ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.04.2024
Просмотров: 98
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Additional беті.
Бұл бетте Windows – та бағдарлама дайындауға өте қажет: қосалқы қасиеттері бар батырмалар, кестелер, кескіндерді орналастыруға арналған компоненттері және т.б.бар қосымша компоненттер орналастырылған.
Енді осы бетте қамтылған компоненттердің қызметтеріне жеке-жеке тоқталайық.
Пикто- грамма | Компонент аты | Компоненттің атқаратын қызметі |
| BitBtn | Командалық батырма. Стандартты Button батырмасынан айырмашылығы, мұнда пиктограмманы бейнелеу мүмкіндігі бар. |
| SpedButton | Пиктографиялық батырма. Бас менюдің опцияларына тез қатынас жасау үшін қолданылады. |
| StringGrid | Жолдар кестесі. Бұл компоненттің мәтіндік ақпаратты кесте түрінде бейнелеуге қуатты мүмкіндігі бар. |
| DrawGrid | Кескіндер кестесі. Бұл компонент кескінді кесте түрінде бейнелеу үшін қолданылады. |
| Image | Сурет. Кескінді, оның ішінде пиктограммалар мен метафайлдарды бейнелеуге арналған компонент. |
| Shape | Фигура. Осы компонент көмегімен Пішінге фигуралар: тіктөртбұрышты, эллипсті, дөңгелекті кірістіруге болады. |
| Bevel | Жиек. Пішіннің жекелеген бөліктерін үш өлшемді қоршаумен және жолақтармен ерекшелеу қызметін атқарады. |
| ScrollBox | Айналдыру жолақтары бар тақта. Мұның тақтадан айырмашылығы сол, егер онда орналасқан компоненттер оның шекараларымен қиып алынса, оған айналдыру жолақтары автоматты түрде кірістіріледі. |
| CheckListBox | Көп түрлі таңдау тізімі. Мұның стандартты ListBox компонентінен айырмашылығы, әрбір опция жанында бірнеше опцияны бірден таңдауды жеңілдететін тәуелсіз CheckBox типті ауыстырып қосқыштың бар болуында. |
| Splitter | Шекара. Бұл көрінетін екі компонент аралығынан шекара жасап және пайдаланушының оларды орын ауыстыруына мүмкіндік береді. |
| StaticText | Статикалық мәтін. Мұның стандартты Label компонентінен айырмасы, мәтінді қоршауға алуға немесе оны Пішіннің «батырылған» бөлігі түрінде ерекшелеуге мүмкіндік беретін жеке Windows – терезесінің болуында. |
| Chart | Диаграмма. Бұл компонент мәліметтерді графикалық түрде бейнелеу үшін арнайы тақталар жасауды жеңілдетеді. |
Win32 беті.
Осы бет 32 разрядты Windows – тың 95/98/NT ОЖ арналған интерфейс элементтерін жұмыс істетін компоненттерді қамтиды. Бұл компоненттер Windows – тың соңғы версияларының стилистикасымен үйлеседі.
Енді осы бетте қамтылған компоненттердің қызметтеріне жеке-жеке тоқталайық.
Пикто- грамма | Компонент Аты | Компоненттің атқаратын қызметі |
| TabControl | Астарлар жиынтығы. Әр астар жазбасы және/немесе мәтіні бар өріс түрінде болады. Мұнда астарларды таңдау бағдарлама арқылы танылады және ол компонент терезесіндегілерді басқару үшін қолданылады. |
| PageControl | Астарлары бар тақталар жиынтығы. Әр тақтаның өз интерфейс элементтерінің жиынтығы болады және ол онымен байланысты астарды шерту арқылы таңдалады. |
| ImageList | Суреттер жиынтығы. Мұны бірдей өлшемді бірнеше суреттерді сақтауға араналған қойма деп қарауға болады. |
| RichEdit | Пішімделген мәтіннің көпжолдық редакторы. Оның Memo компонентінен айырмашылығы, бұл мәтіннің қаріп, түс, туралау және т.б. (RTF пішімі) сипаттамаларын өзгерте алады. |
| TrackBar | Реттегіш. Бағдарламадағы кейбір шамалардың мәндерін басқару үшін қолданады. Мыс, осының көмегімен мультимедиалық құрылғылардың дыбысын өзгерту ыңғайлы. |
| ProgressBar | Процесс индикаторы. Осы компоненттің көмегімен біршама ұзақ процестің орындалу барысын, мыс, мәліметтердің көшірілуін бейнелеуге болады. |
| UpDown | Цифрлық реттегіш. Бұл компоненттің екі батырмасы осы компонентпен байланысты сандық шамаларды арттыру немесе кеміту қызметін атқарады. |
| HotKey | Басқарушы перне. Компонент F1, CTRL+Shift және т.б. басқарушы кодтарды енгізуге арналған. |
| Animate | Мультипликатор. Бұл қозғалмалы кескіндерді(бейнеклиптерді) бейнелеуге арналған , бірақ оны дыбыспен әрлей алмайды. ProgressBar компоненті сияқты, негізінен ұзақ процестің жүруі кезінде қолданылады. |
| DateTimePicker | Уақыт/мерзім селекторы. Компонент уақытты немесе мерзімді енгізуге немесе оларды бейнелеуге арналған. |
| MonthCalendar | Күнтізбе. Бұл күнтізбені бейнелеу және мерзімді немесе оның аралығын таңдау үшін қызмет етеді. |
| TreeView | Бұтақталған таңдау. Пиктограммалардың бұтақ тәріздес құрылымымен байланысқан жиынтығы болып табылады.Әдетте бұл каталог құрылымын және басқа соған ұқсас өзара иерархиялық түрде байланысқан элементтерді қарап шығуда пайдаланылады. |
| ListView | Пиктограммалар тақтасы. Бірнеше пиктограммаларды қарап, олардың ішінен қажеттісін таңдауды ұйымдастырады. Компонент пиктограммаларды тік немесе көлденең қатарларға орналастыра алады және оларды үлкен немесе кіші масштабпен көрсетуге мүмкіндігі бар. |
| HeaderControl | Басқарушы тақырып. Бұл жазбалары бар аралас секциялар қатарына бөлінген көлденең немесе тік жолақтар. Секциялардың өлшемін бағдарламамен жұмыс кезінде өзгертуге болады. Мұны әдетте, әр түрлі кестелердегі бағандар мен жолдардың өлшемін өзгерту үшін пайдаланады. |
| StatusBar | Статус тақтасы. Редакциялау терезесінде түрлі қызметтік ақпараттарды орналастыруға арналған. Оған мыс, Word мәтіндік редакторы терезесі қоршауының төменгі бөлігінде орналасқан қалып-күй жолы жатады. |
| ToolBar | Саймандар тақтасы. Бұл компонент BitBtn командалық батырмасы үшін контейнер қызметін атқарады және ол өз өлшемін оған батырмаларды қосқанда немесе оны жойғанда автоматты түрде өзгерте алады. |
| CoolBar | Саймандар тақтасы. Мұның ToolBar –дан айырмашылығы, бұл Edit, ListBox, ComboBox және т.с.с. Windows –тың стандартты интерфейстік компоненттерін орналастыруға арналған контейнер ретінде пайдаланылады. |
| PageScroller | Айналма тақта. Бұл енсіз саймандар тақтасын орналастыруға арналған. Қажет кезде тақта шетіне айналдыру жолақтарын құрады. |
System беті.
Мұнда әр түрлі қызмет атқаруға арналған компоненттер (мыс, Timer – кезкелеген бағдарламадағы ең маңызды компонент), оның ішінде Windows – тың стандартты технологияларын қуаттайтын бағдарлама аралық деректер алмасуды ұйымдастыратын OLE және DDE компоненттері де берілген.
Енді осы бетте қамтылған компоненттердің қызметтеріне жеке-жеке тоқталайық.
Пикто- грамма | Компонент Аты | Компоненттің атқаратын қызметі |
| Timer | Таймер. Нақты уақыт интервалын есептеуге арналған компонент. Ол 55 миллисекунд – тен кіші аралықта өңдей алмайды. |
| PaintBox | Суретке арналған терезе. Графикалық кескіндерді салуға арналған тікбұрышты аймақты құрады. |
| MediaPlayer | Мультимедиалық ойнатқыш. Осы компонент көмегімен түрлі мультимедиалық құрылғылар жұмысын басқаруға болады. |
| OleContainer | OLE-контейнер. Байланысқан немесе ендірілген обьектілерді қабылдаушы қызметін атқарады. |
| DDEClientConv | DDE- байланыс. Бұл DDEClientItem –мен бірге DDE-байланыста клиенттік бағдарлама құру үшін пайдаланылады.. |
| DDEClientItem | DDE- тақырып. Клиенттік қолданбада DDE-байланыстың тақырыбын анықтайды. |
| DDEServerConv | DDE- байланыс. Бұл DDEServerItem –мен бірге DDE-байланыста серверлік бағдарлама құру үшін пайдаланылады. |
| DDEServerItem | DDE- тақырып. Серверлік қолданбада DDE-байланыстың тақырыбын анықтайды. |
3. Delphi компоненттері – визуалды жобалаудың негізі.
Бос пішінді мазмұнды ететін – Delphi-дің компоненттері. Олар бас терезедегі палитра компоненттерінің тиісті астарларында орналасқан. Delphi-дің негізгі барлық компоненттері жоғарыда айтылған 4 астарда: Standard, Additional, Win32, System жатыр.
Осылардың пиктограммасына маустың нұсқағышын апарсақ, олардың аттары қалқып көрінеді. Осы компоненттерді Пішінге апару үшін, оны мауспен шертіп, сонан соң Пішіннің ол қойылатын орнын шертеді.Бұдан әрі оларды маус арқылы Пішін ішінде «қажетті интерфейсті» құрастыруға еркін тасымалдауға болады. Егер Сіз компонентті Пішінге көшіргіңіз келмесе, онда сол астардағы компоненттен бас тарту бағдаршасын шертсеңіз, белгілеу алып тасталады.
