Файл: Литература Атындаы имени Халыаралы международный 7 сынып Айтылым.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.04.2024
Просмотров: 10
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
5 сынып Айтылым
Бітірген- окончил
Ауыз әдебиеті-устная литература
Атындағы- имени
Халықаралық- международный
7 сынып Айтылым
Сауат ашу-грамотность Үлгерім-успеваемость
Шынайы-искренний Сыршыл-лирический
Жастар-молодежь Зерек-смышленый, способный
5 тапсырма
1-топ: «Блум түймедағы» тәсілі арқылы мәтінді талдайды. Сыршыл ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы бойынша кластер толтырады.
2-топ: «Кейіпкерге хат» тәсілі арқылы ақынға арнап хат жазады. Хатта өзін толғандырған мәселелермен бөлісе алады.
8 сыныпАйтылым
Еңсесі биік-высоко
Жүйрік-находчивый
Ақиқат-истина
Ұйытқы-основа
2-тапсырма. Бос орынға тиісті жалғауларын жалғап жаз.
1. Туған ел….– тірлігінің айғағы,
Тіл…... барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тіл…., менде бірге өсе……,
Өшсе тіл….., мен де бірге өше….!
3-тапсырма. Адасқан сөздерден мағынасына қарай дұрыс сөйлем құра.
Тілі, қазақ, байлығы - , халқының, қазақ.
Баға, тіл, мұра - , жетпес.
Адамзаттың – әрбір, борышы, абыройын, тілдің, туған, абзал, асқақтату
Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp мобильді қосымшасы арқылы жібереді
Менің тілім - мәңгілік тіл.
Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ана тілі, шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты, көркем, дана, сұлу, рухани бай, Абай әрлеген, Жамбыл жырлаған, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі!
Қазақ тілі әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не? Себебі, тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз қазақ тілі.
Тіл қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғап, оның орынсыз шұбарлануының қарсы тұруы тиіс. Себебі, ана сүтімен дарыған тіл - ең басты байлығымыз.
Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. Мемлекеттік тіл мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс.