Файл: Кні 31. 01. 2023 жыл Таырыбы ызы екен Сыныбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Күні: 31.01. 2023 жыл

Тақырыбы: Қызық екен...

Сыныбы : 9-11 сынып

Мақсаты: телевизиялық шоу негізінде ұйымдастыру арқылы оқушылардың биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, білімдерін жан-жақты дамыту Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге баулу.

Түрі: интелектуалдық ойын сайысы

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, тәжірибеге арналған заттар, планшеттер

Жүру барысы: Ұйымдастыру

Құрметті оқушылар мектебімізде өтіп жатқан жаратылыстану пәндер апталығының тағы бір сайысына қош келдіңіздер. Біз бүгін сіздермен өздеріңізді тапқырлыққа, шапшаңдыққа, зейінділікке және зеректікке тәрбиелейтін интелектуалдық ойынды өткізгелі отырмыз.

«Қызық екен...» әлемге танымал «Fremantle media» компаниясының жаңа өнімі. Бұл интеллектуалдық ойын-сауықтық бағыттағы телевикторина. Ойын екі топ арасында өтеді. Әр топ берілген сұраққа жауап беру арқылы ұпай жинайды.

Біздің бүгінгі ойынымыз осы телевизиялық шоу «Қызық екен» бағдарламасы негізінде өткізіледі. Ойынға 9-11 сынып оқушылары қатысады. Қойылған сұраққа әр топ дұрыс жауап беру арқылы ұпай жинайды. Оқущыларды топқа топ нөмірлерін таңдату арқылы бөлеміз.
Ойынның толық сипаттамасы:

Әр топтың топ басшысы болады.

Залда ойыншыларды қолдап келген жанкүйерлер болады.

Ойын барысында екі топқа 12 тақырып бойынша сұрақ қойылады.

Сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.

Дұрыс жауап презентация арқылы беріледі.

Сұрақтар әрқилы болуы мүмкін.
Негізгі 12 тақырыптан соң, финал ойнатылады, яғни 13 сұрақ қойылады. Финалда кезінде әр топ жинаған ұпайын сұраққа тігеді. Екі топқа ортақ сұрақ қойылады. Сұраққа жауап беру үшін 20 секунд беріледі. Егер топ дұрыс жауап берсе, бәс ретінде тігілген ұпайы негізгі ұпай санына қосылады. Қате жауап берсе, жинаған ұпайы күйіп кетеді. Қай топтың жинаған ұпайы көп болса, сол топ жеңіске жетеді.

Ендеше, ойынға қатысушы топтармен танысайық.
I топ. ___________ тобы

II топ . ___________ тобы


Ендеше ойынымызды бастаймыз. Негізгі тақырыптарымыз:
Жұмбақ жануар

Үй құсы

Ерекшелік

Киелі құс

Тіршілік иесі

Құстар сыры

Жағажай

Көңіл күй

Теңіз жануары

Сезім мүшесі

Қорғаныс

Бесік жыры
1.Төмендегі тіршілік иелерінің ішіндегі қан қысымы ең жоғарғысы қайсысы?

Керік

2.Адамның температураны сезбейтін сезім мүшесі


Көз

3.Жүзе алмайтын жануар

Түйе

4.Қауіп төнгенде хамелеон кесіртке не істейді?

Құйрығын үзіп,қашып кетеді.

5.Мүлде ауырмайтын жануар?

Акула

6.Артқы қарай жүре алмайтын жануар

Кенгуру

7.Ұзақ өмір сүретін үй құсы. Ол 25 жыл өмір сүре алады.

Қаз

8.Оның салмағы 170-250 г , аяғы ұзын, қимылы ширақ. Оның жұмыртқасында сепкіл бар. Оның жұмыртқасын жарсаң , бетіңе сепкіл пайда болады. Ол « Қызыл кітапқа » енген құс

Тарғақ

9.Жапон макакалары бір-бірінің көңілін көтеру үшін не істейді?

Қар атысып ойнайды.

10.Теңіз кәмшаттары қалай ұйықтайды?

Бір – бірімен қол ұстасып ұйықтайды.

11.Қазақ халқы киелі санайтын үш құс: бүркіт , аққу және ...

Қарлығаш

12.Дельфин қалай ұйықтайды?

Бір көзін жұмып ұйықтайды.

12 тақырыпты таңдалып болғаннан кейін соңғы қорытынды сұраққа береміз.

13. Тәжірибе

Апельсин қандай жағдайда суға батпайды?

Қабығы аршылған жағдайда

Қабығы жартылай ашылған жағдайда

Қабығы аршылмаған жағдайда

Олай болса ортаға 8 а сынып оқушысын тәжірибе жасау үшін ортаға шақырамыз.

Керекті заттар: су толтырылған ыдыс, 3 апельсин

Қортындысы: Қабығы аршылмаған жағдайда суға батпайды.
Осымен «Қызық екен...» интелектуалдық ойынымсыз аяқталды. Ендігі кезекті «Не зат ?» ойынына береміз.

