Файл: Информатика пнінен тест жауабымен Есептеу техникасыны даму тарихы. Компьютерді буыны. айсысы алашы есептеу рылысы емес.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 20

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Информатика пәнінен тест жауабымен

Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютердің буыны.

1. Қайсысы алғашқы есептеу құрылғысы емес?

А) Шоттар

В) Арифмометр

С) Калькулятор

D) Соробан

2. Программа бойынша жұмыс істеген бірінші құрылғы:

А) Арифмометр

В) Холлерит машинасы

С) Шоттар

D) Беббидж машинасы

3. Бірінші программалаушы кім?

А) Чарльз Беббидж

В) Герман Холлерит

С) Ада Августа Лавлейс

D) Блез Паскаль

4. «ЭЕМ буыны» терминін қалай түсінеміз?

А) Тек бір ғана ғылыми және техникалық принциптерге негізделіп жасалған ЭЕМ-нің барлық түрлері мен модельдері

В) Барлық есептеу машиналары

С) Ақпаратты өңдеуге, сақтауға және тасымалдауға арналған машиналар жиыны

D) Процессордың Pentium моделінің барлық түрлері

5. Бірінші электрондық компьютер болған есептеуіш машина қалай аталады?

А) АВС

В) ДВК

С) БЭСМ-2

D) ENIAC

6. Алғашқы ЭЕМ қай жылы пайда болды?

А) 1946ж.

В) 1949ж.

С) 1980ж.

D) 1956ж.

7. Қазіргі кезде компьютердің неше буыны бар?

А) 3

В) 4

С) 5

D) Анықталмаған

8. Бірінші буын компьютерлерінің элементтік базасы – ол:

А) Транзистор

В) Интегралдық сызба

С) Электрондық лампа

D) Үлкен интегралдық сызба

9. Екінші буын компьютерлерінің элементтік базасы:

А) Транзистор

В) Интегралдық сызба

С) Электрондық лампа

D) Үлкен интегралдық сызба

10. Қай буынның компьютерлері дербес компьютерлер деп аталады?

А) Екінші

В) Үшінші

С) Төртінші

D) Бесінші

ДК сәулетінің заманауи даму бағыттары

1. Құрылғылар арасында деректер алмасу үшін жауапты шинаны атаңдар:

А) Деректер шинасы

В) Адрестік шина

С) Басқару шинасы

D) Бұйрық шинасы

2. Жедел жады және видео жады бақылаушыларынан тұратын көпір қалай аталады?

А) Оңтүстік көпір

В) Жүйелік көпір

С) Солтүстік көпір

D) Бұйрықтық көпір

3. USB шинасын қандай дискілерді қосу үшін қолданады?


А) Оптикалық дискілерді

В) Флэш-дискілерді

С) Жұмсақ магниттік дискілерді

D) DVD дискілерді

4. ДК сәулеті деген не?

А) ДК ішкі ұйымдастырылуы

В) Ақпаратты түрлендірудің техникалық құралдары

С) Ақпаратты түрлендіру үшін қажетті техникалық құралдар

D) Тұрмыстық техниканы басқару жүйелері

5. Жедел жады не үшін керек?

А) Модеммен компьютерді жалғау үшін

В) Ақпаратты өңдеу үшін

С) Программаларды іске қосу үшін

D) Ақпаратты уақытша сақтау үшін

6. Шинаның негізгі сипаттамасы:

А) Разрядтылығы

В) Тактілік жиілігі

С) Сыйымдылығы

D) Ұзындығы

7. Шет орналасқан құрылғылар бақылаушысынан тұратын көпір қалай аталады?

А) Солтүстік көпір

В) Оңтүстік көпір

С) Жүйелік көпір

D) Бұйрықтық көпір

Алгоритмдер және оны орындаушылар

1. Алгоритм дегеніміз - ...

А) Іс-әрекет

В) Толық сипатталған тапсырма

С) Берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы

D) Математикалық есептің шешілуі

2. Төмендегі құжаттың қайсысы алгоритм?

