Файл: Тренингті таырыбы Адамны психологиялы саулыы атысушылар жоары сынып оушылары Психологиялы масаты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.04.2024
Просмотров: 7
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тренингтің тақырыбы: Адамның психологиялық саулығы
Қатысушылар: жоғары сынып оқушылары
Психологиялық мақсаты:
-
оқушыларға берілген тақырып бойынша жалпы түсініктер, керекті білімдер беру, бар білім көлемін үлкейту; -
сабақ барысында балалардың таным процестерін, тіл байлығын, шешендігін дамыту, әр оқушы өзін еркін ұстануға, жеңіл еркін ойларын жеткізуді, басқаларды тыңдай білуді жаттықтыру,оқушылардың арасындағы қарым-қатынасты жақсарту; -
оқушылардың алдында қойылған проблемаларды дұрыс түсінуін, әр жеке бала өз-өзіне психологиялық саулықты тілеуін, денсаулыққа зиян келтіретін заттардан, жағдайлардан алыс болу қажет екенін түсінуін бақылау, осы сабақ барысында көтерілетін проблемаларға оқушылардың ой-пікірлерін анықтау, балалардың ерік-күшін. өз-өзін сыйлауға тәрбиелеу, оқушыларды сабаққа қызықтыру.п
Қолданылған құралдар:
-
оқушыларды топтарға бөлінетін бейнелер ( адам) -
топтардың аты, әрпартаға -
таза бланктар -
бейне фильмінің кассетасы «Реквием» -
хаттар -
таза парақтар, суреттер -
ауыр музыка
1.Ұйымдастыру кезеңі
Кабинетте парталар «П» әріптің формасына тәрізді қойылып тұрады.
Оқушылар өзеріктерімен отырады. Кейін топтарға бөлінген кезде әр
Оқушы өз тобына орнын ауыстырып орналасады.
а) Сәлемдесу рәсімін жүргізу
ә) Треннигтің тақырыбына, өткізу түріне оқушылардың назарын аудару
Психолог: -Құрметті, оқушылар, бүгінгі треннингті ойын түрінде өтеміз,
Дәлірек айтатын болсақ-«Пресс конференция»түрінде өтеді.
II. Негізгі бөлімі:
-Балалар, ойынға кірісер алдында, «Пресс конференция» деген не?
(2-3 оқушының жауаптарын тыңдау).
Сонымен, «Пресс конференция» дегеніміз ол адамдарды көпшілікті, қоғамды мазалайтын, қызықтыратын, толғандыратын сұрақтар жөнінде, әр түрлі проблемалар, мәселелер жөнінде жиналыс, бұл жерде шешімге келуге, жауаптар табуға тырысады.
Біз сендермен бірге «денсаулық» деген сөзді жиі естиміз және оның мағынасын түсінеміз. Сонымен «денсаулық» не екенін дәлелдедік, енді «психологиялы саулық» деген не екенін ойлайықшы.
(3-4 оқушылардыың жауаптарын тыңдау )
Сонымен «Психологиялық саулық» дегеніміз ол:
1) адамның жақсы көңіл-күйі;
2) өмірінде жақсы эмоциялары басымды;
3) қызығушылығы мол, достары көп;
4) айналадағы адамдармен қарым-қатынасы жағымды;
-
проблемалары аз болса да, күресе алады және т.б.
Міне, балалар, барлық сұрақтарға жауаптар таптықө, енді пресс-конференциямызға кіріссек болады.
Пресс-конференцияға әр түрлі саладан келген кісілер қатысады. Олар әр түрлі маман иелері, ата-аналар, жасөспірімдер, полиция қызметкері, журналисттер, мұғалімдер және эксперт тобы. Осы рөлдерді, балалар, өздерің атқарасыңдар. Рөлдерді бөлуге мына қағаздан қыйылған адам фигуралары көмек береді. Әр адамның үстінде рөлдің аты жазылады, кім қандай адамды алса, сол рөлді пресс-конференцияда атқаады, яғни ойнайды.
1 топ – дәрігерлер
2 топ – мұғалімдер
3 топ – ата – аналар
4 топ – жасөспірімдер
5 топ – журналистер
1 топ полиция қызметкері, 1 оқушы өте атақты кинорежиссер, 2 оқушы эксперт тобы.
Міне, пресс-конференцияның жүргізушісі бар, қатысушылар бар, ендеше бастаймыз!
1 - тапсырма:
Құрметті қатысушылар, алдарыңда жатқан таза парақтарды екіге бөліп, бір жағына адамның психологиялық саулығына жақсы әсер беретін, ал екінші жағына жаман әсер беретін жағдайларды, проблемаларды, мәселелерді жазыңдар. Уақыт 2 мин. Дайындалуға берілген уақыт тағайындалған соң, әр топ өздерінің ойларымен таныстырады, ал эксперт қырытынды жасайды, қандай мәселелердің ең көбірек кездесетінін айтып жауаптарды қорытындылайды.
2 – тапсырма:
-
біздің қоғамымыздың құрайтын нысанның бірі жастармен, жасөспірімдер. Сол себептен бүгінгі пресс-конференциямыздағы ең негізгі сұрақтарды жасөспірімдермен байланыстырайық.
