Файл: Таырыбы Webсайт руды тиімді тсілдері Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: Web-сайт құрудың тиімді тәсілдері
Мақсаты: Бастапқы веб-беттерді құру туралы көзқарасын қалыптастыру және сайт мүмкіндіктерін дұрыс әрі мәдениетті пайдалануды үйрету. FrontPage -2003 бағдарламаларының мүмкіндіктерін тереңірек меңгеру.
Тапсырма: Веб-сайттарды FrontPage-2003 бағдарламасында құру.
Жаңашылдығы: Осы ғылыми жұмыстың жаңалығы сайт жасау арқылы жұмысты түсінікті әрі жинақы түрде түсіндірудің ең тиімді тәсілі екеніне көз жеткізіледі.
Зерттеу бөлімі: Жұмыс 3 бөлімнен, кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Ғылыми жұмыста сайт атауы «Алтын ұя мектебім» деп аталды. Онда Қарлығаш орталау мектебі туралы ақпарат берілді.
Қорытынды: Ұрпақ үшін білімнің маңызы қандай болса, ақпараттық технология да оқушы үшін қоршаған әлемді танудың құралы. Олай болса ғаламтордың барлық мүмкіндігін кеңінен пайдалану – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.
Ұсыныс: Жұмысты одан әрі жалғастыра отырып, басқа да бағдарламалау тілдерін пайдаланып одан әрі күрделі анимациялық және қолданушыға қолайлы интерфейс жасауды, кез келген маман өз саласында тиімді және аз уақыттың ішінде өз веб-сайтын жасай алу мүмкіндігіне ие бола алады.

 

Жұмыстың мазмұны:

Мақсаты:

HTML тілі мен FrontPage бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып Web-сайт құруды үйрену. Өзін-өзі дамытуға, әлемдегі және басқа адамдар арасындағы өзінің орнын анықтауға, сондай-ақ өздері өмір сүріп жатқан қоғам заңдылықтарын терең түсінуге қабілетті, қазіргі қоғамдағы ақпараттандыру жүйесін дамыту барысында ақпараттық қоғамды басқара алатын және телекоммуникация саласында қызмет ететін жеке тұлға болып қалыптасу.

Міндеттері:Ақпараттық ағынды басқару жолдарын жинақтау;Web сайт құру технологияларын игеру;HTML тілінің мүмкіндігін пайдалана білу;Интернет мәні мен мүмкіндігін ұйымдастыру.

Өзектілігі: Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатын әдістемелік жұмыс.

Осы жобаны таңдау себептері:

  • Web сайт құруда қажетті технологияны таңдай алуы;

  • ақпараттық жүйелер ұғымы;


Жобадағы қарастырылған мәселелердің артықшылығы:

Web сайт құруда FrontPage-2003 бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалануын қамтамасыз ету;қоғамда ақпараттандыруды қалыптастыру.

Зерттеу нысанасы:Web сайт құру технологиялары туралы түсініктерін қалыптастырып, HTML тілі мен FrontPage программасының мүмкіншіліктерін пайдалана отырып жұмыс істеу қабілеттерін дамыту

Зерттеу пәні:Информатика

Болжам: ақпараттандыру кезеңіндегі жаңа технологияны қолдана білсе,

HTML тілінің тэг қызметтерін біліп, қолдана алса, өз бетінше сайт құра алса,

шығармашылықпен айналыса білсе, сайтқа кіріп, өз қажеттерін ала алатын және өз ұсыныс-пікірлерін жібере алар еді.

Күтілетін нәтиже:

Бәсекеге қабілетті қоғамға қажет, сапалы шешім қабылдай алатын;

Web сайт құру технологияларын игерді;

HTML тілі мен FrontPage программасының мүмкіндіктерін пайдалану;

Интернет мәні мен мүмкіндігін ұйымдастыру.
Кіріспе

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.

Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.

Мектеп бітірушілер компьютерлік сауаттылықты меңгеріп шығады, бірақ келешекте олар программист, инженер, жүйе администраторы болуы міндетті емес. Дегенмен кез-келген шығармашылық мамандық сізден қазіргі заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгеруді талап етеді. Шығармашылық жұмыстын қорытындысы әр қашан жаңа білім, жаңа ақпарат, ал осы ақпаратты таратудың ең жеңіл әдісі – Интернетте жариялау.

Интеренетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол Web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, Web-дизайн негіздерін білу кез келген мамандықта қажет болады, өйткені Web-бет дизайны – бұл ақпараттық дизайн.