А) Техникалық қауіпсіздік ережесі

В) Аспаздық рецепт

С) Сабақ кестесі

D) Сынып тізімі

3. Алгоритм орындаушыларына жатпайтынын көрсетіңдер:

А) Жазу үстелі

В) Адам

С) Ыдыс жуатын машина

D) Робот

4. Кез келген алгоритмнің соңғы бұйрығын көрсетіңдер

А) Бітіру

В) Алгоритмдегі іс-әрекетті аяқтайтын кез келген бұйрық

С) Орындау

D) Соңы

Алгоритмнің жазылу формалары

1. Ұсынылғандардың ішінен алгоритм формаларына жатпайтынын көрсетіңдер:

А) Сөздік

В) Графикалық

С) Алгоритмдік тілде

D) Ағылшын тілінде

2. Блок-сызба алгоритміндегі іс-әрекет дегеніміз:

А) Эллипс (сопақша шеңбер)

В) Тіктөртбұрыш

С) Ромб

D) Алтыбұрыш

3. Блок-сызба алгоритміндегі енгізу-шығару мәліметтері қандай фигурамен беріледі?

А) Эллипс (сопақша шеңбер)

В) Тіктөртбұрыш

С) Ромб

D) Параллелограмм

4. Блок-сызбада алгоритмнің басы мен соңы қандай фигурамен беріледі

А) Эллипс (сопақша шеңбер)

В) Тіктөртбұрыш

С) Ромб


D) Параллелограмм

Алгоритм түрлері

1. Егер алгоритмдегі іс-әрекет бірінен кейін бірі қатаң түрде орындалса ... алгоритм деп аталады.

А) Сызықтық

В) Тармақталған

С) Толық емес формадағы тармақталған алгоритм

D) Тармақталған элементтері бар сызықтық алгоритм

2. Толық және толық емес формадағы алгоритмді не деп атаймыз?

А) Сызықтық

В) Тармақталған

С) Ондай алгоритм жоқ

D) Таңдау алгоритмі

3. Тармақталу алгоритмінің блок-сызбасындағы шарттың берілуі қандай фигурамен сипатталады:

А) Тіктөртбұрыш

В) Эллипс (сопақша шеңбер)

С) Алтыбұрыш

D) Ромб

4. «Егер сағат кешкі 11 болса, онда ұйықтау керек, әйтпесе кітап оқу керек». Қандай алгоритм?

А) Сызықтық

В) Тармақталу алгоритмінің толық формасы

С) Тармақталу алгоритмінің толық емес формасы

D) Аралас түр

Циклдік алгоритмдер

1. Қайсысы алгоритмге жатпайды?

А) Сызықтық

В) Бұйрықтық

С) Тармақталу

D) Циклдік

2. Циклдік алгоритм дегеніміз:

А) Алгоритмнің бірнеше рет қайталануы

В) Іс-әрекеттің орындалуы қойылған шартқа тәуелді алгоритм

С) Егер алгоритм тізбектеле орындалса

D) Алгоритмнің графикалық түсіндірілуі

3. Блок-сызбада циклдік алгоритмнің шарты ... жазылады.

А) Тіктөртбұрыш

В) Ромбта

С) Параллелограмда

D) Алтыбұрышта

Модельдің түрлері

1. Моделді тек ... құруға болады.

А) Нақты бар нысанға

В) Ойластырып алған нысанға

С) Кез келген нысанға, үдеріске, құбылысқа

D) Табиғи құбылыстарға

2. Модельдеудің негізгі кезеңдері ол:

А) Модельді құру, компьютерлік тәжірибе

В) Есептің қойылуы, модель құру, компьютерлік тәжірибе, модельдеу нәтижесін талдау

С) Есептің қойылуы, модельді құру

D) Модельді құру, модельдеу нәтижесін талдау

3. Ақпараттық модель:

А) Компьютердің көмегімен жүзеге асады

В) Нысанның, үдерістің, құбылыстың сипаттамасын береді

С) Нысанның қасиеттерін сипаттайтын математикалық формулалар

D) Тек статикалық модель болуы мүмкін

4. Уақыт факторларына байланысты модельді келесідей деп айтуға болады:

А) Компьютерлік және компьютерлік емес

В) Статикалық және динамикалық

С) Тәжірибелік және имитациялық


D) Сөздік модельдеу

Мәтіндік процессор туралы жалпы мағлұмат. Программаның интерфейсі

1. Артығын таңдаңдар:

А) WordPad

B) Microsoft Word

C) Paint

D) Блокнот

2. Ашық құжаттағы беттердің санын қалай анықтауға болады?

А) жолақтың Бетті белгілеу (Разметка страницы) тіркеме парағында

В) жолақтың Басты (Главная) тіркеме парағында

С) терезенің тақырып жолында

D) қалып-күй жолында

3. Құжатты қарап шығу масштабын өзгертуге болады:

А) жолақтың Бетті белгілеу бөлімінде

В) жолақтың Басты бөлімінде

С) терезенің тақырып жолында

D) қалып-күй жолында

4. Жанама мәзірді қалай шақырамыз?