Ойын шарты: көзі байланған оқушы заттарды тауып , нақты атын атау керек.

Ортаға 4 оқушыны шақырамыз.

Керекті заттар: асқабақ , бақа , балық , тасбақа , күріш , ошаған , жұмыртқа , қияр , мұз , түйе , жүн , сәбіз ;

Қорытынды. Ойынға белсенділік танытып , қатынасқан оқушылар марапатталады.

Осымен бүгінгі шарамыз аяқталды

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар.

Білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік.

Жақсы күндерде кездескенше сау болыңыздар!

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің «Қаныш Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қызық екен...

Интелектуалдық ойын



Өткізген: Биология пәні мұғалімі, Калиева И.С.

Информатика пәні мұғалімі, Айдаубай И.

2022-2023 оқу жылы

Күні: 31.01. 2023 жыл


Тақырыбы: Қызық екен...

Сыныбы : 9-11 сынып

Мақсаты: телевизиялық шоу негізінде ұйымдастыру арқылы оқушылардың биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, білімдерін жан-жақты дамыту Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге баулу.

Түрі: интелектуалдық ойын сайысы

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, тәжірибеге арналған заттар, планшеттер

Жүру барысы: Ұйымдастыру

Ойын барысы:

Әлемде 365 млн адамның компьютері бар, ал жер шарындағы адамдардың тең жартысы компьютер мен телефон ұстап көрмеген!!! Осындай қызықты ақпаратпен бүгінгі «Қызық екен» ойынында алмасатын боламыз.

Құрметті оқушылар мектебімізде өтіп жатқан жаратылыстану пәндер апталығының тағы бір сайысына қош келдіңіздер. Біз бүгін сіздермен өздеріңізді тапқырлыққа, шапшаңдыққа, зейінділікке және зеректікке тәрбиелейтін интелектуалдық ойынды өткізгелі отырмыз.

«Қызық екен...» әлемге танымал «Fremantle media» компаниясының жаңа өнімі. Бұл интеллектуалдық ойын-сауықтық бағыттағы телевикторина. Ойын екі топ арасында өтеді. Әр топ берілген сұраққа жауап беру арқылы ұпай жинайды.

1 тур – 8 сұрақтан тұрады, әр сұрақтың жауап нұсқалары бар

2 тур – 6 сұрақтан тұрады, берілген тұжырымдардың дұрыс не жалған екенін анықтау

3 тур – 3 тапсырмадан тұрады, белгілі уақыт ішінде қималардан мақал-мәтелдерді құрастыру
1-тур

  1. Төмендегі тіршілік иелерінің ішіндегі қан қысымы ең жоғарғысы қайсысы?

А)керік

Б)сусиыр

В) қолтырауын

  1. Мүлде ауырмайтын жануар

А)дельфин

Б)итбалық

В)пингвин

Г) акула

  1. Адамның температураны сезбейтін сезім мүшесі

А)мұрын

Б)ауыз

В)көз

  1. Жүзе алмайтын жануар

А)ит

Б)аю

В)түйе

Г) пингвин

  1. ActiveBoard деген не?

А)қалам

Б)көрсеткіш

В)тақта

  1. Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын, қорқақ, компьютердің кенже баласы

А)пернетақта

Б)колонка

В)тышқан

  1. Өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін құртатын жалмауыз

А)монитор

Б)интерактивті тақта

В)планшет

  1. Саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ деп мүлде айта алмайтын, иә- ні қолдап қайталайтын


А)колонка

Б)монитор

В)планшет

Г) пернетақта
2-тур

  1. Әлем халқының 1%-ы ғана солақай екен. ЖАЛҒАН (7%)

  2. Ең көп тараған желі түрі-Фейсбук ШЫНДЫҚ

  3. Күнделікті өмірде қолданып жүрген ақшалар қағаздан емес, мақта мен зығыр сияқты төзімді заттардан жасалады. Кей елдер пластик ақша қолданады. ШЫНДЫҚ

  4. Алғаш портативный компьютер-2 киллограм салмақты болған ЖАЛҒАН. (12 кг)

  5. Ағылшындар басқа халықтармен салыстырғанда шәйді 20 есе кемірек ішеді екен. ЖАЛҒАН. (20 есе артығырақ)

  6. Бүгінгі күні адамдардың 1,8 миллиард адам желіні қолданады. ШЫНДЫҚ


3-тур

« Мақал –сөз мәйегі» бұл бөлімде топтарға информатика мен биологияға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек, дұрыс аударылған мақалға 10 ұпай беріледі.

  • Жігітті миына қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)

  • Ағзаның жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)

  • Иммунитеті күштіні-Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)

  • Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)

  • Вирустан  қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

  • Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)

Жігітті досына қарап, бағала
Аттың сыры, иесіне мәлім
Досы күштіні – жау алмайды
Теңге тиыннан құралады
Шегірткеден қорыққан, егін
Екпес
Білмесең білгеннен сұра