Файл: Сабаты таырыбы Газдарды сйытар жне атты денелерді молекулалы рылымы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Газдардың сұйықтар және қатты денелердің молекулалық құрылымы


Бөлімі:

7.3А Қысым

Педагогтің аты-жөні:

Сатей А.

Күні:

09.01.2023

Сыныбы:

Қатысушылар саны:                   Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Газдардың сұйықтар және қатты денелердің молекулалық құрылымы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.3.1.1 – заттардың молекулалық құрылысы негізінде, газдардың сұйықтар мен қатты денелердің құрылымын сипаттау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады:Зат күйлерін біледі және олардың түрін ажырата алады.

Көптеген оқушылар істей алады:  Зат күйлеріне тән қасиеттерін ажырата алады.

Кейбір оқушылар істей алады:Денелердің молекулалық құрылымын сипаттай отырып, мысалдар келтіре алады.

Бағалау критерийлері


-Заттардың  молекулалық құрылысын біледі.

-Газдардың, сұйықтар мен қатты денелердің құрылымын сипаттап, мысалдар келтіре алады.

Құндылықтарға баулу


Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын дарытуда оқушыларға оқу үдерісінде бақылау жүргізуге, топтастыруға, зерттеуді жүйелеуге, құбылыстарды бір-бірімен байланыстыру мен оларға түсінік беруге үйрету.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы 

10 минут 


Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру. "Өткенге шолу"  

  1. Қандай күшті теңәрекетті күш деп атайды?

  2. Бір түзудің бойымен бір жаққа қарай бағытталған екі күштің теңәрекетті күші неге тең?

  3. Бір түзудің бойымен қарама-қарсы жаққа қарай бағытталған екі күштің теңәрекетті күші қай жаққа қарай бағытталады.?

  4. Формуласы қандай?


Оқушылар өткен тақырып сұрақтарына жылдам жауап беріп, бүгінгі тақырыппен танысады.

Дескриптор:

-Теңәрекетті күштің анықтамасын біледі.

-Бір түзудің бойымен бағыттас екі күштің теңәрекетті күшін біледі.

Айырмашылықтарын айта алады.

-Формуласын біледі.
Жалпы балл-2


Оқулық

Слайд


Сабақтың ортасы  
25 минут


Жаңа тақырып 

І. РАФТ тәсілі 

Физика пәнінің ерекшелігін ескере отырып топтар РАФТ тәсілі арқылы жаңа сабақты меңгеретін болады. Әр оқушы берілген материал мен суреттер арқылы РАФТ кестесін  толтырады. Сол зат күйінің атынан рөлге еніп, тақырыптарын қорғайтын болады. 


Тапсырмадан соң оқушыларға ауызша кері байланыс беремін.

"Бұл - жақсы жауап"

"Сен жетістіктерге жетудесің!"

"Сенің тəжірибені сипаттауың нақты жəне логикалық түрде. Келесі жолы саған өз көзқарасыңа қатысты қателіктерің туралы ойлану қажет"

"Бұл мен күткен жауап емес".
ІI. "Сәйкестендіру" тәсілі

Экранда  әртүрлі заттардың суреттері мен соған сай зат күйлерінің атаулары көрсетіледі. Оқушылар сол атаулар мен суреттерді сәйкестендіріп қойып, жауабын табатын болады.

ІII.Физикалық эксперимент. Stop-кадр тәсілі.

Интербелсенді тақтаға зат күйінің молекула қозғалысының бейнежазбасын  қосып, белгілі бір уақытта тоқтатамын. Оқушылар бұл қай зат күйінің молекулалық қозғалысы екенін атап, оны қалай анықтағанын айтады. Сол арқылы оқушыларға сұрақтар қойылады.

  

РАФТ кестесі бойынша оқушылар жұмыс істегенде рөл, аудитория, форма, тақырып бойынша бөлініп тақырыптарды қорғайды.
Экранда көрсетілген  суреттерден жылдам оқушылар атауларын сәйкестендіру жасайды.

Бейнекөрсетілім бойынша балалар заттың күйлерін анықтап,дәлелдеп түсіндіріп береді

Дескриптор:

- Ең ұсақ бөлшек атомдар екенін біледі.

-Әр заттың молекуласы - сол заттың қасиеттерін сипаттайтынын біледі.

-Сурет бойынша молекулалар құрылысы арқылы заттың күйін анықтай алады
Жалпы балл-3


Дескриптор:

-Зат күйлерін ажырата алады.

-Атаулары мен суреттерін сәйкестендіре  алады.

Жалпы балл-2

Дескриптор:

-Әр заттың молекуласы - сол заттың қасиеттерін сипаттайтынын біледі.

-Зат күйлерінің молекулаларының қозғалысын біледі.

-Бейнекөрсетілім  бойынша молекулалар қозғалысы арқылы заттың күйін анықтай алады.

Жалпы балл-3



Қосымша -1


Қосымша -2


Қосымша -3
Бейнекөрсетілім




Сабақтың соңы.

10мин


Рефлекция


Бағалау

Үй тапсырмасы

Рeфлексия пирамидаcы:Қарастырылған мәселелерді қаншалықты ұққандығыңды өзің бағалап, пирамиданы толықтыр:

Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау

 -Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап жазу.

-105 беттегі кестені толтыру

Сабақты қорытындылау барысында оқушылар өз ойларын үлестірме қағаздарға жазып, пирамиданы кім қай мәселені ұққандығына қарай толтырады.

Жалпы сабақты бағалау критерийлер бойынша ең жоғарғы 10 балл


Үлестірме стикерлер

Дескриптор


Оқулық


Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау.  Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушыларға жеке қолдау көрсету, оқу материалдары мен дереккөздерді оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып,

Мотивациясы жоғары оқушылар:

"РАФТ" тәсілін пайдаланып, оқушылар зат күйлерінің рөліне еніп, сабақ мақсатына жетуіне ықпал жасаймын.

Көмек қажет ететін оқушыларға «Сәйкестендіру» тәсілі оқушының ынталану қабілетін арттыруға  көпірше болып қызмет атқарады.

Тапсырмалар бере отырып, күтілетін нәтижеге жетелеймін. 


Әрбір кезең бойынша оқушыларға ауызша және бас бармақ, смайликтермен кері байланыс беріп отырамын, сол арқылы оқушыларды ынталандыруға бағыттап отырамын, қолдау көрсетемін.

Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, топтардағы  бағалау жүріп отырады

«Рефлексия пирамидасы» әдісі арқылы кері байланыс береді

Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі еске салынады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1: 

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені  анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

 2: