | «Бір ауыз сөз» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді. Үй тапсырмасы §12 мазмұндау, №4 жаттығу | Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жасайды: | Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды. | |