А) құжаттың қажетті элементін тінтуірдің оң батырмасын шерту арқылы

В) құжаттың қажетті элементін тінтуірдің сол жақ батырмасын шерту арқылы

С) құжаттың қажетті элементін тінтуірдің оң батырмасын екі рет шерту арқылы

D) құжаттың қажетті элементін тінтуірдің сол жақ батырмасын екі рет шерту арқылы

5. Құжатты сақтау бұйрығы қайда орналасқан?

А) жолақтың Басты тіркеме парағында

В) Файл мәзірінде

С) Office батырмасының мәзірінде

D) тек пернетақтадан қолжетімді

6. Түр → Басқа терезеге ауысу бұйрығы не үшін керек?

А) жаңа терезе ашу үшін

В) жаңа құжат құру үшін

С) бұрын құрылған құжатты ашу үшін

D) ашық құжаттар бойынша жылжу үшін

Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері

1. Кегль – ол:

А) қаріптің сырт пішімі

В) қаріптің мөлшері

С) абзацтың элементі

D) пішімдеу сызғышындағы маркер

2. Символдар тізімдемесін, оның ішінде пернетақтада жоқтарын да, экранда көрсетуді келесі бұйрықтар немесе сұхбаттық терезелер көмегімен жүзеге асыруға болады:

А) Кірістіру →Символ бұйрығы

В) Тіркеме парақ жолағының Басты бөлімі

С) Абзац сұхбаттық терезесі

D) Қаріп сұхбаттық терезесі

3. Сендер мәтінді, экранға қарамай тердіңдер делік. Біраз уақыттан кейін CapsLock пернесінің басулы тұрғанын көріп қалдыңдар. Ары қарай қандай әрекет жасайсыңдар?

А) мәтінді қайта тереміз

В) емле қателерін тексеруді қолданамыз

С) Регистр батырмасының көмегімен бас және жай әріптердің кезектесіп орналасу ретін«Сөйлемдегідей» тәртібіне өзгертеміз

D) Басты → Қаріп сұхбаттық терезесінде Регистр ажыратып-қосқышын жалғаймыз


4. Сиректетіп теру үшін не істеу керек?

А) Абзац сұхбаттық терезесін шақырып, Қосымша тіркеме парағына ауысамыз және «Интервал» тізімінен «сиректетілген» параметрін таңдаймыз

В) жолақтың Басты→Қаріп тіркеме парағында тиісті батырманы қосамыз

С) символдарды арасына бос орын қосып тереміз

D) Қаріп сұхбаттық терезесін шақырып, Қосымша тіркеме парағына ауысамыз және «Интервал»тізімінен «сиректетілген» параметрін таңдаймыз

5. «х2» мәтінін теру үшін қандай батырманы басу керек?

А) жоласты белгісін

В) жолүсті белгісін

С) форматты тазалау

D) Кірістіру → Символ→Басқа символдар бұйрығын.

6. Мәтіннің түсін өзгерту батырмасы – ол:

*

7. Мәтіннің түсін фломастермен боялғандай етіп өзгерту батырмасы – ол:



8. Қаріптің барлық баптауларын алып тастау үшін қолданылатын батырма:



9. Қаріптің мөлшерін үлкейту немесе кішірейту үшін қолдануға болатын батырма:



10. Қаріптің кеглін өзгерту батырмасы:



Абзацтар, шегіністер және интервалдар

1. Жоларалық интервалды өзгертуге болатын бұйрық қандай?

А) Жанама мәзір → Абзац

В) Жанама мәзір →Қаріп

С) Жанама мәзір → Интервал

D) Жанама мәзір → Қаріп → Абзац

2. Экранда пішімдеу сызғышы жоқ. Оны қалай қосамыз?

А) Түр → Пішімдеу сызғышы → Көрсету

В) Түр → Көрсету немесе → жасыру →Сызғыш

С) Басты → Көрсету немесе →жасыру → Сызғыш

D) Оны қосуға болмайды

3. Пішімдеу сызғышының қызметі:

А) абзацтың параметрлерін ( сол жақ және оң жақ шеттер шегіністерін, азат жолды) баптау

В) қаріптің параметрлерін баптау

С) құжаттың мөлшерін бақылау

D) азат жол шегіністерін өзгерту

4. Мәтіннің атауын жолдың ортасына қалай орналастырамыз?

А) атауды ерекшелеу және батырмасын басу