Файл: Саба Мені отбасым жнедостарым. Мені отбасым. дыбысы мен рпі. Мектеп.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақ: Менің отбасым жәнедостарым. Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі.


Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің Т.А.Ә:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну

1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау

1.1. 9.2 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін жазу.

Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, гигиеналық талаптарға сай жазу.

Оқушылардың көпшілігі:

Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсінеді.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

Тілдік құзыреттілік

Ұ дыбысы мен әрпі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Дөңгеленіп тұрайық

Керегені құрайық

Уық болып иіліп

Шаңырақты құрайық.

– Балалар, осы шаңырықтың астында біздің сынып бір отбасындай бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Енді бір бірімізге сәттілік тілеп,

«Кім ұтқыр?» ойынын ойнайық!

-Сауат ашу сабағы нені үйретеді?

-Дыбыс дегеніміз не?

- Әріп дегеніміз не?

- Дыбыстар неше түрге бөлінеді?

-Дауысты дыбыстарды қалай айтамыз және қандай текшемен белгілейміз?

-Дауыссыз дыбыстарды ше?

- Өткен сабақтарда қандай әріптермен таныстық?

- Мен сіздерге кез-келген әріп айтамын. Сіздер сол әріпке байланысты сөздер құраңдар. ( Ы С Т О Қ)



Жұмбақ шешу

Ұя, ұлу, ұшақтың

Басын бастап беремін.

Құс, жұмыртқа, бұтақтың,

Ортасында келемін.

-Ендеше балалар біз бүгінгі сабақта қандай әріппен танысамыз?


Шаттық шебері

Сабақтың ортасы

8 минут



«Бөлінген суреттер» топқа бөлу.

1. Құстан аумайды, 
Көкте заулайды. (ұшақ)
2.
Иiр-иiр үйi бар,

Iшi қапа әрi тар,

Құлақ тоссаң

Бұл не, бiлiп ал. 

Ызыңдаған үнi бар,(ұлу)

3. Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл.(ұстаз)
- Балалар, мен сендерге тақпақ оқимын, соның ішінде қай дыбыс жиі естіледі екен?
«Ұлпабастың басына
Ұлу шықты асыға.
Ұстап алмақ боп оны, 
Ұзақ қонды қасына.
Ұмтылғанда ол енді, 
Ұлу қашты жөнелді»
- Ұлу дегеніміз жәндік міне мынандай болады. Оның өзінің үйшігі болады. Көбінесе сулы жерлерде тіршілік етеді.
* Балалар қай дыбыс жиі естіледі екен? (Ұ дыбысы)
* Ұ дыбысын бәріміз бірге айтайықшы!
* Ұ-ұ-ұ
* Ұ дыбысы қалай айтылады?
* Иә, әндетіліп, созылып айтылады, екен.
* Ұ дыбысы қандай дыбыс?
* Иә, дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз? (Қызыл)
* Ендеше, балалар бүгін Ұ дыбысын әдемі, дұрыс айтып үйренеміз

Ұлу деген сөзге дыбыстық талдау жасайық.

Ұ – дауысты дыбыс,

Л – дауыссыз дыбыс;

У – дауысты дыбыс;

№1 Әр отбасы мүшелеріне тиесілі заттарды сурет арқылы болжа.

-Ұршық кімге керек?

-Мектепте кім қызмет етеді?

-Ұшақпен кім ұшады?
№2 Оқылым

Ұр ұн ұт ұш ұста ұршық ұнтақ ұтқыр ұшақ ұсақ құлын құрақ ұран құмыра Нұрлан құлан құлақ Ұлан құмырсқа Ақнұр

Топқа бөлу

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс


Сергіту сәті

1 минут

Ұшты, ұшты қарға ұшты,

Ұшты,ұшты қағаз ұшты,

Ұшты,ұшты сағат ұшты,

Ұшты,ұшты ұшақ ұшты...

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма

10 минут

Аяқталуы

9 минут

№3 Сызба және сөздермен мәтінді оқы.

Сөйлемді оқып, көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой.

«Ұ дыбысының жазылуы»

Дәптермен қаламды дұрыс пайдалану ережесін сақтау.

Әріптердің дұрыс тұлғасын өрнектеу үшін қол саусақтарын жаттықтыру.

Ұ ұ әріпін жазу үшін оның элементін құрайтын сызықтарды жазу арқылы әріптің толық тұлғасын өрнектеу.( тақтада көрсету)
Ауада жазғызу
Тақтада жаздыру
Дәптермен жұмыс
Топтық жұмыс
Ұшақ тобына:

«Сөз ойла, тез ойда»

Буындардан сөз құрау
Бұ          лақ      ұ шақ                  
құ лақ              құр дас
құ          шақ          құр       бақа



Ұлу тобына:

«Оқы, таны, жаз»
1. Қ ...лын жүгірді.

2. Б...лақ ақты.

3. Қ...стар ұшты.
Ұстаз тобына:

«Желпуіш»

Желпуіштің әр бөлігіне Ұ әрпі бар сөздерді жазу


Оқулық, дәптерлер.


Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

О қыту үшін бағалау және оқуды бағалау




Кеменің суреті

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.