Файл: азастандаы жне лемдегі демографиялы ахуал таырыбы бойынша 9 сыныпта ткізілген сабаты ыса мерзімді жоспары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.04.2024
Просмотров: 16
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Қазақстандағы және әлемдегі демографиялық ахуал» тақырыбы бойынша
9- сыныпта өткізілген сабақтың қысқа мерзімді жоспары.
Бөлім: | Синтаксис. Отбасы және демографиялық өзгеріс. |
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Маймерова Гульжан Сагынгановна |
Білім беру ұйымының атауы | ШҚО, Глубокое ауданы «Жаңа Ертіс орта мектебі» |
Күні: | 17.01.2023 жыл |
Сынып: | 9 «А» |
Сабақтың тақырыбы: | Қазақстандағы және әлемдегі демографиялық ахуал |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 9.2.1.1тұтас емес (кесте, диаграмма, сызба, сурет) мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу; 9.4.4.2 салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану; |
Сабақ мақсаты: |
|
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі /уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 5 минут | Сыныпта коллаборативті орта құру. 1. Оқушыларға пазл құрау үшін төрт сурет кесіндісі беріледі. 2. Мұғалім суретке түсінік береді:. «Бұл су жануарлары ұйықтаған кезде ағыс алып кетпеу үшін бірінің қолынан бірі ұстап ұйықтайды екен. Бүгінгі сабақта біз де барлық кедергілерді бір- бірімізге деген ыстық ықылас, өзара көмек арқылы жеңіп, мақсатымызға жетейік. | Оқушылардың құрасыруы нәтижесінде мынадай сурет пайда болады. | Пазлды жылдам құраған балаларға және өзіміздің көңіл- күйімізді жақсарту мақсатында үш рет шапалақ ұрайық. (три хлопка) | https://yandex.kz /images/search? text=%D0%9C%D https://infourok.ru/ priemy_i_formy__ formativnogo_ocenivaniya-318468.htm |
Сабақ ортасы: 30 минут | Салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері туралы білімдерін жинақтау тапсырмаларын (тест) береді. | Баламалы тесті шешеді: Баламалы тест (ия-жоқ) Салаласа байланысқан құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты бір – біріне тәуелді болмайды. Салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер сан жағынан тек екеу емес, одан да көп болуы мүмкін. Ыңғайлас салаластың «және» жалғаулығы ешқашан қайталанбайды. Себеп-салдар салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің орындарын ауыстыруға болмайды. Қарсылықты салалас жалғаулықтары түсірілсе, тек үтір қойылады. Түсіндірмелі салаластың ара-жігіне қос нүкте қойылады. Талғаулы салаласта екі жай сөйлем арасында немесе шылауы бір рет келсе, онда сөйлем арасына үтір қойылады. Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдер сабақтаса байланысады. Қарсылықты салаласты қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемге айналдыруға болады. | Оқушылар https://learningapps.org сайтында жасалған тест жұмысы арқылы тексереді. Критерий: Әр дұрыс жауап бір баллмен бағаланады. | |
| «Мағынаны тану» Оқу және сабақ мақсатымен таныстыру. Топқа бөлу. Мұғалім әр топқа диаграмма ұсынады:
| Әр топтағы оқушыларға өздеріне ұсынылған диаграммадан барынша мол мағлұмат алу ұсынылады. Ал диаграмма тақырыптары: 1. Демографиялық дағдарыс 2. Демографиялық жарылыс. 3. Қазақстанның демографиялық жағдайының соңғы жылдардағы өзгерісі. | Диаграммалар мен суретті мәтіндерден барынша мол ақпарат жинап. диаграмманы тамаша «сөйлеткен» топқа жоғары ұпай беріледі. Әр ақпарат 1 ұпайға бағаланады. | https://yandex.kz/images/search?text=% |
| 2- тапсырма | | | |
| 3 топқа да өздері зерттеген графикалық мәтін төңірегінде «Фишбоун» әдісімен қорытынды жасау ұсынылады. | Әр топ өз мәтіндері бойынша проблема мен оның себептері және шешу жолдарын анықтап, жұмыстарын қорғайды. (1 оқушы) | Өзара бағалау жүзеге асырылады. Критерий: 1. Ұсынылған дәйектердің нақтылығы- 5 ұпай. 2. Оқушының сөйлеу сауаты мен мәдениеті- 5 ұпай. 3. Пікірлердің креативтілігі- 5 ұпай. Барлығы- 15 ұпай . | |
Сабақ соңы 3 минут | Сабақты қорытындылайды. Рефлексия «Еркін микрофон» | Әр топтан екі оқушы Қазақстандағы және әлемдегі демографиялық ахуал туралы бүгінгі сабақта алған мәліметтері бойынша өз ойларын 2-3 сөйлеммен қорытады. | Менің сабақтағы жұмысым… Мені таң қалдырғаны.. Бұдан соң мен… Маған қиын болғаны.. Менің бүгінгі жетістігім… Мен өз көзқарасымды өзгерттім… | |
Үйге тапсырма 2 минут | Жалпы, Қазақстанның демографиялық даму кезеңдерін 3 кезеңмен көрсетуге болады. Ұзаққа созылған әлеуметтік-экономикалық дағдарыс және одан кейінгі жаңғырту және реформалармен сипатталған бірінші кезеңде (1991-1999 ж.ж.) халық саны 1,3 миллион адамға қысқарды. Бұған көбіне эмиграция процесі ықпал етті: сол жылдары елден 2,6 миллионнан астам адам көшіп кетті (жалпы көші-қон сальдосы -1,8 миллион адамды құрады). Сонымен бірге туу және өлім-жітім процестерінде қолайсыз үрдіс байқалды. Туудың 38,5%-ға төмендеуі өлім-жітімнің 9,7%-ға өсуімен қатар халықтың табиғи өсімінің үш есе – 1991 жылғы 218,8 мыңнан 1999 жылғы 72 мың адамға дейін төмендеуіне әкелді. Халықтың өмір сүру ұзақтығы 3 жылға (1990 ж. – 68,7; 1999 ж. – 65,7), ал ерлер арасында – 3,3 жылға, әйелдер арасында – 2,2 жылға қысқарды. Әйелдер мен ерлер арасындағы өмір сүру ұзақтығының алшақтығы 9,2 жастан 10,3 жасқа дейін өсті. Жоғарыдағы толық мәтінді графикалық мәтінге (кесте, диаграмма, сызба, сурет) айналдырыңыздар. |