Файл: 27. 01. 23ж Таырыбы Озы ойлы оушы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


27.01.23ж

Тақырыбы: «Озық ойлы оқушы»

(7 сынып оқушылар арасында математика,информатика,физика пәндерінен

сыныптан тыс шара)

Сабақтың мақсаты:

  • Күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, математика, информатика, физика пәнінен алған білімдерін тереңдету;

  • Ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, шапшаң ойлау, тез шешім қабылдау, өз бетімен іздену, топпен ұжыммен жұмыс түрлерін ұйымдастыру қабілеттерін дамыту

  • Oқушылардың табиғаттағы барлық тіршілік иелерінің бір-бірімен өзара байланыстылығы туралы түсінігін қалыптастыра отыра экологиялық білімдерін дамыту

Сабақтың көрнекіліктер: интерактивті тақта, математика информатика, физика туралы сөздер, кестелер.

Сабақтың жоспары:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ.Негізгі бөлім:

І-бастаушы: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі 7сынып оқушыларымен өткелі отырған «Озық ойлы оқушы сайысымызға» қош келдіңіздер!

Ғылымдардың патшасы атанғансың,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа,

Жасықтан емес сен, қаталдансың,

«Ақыл ойды тәртіпке келтіретін,

Нағыз пән-МИФ атанғансың!- дей келе,ортаға сайысқа қатысушыларды шақырмас бұрын сайыс барысын қадағалап отыратын, әділ бағасын беретін әділ қазылар тобымен таныстырамыз.

ІІ- бастаушы: Шын жүйрік шабысынан танылады,

Озық білім , терең ой сыналады.

Баға берер әділ қазы ортамызда

Сіздерге құрметпен қол соғылады.

І-бастаушы: Қазақпыз ғой бәйге десе қозатын,

Қосатұғын күрең атын ,боз атын

Басталады «Бәйге» атты сайысың,

Шықсын шәкірт шыңдарға қол созатын,- дегендей сайысымызды бастаймыз.

ІІ- бастаушы: Ал, бүгінгі сайысқа қалайсыңдар,

Сендер өтер әлі де талай сын бар.

Сұрағыма жауап бер , қымсынбай-ақ,

Жауап тапсаң сұраққа жарайсыңдар! - деп, алдымен сұрақтар қою арқылы ойынға қатысушыларды анықтаймыз.

І. « Көрермендерге сұрақ жауап»

  1. Жазықтықта қиылыспайтын екі түзу ( паралель)

  2. Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем (аксиома)

  3. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы неге тең? (1800 )

  4. Нөлден кіші сандар (теріс сандар)

  5. 1800 - қа тең бұрыш ( жазыңқы)

  6. Екі қабырғасы тең үшбұрыш ( тең бүйірлі )

  7. Бірге және өзіне ғана бөлінетін сандар ( жай сандар)

  8. Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)

  9. «Геометрия» сөзінің грекше мағынасы ( жер өлшеу)

  10. Санның жүзден бір бөлігі ( процент)

  11. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу ( перпендикуляр)

  12. Екі қатынастың теңдігі ( пропорция)

  13. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (нөл)

  14. Нөлден үлкен сандар ( оң сандар)

  15. Ең кіші натурал сан (бір)

  16. Шеңбер сызатын құрал ( циркуль)

  17. дің мәні неге тең? (3,14)

  18. Көпмүшенің қалыпты түрі (стандарт)


Сұрақтарға жауап беру арқылы ойыншылар таңдалады, пазлдар таңдау арқылы топқа бөледі.

ІІ.

1-тур. «Сен білесің бе?» турын бастаймыз. Математика пәнінен сұрақтар.

(Әр топ 3 минут ішінде, берілген сұраққа жауап беру керек, әр дұрыс жауап 5 ұпай )

Тура теңдік шығу үшін қажетті жеріне арифметикалық амалдар мен жақшалар қой.

5 : 5 + 5 : 5 = 2

3 * 3 + 3 + 3 : 3 =13

(7 +7): 7 +7 =9

5 + 5 - 5 : 5 =9

5 * 5 + 5 + 5 : 5 =31

7 *7 – (7 +7) =35

*5 +5 +5 =35

2 * 4 *6 = 48

7 * 7 + (7 – 7) =49

2-тур. «Сен білесің бе?» турын бастаймыз. Информатика арналған сұрақтар.

Кодтық кестені пайдаланып,жасырын сөзді тап.

Жауабы: Ақылсыз кісі –қос уыс қоқыс

3-тур. «Сен білесің бе?» турын бастаймыз. Физика арналған сұрақтар.

1.Ең алғаш ғарышқа ұшырылған иттің есімі /Рекс/

2.Ағылшын ғалымы Иссак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды? /алма/

3.Заттың ең кішкентай бөлігі? /атом/

4.Физика не туралы ғылым? /табиғат/

5.Темірқазық жұлдызын басқаша қалай атайды? /Жетіқарақшы/

6.«Алтын ереже» физиканың қай бөліміне жатады? /механика/

7.................-латынша таралу,жайылу,ыдырау дегенді білдіреді. /диффузия/

8.Басқа денелер әрекет тигізбегенде дененің тыныштық күйін сақтау құбылысы ……. деп аталады. (инерция)

9.Латынша деформация ……, …… деп аталады. (бүліну, бұзылу)

10.Пішіні мен көлемін сақтау ….. …… тән қасиет. (қатты денеге)

4-тур.Сен білесің бе? Блиц сұрақ(жеңімпаз топты анықтау)
Ойынға ойыншылармен бірге барлық көрермендер де қатысуға болады.

Сіздің қолыңызда – 500 теңге ақша бар, оған 100 бас мал сатып алуыңыз керек.

Жылқы – 50 теңге, сиыр – 10 теңге, қой – 1 теңге.

Жауабы: 1 жылқы,  39 сыйыр, 60 қой

5-тур. Супер ойын. Жеңімпаздар сайысы

Адамға қарағанда 5 қабырғасы артық, 30 қабырғалы, 517 мускулдан, алдыңғы аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4 саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіре, 60 метр қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар қалай аталады?

Жауабы: мысық

І-бастаушы:Ұлылардың ұрпағымыз кешегі

Ой қалдырған, сөз қалдырған еселі.

«Тіл өнері» сайысына қатысып,

Жұмбақтарды кім үш тілде шешеді?

«Полиглот» -тіл өнері сайысында жұмбақтың шешуін дәл тауып,үш тілде айту керек керек(қазақ 10, орыс 20, ағылшын 30 ұпай).


6-тур. Тіл – өнер Ширек финал

1. Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланады күн сайын жарық үшін. (ток, ток, energy)

2 Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, ruler)

3. Суға салсаң батпайы, Отқа салсаң жанбайды. (мұз, лед, ice)

4. Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)

5. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа, воздух, air)

6. Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ қарағысы келмейді. (күн, солнце, sonne)

І- бастаушы: Ал шәкірттер алды артын оңдасын,

Шешілмеген сұрақтарың қалмасын.

«Сандары бар мақал- мәтел » сайысын,

Озық ойлы шәкірт болса жалғасын.-, деп сайысымызды жалғастырайық,

келесі сайысымыз

7-тур. Ойланайық. Жеңімпаздар сайысы (5 ұпай беріледі)

Суреттегі кірпі, үкі, тышқан қаншаға тең?

Жауабы: кірпі-6,  үкі-4, тышқан-7 4+7-6-7= -2

8-тур. Есептерді шығар. Көрермендер сайысы

І-бастаушы: Осыменен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренерміз аман болсақ!

І-бастаушы:

Қай тіл, қай ғасырды алсақта,

Білім алу әр адамға мақсатта.

Білімменен елімізді көркейтіп

Жетейік біздер асқар асыл мақсатқа

ІІІ.

Қорытынды:

Әділ қазылар алқасы қорытынды жасап, жеңімпаз оқушы марапатталады.

Жаңаөзен қаласы

№9 жалпы білім беретін мектеп

Сайыс сабақ

Тақырыбы: «Озық ойлы оқушы»

Өткізген: Информатика пәні мұғалімі

Сабиева М Т

Сынып: 7

2023 ж