Файл: Блім таырыбы Индустрияландыру лтты ндіріс. Сз мдениеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бөлім тақырыбы: Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты -жөні:

Сынып: 10 ЖМБ

Сабаққа қатысушылар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Тұлпар – Тальго

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау;

10.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқу, негізгі үрдістерді анықтау, белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу;

Көпшілігі: мәтіндегі ақпаратты кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілермен түсіндіру, белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу;

Кейбір оқушылар: мәтіндегі ақпаратты кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілермен түсіндіру, өз көзқарасын таныту, белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеп, зейінін сабаққа аудару.

Жағымды психологиялық ахуал. «Мен саған сенемін!»

Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір- бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін, өйткені сен жақсы адамсың!». Осылай бір-біріне сенім білдіреді.

ОҚЫЛЫМ АЛДЫ

Қызығушылықты ояту: «Визуалды айғақтар» әдісі. Оқушылар берілген суреттердің белгілеріне байланысты топтастырады.





Мұғалім оқушылардың ойын тақырыпқа алып келу мақсатында төмендегі сұрақтарды қояды:

1. Тальго вагондары туралы не білесіңдер?

2. Болашақта пойыздың қандай моделін ұсынар едіңдер? (оқушылар жауабы тыңдалады).

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

Оқушыларды түгендеп, зейінін сабаққа аудару.

Оқушылар жағымдыпсихологиялық ахуал қалыптастырады.

Оқушылар берілген суреттердің белгілеріне байланысты топтастырады.


Оқушылар тақырыпқа алып келу мақсатында сұрақтарға жауап береді.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.


Қалыптастырушы бағалау


ҚБ





Тақырыпқа қажетті сөздер тізбегі



Сабақтың ортасы


ОҚЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ. Мәтінді «Бағытталған оқу» әдісімен оқыңдар. Мәтіндегі ақпаратты кесте арқылы түсіндіріңдер.



1-тапсырма. Мәтіндегі жылдар мен оқиғалар, сандық деректерді анықтап жазыңдар.

Жылдар

Оқиғалар

Сандар





































2) Оқулықтағы 4-тапсырма. Графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап, «Көлік инфрақұрылымы қалай дамымақ?» тақырыбына мәтін жазыңдар.



Дескриптор:

  • Мәтіндегі жылдар мен оқиғалар, сандық деректерді анықтап жазады;

  • Графиктік мәтіндегі деректерді салыстырады;

  • маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазады;

  • «Көлік инфрақұрылымы қалай дамымақ?» тақырыбына мәтін жазады;

  • Өз көзқарасын білдіреді.

ҚБ

ОҚЫЛЫМНАН КЕЙІН.

3-тапсырма. «Салыстырмалы карта» әдісі мен «Кешегі және бүгінгі темір жол торабы» тақырыбын талқылап, сұхбаттасыңдар. Мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдаңдар.



Дескриптор:

  • тақырыпты талқылап, сұхбаттасады;

  • мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдап, түсіндіреді.

ҚБ

Бекіту. «Аялы алақан» стратегиясы бойынша тақырыпқа негіз болып отырған тірек сөздерді анықтап, әр саусаққа

жазып шығады. Әркім жазған тірек сөздерін ортаға

шығып оқып береді де тақтаға жапсырып қояды.

Оқушылар мәтінді «Бағытталған оқу» әдісімен оқиды. Мәтіндегі ақпаратты кесте арқылы түсіндіреді.

Мәтіндегі жылдар мен оқиғалар, сандық деректерді анықтап жазады.

Графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап, «Көлік инфрақұрылымы қалай дамымақ?» тақырыбына мәтін жазады.

«Салыстырмалы карта» әдісі мен «Кешегі және бүгінгі темір жол торабы» тақырыбын талқылап, сұхбаттасады. Мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдайды.
«Аялы алақан» стратегиясы бойынша тақырыпқа негіз болып отырған тірек сөздерді анықтап, әр саусаққа

жазып шығады. Әркім жазған тірек сөздерін ортаға

шығып оқып береді де тақтаға жапсырып қояды.


Қалыптастырушы бағалау

ҚБ



Қалыптастырушы бағалау

ҚБ






(Д.Бітікова)


10-сынып қазақ тілі


Сабақтың соңы

Үй тапсырмасы:

Кері байланыс. Кері байланыс:

Кері байланысты «Бағдаршам» тәсілі арқылы жүзеге

асыруға болады. Оқушылар сабақты жақсы түсіндім, оқу мақсатын орындай алдым десе, алдындағы жасыл түсті стикерді көтереді. Ал сабақ бойынша түсінбей қалған жерім бар, орташа түсіндім десе, сары түсті көтереді, ал түк түсінген жоқпын, маған көмек керек деген оқушы болса, қызыл түсті стикерді көтереді

7-тапсырма.