Сонымен талдауға қоятын сұрақтар:
(Сұрақтарға оқушылар өз рөлдеріне байланысты жауап беру керек).
Сұрақтар:
-
Біріншіден адамның психологиялық саулығына зиян келтіретін проблемаларды алатын болсақ, айтып кеткен нашақорлық, темекі, арақ-шараптар ішу, қылмыс жасау, барлық жасөспірімдер зиян екенін түсінеді, ал бәрібір сол проблемаларға жақын болады, айналысады. Неге? -
Қалай ойлайсыздар, осы проблемаларды бар жасөспірімдердің психикасыөзгередіме, қандай болады?
3 – тапсырма: «Хаттарға жауап беру»
Нұсқау: - Біздің пресс-конференциямыздың ашылатынын біліп, көп жасөспірімдер, үлкен кісілер бізге хат жазып, өздерінің проблемаларымен бөлісіп, сіздерден кеңес, көмек беруді күтуде. Алдымен хатты оқиық, содан кейін жауап берейік.
1 хат:
«Сәлеметсіздерме, құрметті пресс-конференцияның қатысушылары! Менің атым Саят, жасым 15-те. Темекіні шеккеніме 3 жыл 8 ай болып қалыпты, анда-санда сыра, арақ та ішемін. Өзімдегі қатты бір өзгерістерді байқамаймын, бірақ достарым айтады, бетіңнің терісі бұрынғыдай жақсы емес, даусым жағымсыз, мұғалімдер болса, сабаққа үлгерімің төендеп кетті дейді. Өзімде байқаймын ұмытшақпын соңғы кездерде, тез ашуланып кетемін. Қалай ойлайсыздар, темекімен алкоголь пайдаланғаныма осы өзгерістер байланысты ма?» «Айтылған жаман әдеттерімнен қалай құтылуға болады?».
2 хат: «Сәлеметсіңдерме! Менің атым Камила , жасым 16-да, біріқ осы жасқа дейін жақсы араласатын достарым жоқ. Мен таныйтын жастар не темекі шегеді, не арақ ішеді, расында есірткі қолданатындары да бар, сыныбымыздағы оқушыларда осындай жастармен достасады. Мен бұлардан осы күнге дейін аулақ болғам, сондықтан менімен ешкім біліскісі келмейді, солар сияқты болсам ба екен?».
3 хат: «Сәлеметсіңдерме! Мен 15 жасар баланың анасымын. Балам әр қашанда жақсы оқып, тәртіпті бала боп, еш уақытта ешкімді ренжітпейтін. Бірақ соңғы уақытта баламды мүлдем танымаймын. Сабағы төмендеп кетті, күні-бойы далада, үйге түннің бір уақытында келеді, мен танымайтын достар пайда болады, менімен де басқалармен де сөйлеспейді, ойларымен бөліспейді. Мінезі де өзгереді, тез ашуланады, қатты сөйлеп, егкімді тыңдамай кетеді және де әр қашан ақша сұрай береді. Қалай ойлайсыздар, балама не болып қалды екен?». Осындай жағдайда не істеуге болады?
4 – тапсырма: «Рецептер беру»
Нұсқау: оқушылар алдыларында жатқан таза парақтарға адамға, жасөспірімдерге психологиялық саулығы жақсы болу үшін рецептер беру керек. Қалай проблемалардан сақ, аулақ болуы жөнінде және өмірдің жақсы да жақтарымен психологиялық саулыққа үлес қосу.
Эксперт бақылап отырып рецептерде ең жиі кездескен мәліметтерді белгілеп қорытынды ой айтады.
5 – тапсырма: «Проблемаларды жою»
Нұсқау:
-
Оқушылар үн таспадан әуен тыңдайды, ал жүргізуші болса, айтылған проблемаларға әр түрлі сөйлемдер айтады. Қатысушылар, әр қайсысы осы проблемаларға сәйкес бір затты тез арада суреттейді. -
Барлығы салып болғанда, әр қатысуш салған суретті жыртып, мыжып урнаға тастайды. Тастап тұрып, «Мен бұдан аулақ боламын, маған бұның қажеті жоқ» деп айту керек.
Енді пресс-конференцияны аяқтап отырып, қорытындысын шығарамыз.
Эксперттің ойларын, басқада қатысушылардың ой-пікірлерін, сұрақ-жауап әдісі арқылы білу керек.
Сұрақтар:
-
Бүгінгі тренингтің тақырыбы қандай болды? -
Өздеріңе қандай қорытынды жасадыңыз? -
Сендердің ойларыңызша қай рөлін жақсы атқарды? -
Қай тапсырма ұнады, қай тапсырма ұнамады?
III. Тренингтің аяқтау жұмысы.
Жалпы тренингке қатысқан оқушыларға алғыс білдіріп өз өмірлеріне жоғары жауапкершілікпен қарауға, жаман әдеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстауға әр қашанда ұмтылу керек екенін айту керек. Сол кезде ғана, барлық адамдардың денсаулықтары, психологиялық денсаулығы, сонымен қатар, өзара қарым-қатынастары да жақсы болады.
Осы жақсы оймен тренингті аяқтауға болады.