Қазіргі замандағы Интернет-технологиялар



Web-сайт бұл дүниенің кішкентай моделі. Бұрынғы кезде Web-сайтты бір адам — Web-мастер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам жасайды. Олар Web-дизайнер, программист, бизнес-кеңесші, маркетинг бойынша басқарушы, менеджер.

Не себептен мектеп курсына Интеренет технологиясын оқыту керек болды? Web-мастер мамандығы қазіргі кезде өзінің кұпиялығын жоғалтып жатыр, ал сайт жасау технологиясы зертхана сыртына шығып көпшілікке белгілі болып жатыр.

Бұның негізгі белгісі Интернет-жобаларға өсіп жатқан инвестициялар, Web-сайттардың күрделі білімдік, ғылыми, комерциялық мүмкіндіктері. Интернет технологиялар төмендегі жолдармен дамып келе жатыр:

  • Web-технологиялар;

  • Сайт жасау экономикасы;

  • Web-дизайн және Web-программалау маркетингісі;

  • Адам ресурстары және т.б.

Web-сайт жасақтау жұмысын бірнеше кезеңнен тұрады:

  • Жоспарлау;

  • Элементтерді жасақтау;

  • Бағдарламалау;

  • Тестілеу;

  • Жариялау;

  • Жарнамалау;

  • Бақылау.

Жоспарлау кезеңінде төменгі мәселелер шешілуі керек:

  • Сайттың орны.

  • Сайттың аудиториясы кімдер.

  • Қандай ақпарат жарияланады.

  • Қолданушылармен қарым-қатынас қандай түрде ұйымдастырылады.

Элементтерді жасақтау кезеңінде сайттың программалық өнім түрінде жүзеге асырылуы қарастырылады:

  • Навигациялық құрылымын жасау.

  • Беттің дизайнын жасау.

  • Бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу.

Бағдарламау

  • Бұл кезеңңің мәні сайтты форматтауда.

  • Тестілеу

Сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі тестілеу. Тестілеу кезеңде сайттың жұмыс істеу дұрыстылығы тексеріледі, оның ішінде:

  • Сілтеменің жұмысы;

  • Мәтіндегі қателер;

  • Навигацияның тиімділігі.

  • Пошта және басқа формалардың дұрыстығы.

  • Графикалық файлдардың ашылуы.

  • Әр түрлі браузерлерде сайттық жұмысы.


Жариялау

Тест аяқталғандан кейін Web-сайт серверде жарияланады және қайтадан тексеріленеді.

Жарнамалау

Web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт туралы белгілі болу үшін сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау керек. Осы мақсатқа жету үшін келесі мүмкіндіктерді пайдалануға болады:

  • Web-cайт адресін әр түрлі баспаларға жазу керек;

  • Web-сайтты әр түрлі серверлерде тіркеу;

  • Web-cайтқа сілтемелерді басқа Web-сайттарға кіргізу;

  • Баннерлерді жарнама ретінде қолдану.

Бақылау

Web-сайтта жариялап жарнамалаған соң оған қатысу деңгейі оның беттерінде орналастырылған ақпараттың қажеттілігімен, жаңалығымен және көкейтестілігімен анықталады. Web-сайт имиджін сақтау үшін ол жердегі ақпаратты әрдайым жаңартып тұру керек.
Front Page бағдарламалық жабдығы және олармен жұмыс


Егер бірінші ЭЕМ-нің бүгінгі күннен тек жарты ғасыр ғана бұрын құрылғандығын ескеретін болсақ, онда Internet компьютерлік әлемнің ардагері деуіміз дұрыс болар. Себебі Internet тарихы осыдан 30 жыл бұрын басталған. Алпысыншы жылдардың аяғында құрылған Internet АҚШ елдерінде көбінесе коммуникациялық желі ретінде қолданылған (ARPAnet деп аталған). Ол көбінесе жоғарғы оқу орындарында қолданылып, тек сексенінші жылдары ғана бұл желі өз қанатын бүкіл елге жайып, Internet — деген атау алады.

Бүгінгі күні бағдарлаушыларға Web-беттерді құру үшін жүздеген әр түрлі бағдарламалар, құралдар бар екендігі бәрімізге мәлім. Солардың ішінде HTML-редакторлары, графикалық пакеттер және осылардың ішіндегі ең мықтысы – Front Page бағдарламасы да Web-беттерді құру үшін құрылған. 
Web-беттерді құрудың ең оңай жолы – бұл мастер мен шаблондарды қолдану болып саналады.