Delphi-де басқа бағдарламалау тілдеріндегі сияқты, барлық компоненттер қарастырылған анықтамалықтар бар. Мұнда біз сол компоненттердің ең негізгі қасиеттеріне және олардың жұмысына тоқталатын боламыз.
Ең алдымен, мәтінді бейнелеу компонентінен бастайық. Ол үшін жаңа жоба құрайық(File –» New –» Application), сосын Пішінге Label, Edit, Memo, Button компоненттерін тасымалдайық. Мауспен тиісті компоненттерді бір рет шерту немесе Tab пернесін басу арқылы Обьектілер инспекторындағы олардың қасиеттерін ашуға болады. Мәтінмен жұмыс істеуге арналған осы компоненттердің мынадай қасиеттері бар:
-
Width – компоненттің енін белгілейді; -
Height – компоненттің биіктігін белгілейді; -
Left – пішіннің сол жақ шетінен қашықтығын көрсетеді; -
Top - пішіннің жоғарғы жақ шетінен қашықтығын көрсетеді.
Компоненттер Пішінге орнатылғаннан бастап, олардың қасиеті мәнге ие болады. Компоненттерді мауспен пішіндегі жобалаған орнына қойған соң, обьектілер инспекторы арқылы оның өлшемдері мен координаттарын нақтылауға болады. Осы әрекеттерді бағдарламалау арқылы да орындауға болатынын алда көретін боламыз. Бұл компоненттердің бейнелік көрінісін олардың мына қасиеттері ұйымдастырады:
Label Button үшін - Caption,
Edit үшін – Text,
Memo үшін – Lines.
Пішінді «құрастыру» кезінде компоненттердің осы қасиеттеріне кезкелген мәнді беруге болады, тіпті оған мән беру арқылы компонентті көрінбейтін ете аласыз. Жоғалған компонентті инспектордағы тізімін шерту арқылы оның қасиетін көрсеңіз, сол кезде ол пішінде белгіленіп тұрады.
Енді бағдарламаны іске қосып көрейік(ол үшін жасыл бағдаршаны не F9 –ды басыңыз). Сонда сіз компоненттердің, яғни Label – пішінде жазба не белгі жазуға, Button – батырма қызметін атқаруға, Edit – жол енгізуге, Memo – мәтіндік редактор ретінде жұмыс істеуге дайын екенін көресіз.
Қазір біз шағын бағдарлама жазып көрейік. Әуелі жаңа жоба ашайық (File –»New –» Application) . Енді мына әрекеттерді орындайық:
-
Пішінге Edit(енгізу жолы) компонентін орналастырыңыз да, оның Text қасиетін тазалаңыз. -
Пішінге Button(батырма) компонентін орнатып, оның Caption қасиетіне, мыс: «бейнесін көрсет» деп жазыңыз. -
Пішінге Label – ді енгізіп, оның Font қасиетінен қаріп өлшемін(24) және түсін таңдаңыз. Оның Caption қасиетін тазалаңыз. -
Құрған батырманы екі рет шертіңіз.
Сонда бізге Delphi дайындаған батырманы басуға арналған модуль терезесі ашылады.
-
Осы код терезесінде Label1 деп жазыңыз(нүктеден соң тоқтаңыз, сонда көмексөз көрінеді). Сонан соң «С» пернесін бассаңыз, сонда Caption жолы белгіленеді. Delphi біз не енгізер екен деп күтіп тұр. Әрі қарай ештеңе жазбай, Enter-ді басыңыз. Сонда Label1.Caption деген жазу шықты. Мұндағы нүкте обьекті мен оның қасиетін бір-бірінен ажыратып тұр. Обьектіні қалай атау керек? Әрине атымен. Ол обьектінің барлық компоненттері үшін бірдей – Name қасиетімен беріледі және бұл инспекторлар обьектісінде орналасқан. Әрі қарай: -
Label1 обьектісінің Caption қасиетіне мән меншіктейік. Ол үшін «:=» - меншіктеу операторын пайдаланамыз. Сонда «Label1.Caption:=» шығады, енді не жазатыныңды ойланайық... -
Әрине, мұнда Edit1- дің Text қасиеті : “Edit1.Text” мәнін қабылдайды. -
Әр команда соңына (;) символы қойылуы қажет.
Сонда begin мен end арасына: Label1.Caption:=Edit1.Text; жазылады. Енді осыны сақтап, F9 пернесін басайық. Міне шағын бағдарлама құрылып болды. Нәтижесін көріңіз.
Ендігі бағдарламалар бұдан күрделілеу болады. Егер бағдарламада қате болып, ол орындалмаса не істеу керек? Ол кезде CTRL + ALT + DEL пернелер тобын орындап немесе ең оңайы қателер туралы ескерту терезесінде OK-ны басып, содан соң бас терезе менюінде Delphi Run –» Program Reset немесе Ctrl+F2 командаларын орындаған жөн.