Мастерлер мен шаблондарды құру. Шаблон каркас тәріздес, ол жаңа құжаттар құру кезінде қолданылады. Ал мастер бір немесе бірнеше экран беттерінен құрылған бірнеше сұрақ қою нәтижесінде, сіздің қажеттіктеріңізді анықтайтын және результат нәтижесінде қанағаттанған құжатты генерациялайтын (арттыратын) бағдарламалық модуль. Бұл жағдайда шаблоның мастерге қарағанда мүмкіншілігі аз, бірақ екі жағдайда да біз Web-беттің негізі бола алатын құжатты ала аламыз. 
Шаблондар дегеніміз – мүмкіндігіне орай Frontpage толтыруды ұсынатын сайттар мен беттердің үлгісі. Олар мастерлер секілді сайт пен беттерді құрудағы мәрелік (старттық) аудан болатын құрылымды құрайды. Бірақ мастерлер тапсырыс берілген сайт пен бет үрдісін ұсынады, сонда шаблонды таңдап алып, осы шаблонның нақты мәтін үлгісі бар сыңарын аласыз. Соңынан оны өзіңіз жасаған шаблонмен ауыстыруға болады. Frontpage шаблон беттердің көптеген түрлерін ұсынады, олар, таза бет каркасы тәріздес Normal Page – кәдімгі бет шаблоннан басталып, Three Column Staggered ең қиын үшбағанды бет шаблонына дейін өзгереді. Бар сайтқа шаблон арқылы құрылған жаңа беттерді қосқанда, өзіңіздің Web-бетіңізді тез және оңай түрде өзгерте аласыз.


Құрал — саймандар панелімен жұмыс жасау. Редактордың құрамына құралдар панелі кіреді және оларды View менюі арқылы басқаруға болады, олар:

 
- Standard (Стандарттық);
- Format (Форматтау);
- Image (Сурет салу);
- Forms (Формалар);
- Table (Кестелер);
- Advanced (Қосымша).


 

Front Page бағдарламалысының интерфейсі

 

Сонымен қатар View менюінің құрамына Status Bar (Жолдар жағдайы) Format Marks (Символдарды форматтау) қосымша бөлімдер кіреді. 
Бұл бөлімдерде редактордың көмегімен беттерге қоюға болатын элементтердің көбі сипатталып жазылған. Олардың барлығы беттердің кәдімгі элементтері, мысалы, текст құжаттары, гиперссылкалар, тақырып аттары, кестелер (tables), фрейм (frames) және жылжымалы жолдар (marquees). Сонымен қатар редактордың көмегімен WЕВ-беттерге формаларды (forms) және компоненттерді (Components) қоюға болады. Меню, құралдар панельдері және элементтердің көбі Word бағдарламасында жұмыс істеуімен өте ұқсас болып келеді.


Web-беттермен графикалық жұмыс жасау. Web-беттермен графикалық жұмыс істеген кезде ең негізгі мәселенің (проблеманың) бірі болып, браузер бетінде пайда болған бейне суреттердің жылдамдығы файлдардың алатын жады көлеміне байланысты. Графикалық форматтар көбінесе сол форматпен байланысқан кеңейткіштер арқылы аталады. Ал олар өз алдына көптеген қиындықтарға әкеледі. Осындай форматтарға BMP, GIF, EPS, TIF, JPEG, WMF және т.б. жатады. Бірақ та Frontpage тілінде Web-беттермен жұмыс істеген кезде біз көбінесе екі түрлі бейне суреттерді ғана қолданамыз, олар: JPEG және GIF. Олардың екеуі де қысылған және Web-беттермен жұмыс істеген кезде ең жиі қолданатын графикалық форматқа жатады. Frontpage көп түрлі графикалық форматтарды импорттап алады, олар:

 
- JPEG (JPG); 
- CompuServe GIF (GIF);
- BMP файлдары;
- TIFF (TIF);
- Метафайлдар Windows (WMF);
- Sun Raster (RAS);
- Postscript (EPS);
- Paintbrush (PCX); 
- Targa (TGA).


 

Web-беттерге бейне суреттерді қойған кезде және егер олар сақталмаса, осындай бетті жабу немесе сақтау кезінде Frontpage олардың әрбіреуін тиісті сайт үшін сақтауды сұрайды. Frontpage GIF және JPEG форматтардан бөлек файлдарды автоматты түрде GIF форматта сақтайды. Ал егер сіз бейне суреттерді JPEG форматта сақтағыңыз келсе, онда Web-бетті сақтағанға бұрын Image Properties (Бейне қасиеттері) диалогтық терезеде сол форматты көрсету керек.

JPEG форматы (Joint Photographic Experts Group – фотосурет бойынша біріккен эксперттік топ) — бұл масштабталған, қапталған, жоғарғы дәрежелі қысылған және сапасын аз ғана түсіретін формат болып табылады. Электрондық формада графикалық суреттерді бір форматтан екінші форматқа ауыстырған кезде бейнелер өзінің анықтығын біраз жоғалтады. Сол себепті, JPEG форматы жоғарғы дәрежелі қысылған және сапасы жағынан да жоғары болғандықтан Web-сайттар үшін ең қолайлы. JPEG форматы фотосуреттер үшін және түсі 256-дан асатын бейне суреттер үшін өте қолайлы. 
 

GIF форматы (Graphics Interchange Format – графикалық мәліметтерді алмастыратын формат) — бұл 256 немесе одан да аз түсті бейне суреттер үшін арналған қапталған формат. GIF форматы көбінесе біркелкі түстерден тұратын бейне суреттерден құралған (мысалы, безендіру сияқты). Сонымен қатар, GIF форматы мөлдір және жолдық бейнелерге де қолданады. 





Қорытынды

Қорыта келгенде, сайтты құру технологияларын қолдана отырып тұтынушыны қызықтыра білу керек. Web сайт құруда бірнеше HTML құжатын қалыптастыру үшін, бірқатар қарапайым ережелерді басшылыққа алудың өзі жеткілікті: Web–парақтағы мәліметтерді орналасуы қарапайым әрі логикалық түрде қарап шығуға, оқуға ыңғайлы болуы тиіс. Бір суреттен кейін бірден екінші сурет орналаспағаны дұрыс, олардың ара қашықтарын біркелкі етіп, араларында мәтіндік ақпараттар берген дұрыс. Ақпарат бөліктерге бөлініп берілсе, оларды оқу, түсіну жеңіл болады. Егер Web–парақ үлкен болса онда құжат бөліктеріне жылдам ауысуға мүмкіндік беретін сілтемелер жасау қажет. Web–парақтары кең ауқымды тұтынушыларға арналған, сондықтан HTML құжаттарын әзірлеген кезде осы ерекшеліктері ойдан шығармау керек. Web–парақты серверге орналастыру және оны тестілеуден өткізу, жұмыстың соңғы қадамдамы деп есептеледі.

Серверге өз Web–парақтараңызды орналастыру алдында оларды тест арқылы тексеріп алған жөн. Жасалған құжат алғашқы тексеруді, яғни «жергілікті тексеруді» өзініздің қатті дискіңіздің аумағында өтуі тиіс. Тексеру кезінде әр түрлі броузерлерді пайдаланған абзал. Олардың бір-біріне айырмашылығы әжептеуір болуы ықтимал.

Web–құжатты тескеруден өткізу кезінде мынадай жайттар есте болсын: Емле қателерін тексеру; Навигацияны (ауысуларды) тексеру;

Сыртқы файлдармен қатынасу тәсілдерінің дұрыстығын тексеру;

Құжаттын жүктелу уақытының шамадан тыс ұзақ болмағанына көз жеткізу.

Басқа кісілерден сіздер жасаған Web–парақтарды қарап шығуын қамтамасыз ету.

  

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Практикум по курсу "Электронный маркетинг"

  2. Кадырова А.С. Основы создания Web-страниц. –Усть-Каменогорск.: Издательство ВКГУ, 2001 г.

  3. Гоффт В. Создание Web страниц –Москва: Прима, 2004.-900с.

  4. Гаевский А.Ю., Романовский В.А. Создание Web-страниц и Web-сайтов. –Москва.: Технолоджи-3000, 2008г. -464с.

  5. Информатика. /Под ред. С.В. Симоновича. — М., 2003

  6. http://www.pervyiurok.ru

  7. http://www.lessons-tva.info

  8. Дуванов А.А. Web-констурирование HTML. СПб.: //БХЛ-Петербург//, 2001.-304 с; 

  9. Омарова. Сайтты жасау ережелері. //Информатика негіздері №10, 2009 ж.//; 

  10. Маменова Б. Сайт жасаудың негізгі қағидалары. //Информатика негіздері №6,

  11. Жұмахан Л. Бүкіләлемдік интернет желісінде Web-парағын жасау тәсілі.// Информатика