Файл: 1 жргізуші Армысыздар, рметті ата ана, ымбатты стаздар, оушылар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 31

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


(Ән салынады. Ән айтылып болған соң Аяз ата әншіге сыйлығын береді.)

ІІ жүргізуші: Аяз ата, көрдіңіз бе, біздің жастар өнерлі. Сіз келеді деп күтіп отырғандары қаншама?! Солардың да өнерін тамашаласақ.

ІІ жүргізуші: Ендеше ортаға Шағын орталық пен дайындық сыныптарының тәрбиешілерін шақырайық. Қарсы алыңыздар!

(Ендеше ортаға өз костюмдерін қорғайтын оқушылар болса, шығып өнер көрсетсін)

БИ: Шағын орталық оқушылары

Дайындық сыныбы

БИ: 1 – сынып оқушылары

БИ: «АДАЙ» Диас пен Жанарыс

Аяз ата: Тамаша, тамаша,

Күн туылды жаңаша.

Тамасанады барлығы,

Өнеріне қараса.

Тамаша, тамаша!!! Ақша қар, сыйлықтар қайда, кәне, берші. Мен мына жастардың жарқын жүздеріне, тамаша өнеріне тамсанып отырмын. (Сыйлықтар беріледі.)

І жүргізуші: Аяз атамыз бүгін сыйлыққа тола келген екен. Өнерлі жастарымыз да бір риза болып қайтатын болды ғой,ендеше Аяз атаға дайындап келген Шағын орталық пен Дайындық сыныптарының тақпақтарын тыңдайық.

1 – 4 сыныптар тақпақтар айтады.

ІІ жүргізуші: Бәрекелді!Өнерлерің үстей берсін!

Аяз ата: Көрдің бе, Ақша қар! Қазақ халқы сөздік қорға бай әрі тілдің майын тамыза сөйлейтін халық деп, саған жол бойы айтып едім ғой. (Дәл осы кезде сырт жақтан жүгіре басып қолдарында сиқырлы таяқтары бар Аяз атаның көмекшілері (ергежейлілер сияқты киінгендер) кіріп келеді. )

Ергежейлілер: (Армат) Сізді іздеп таппай жүр едік, ата! Қайда жүрсіз? Біздің сізге шағымымыз бар.

Аяз ата: Әй, жүгірмектер, мұнда не істеп жүрсіңдер, бар, тез қайтыңдар! Менің солтүстік даламды иесіз қалдырдыңдар ма?!

Ергежейлілер: (Алина ) Жоқ, ата! Сіз жыл сайын жастардың өнерін көремін деп кетіп қаласыз да, біздің өнерді бағаламайсыз. Бүгін, ақыры сәті түсіп тұр екен, осы жастарыңыз мықты болса, бізбен жарысып көрсін. (Бәрі жамырай шулап кетеді.)

Аяз ата: Тоқтатыңдар! Тоқтаңдар, қане! Сендер бұларың үшін әлі-ақ жауап бересіңдер!

І жүргізуші: Аяз ата! Біз үшін бұл күтпеген жағдай, әрі тосын сый болды ғой. Олардың несін тоқтатасыз. Көрелік. Сіз және Ақша қар төреші боласыздар. Кім жеңімпаз екенін бірге анықтармыз. Сіздің көмекшілеріңізбен жарысуға біздің жастар дайын. Солай ма, жастар?

Жастар: Иә! Дайынбыз!


Аяз ата: Жақсы. Ендеше, бастаңдар өнерлеріңді.

БИ: 7 сынып оқушылары

БИ: ГНОМдар биі

Сұрақтар:

Қыс айларын ата: (желтоқсан, қаңтар,ақпан)

Мақалдың жалғасын тап: Қалауын тапса,... (қар жанар)

Қыста жейтін малдың еті қалай аталады? (соғым)

Егер 4 жұмыртқа 7 минутта қайнаса, 5 жұмыртқа неше минутта қайнайды? (7 минут)

Ұйытылған сүт қалай аталады? (айран)

Дыбыстың жазбаша шартты таңбасы қайлай аталады? (әріп)

( Би билеп, қызықты сұрақтар қояды. Ойындар ойналады. )Жұмбақтар шешіледі.

ЖАСТАР:

Ақсақалды шал жылына

Бір-ақ рет келіп кетеді

Қызы мен ұлына

Сыйлық алып жетеді. (Аяз Ата)

ЕРГЕЖЕЙЛІЛЕР:

Қолы менен қаламы жоқ

Бірақ сурет салады көп (Аяз)

ЖАСТАР:

Суда қалқиды

Жылыда балқиды. (Мұз)

ЕРГЕЖЕЙЛІЛЕР:

Қыста шыны болып қатады

Жылыда су болып жатады (Мұз айдыны)

ЖАСТАР:

Аспаннан ақ ұлпа борады

Қырқаны аққа бояды. (Қар)

ЕРГЕЖЕЙЛІЛЕР:

Табаныма байладым

Қос аяқпен айдадым (Шаңғы)

ЖАСТАР:

Қанаты жоқ ұшады

Аяғы жоқ желеді

Аузы жоқ ұлиды (Боран)

ЕРГЕЖЕЙЛІЛЕР:

Зулап түсті төменге

Менсіз шықпас төбеге (Шана)

(Өнер жарысы аяқталған соң, Аяз ата сөз алады.)

Аяз ата: Ой, бәрекелді! Мен мұндай ерекше кеште бірінші рет болудамын. Сендерге рақмет жастар, әрі сендерге де, көмекшілерім! Ақша қар, біз шынымен де өзіміздің өнерлі жандарға мән бермей жүр екенбіз ғой.

Ақша қар: Иә, ата! Бірінен-бірі өткен өнерпаздар екен!

ІІ жүргізуші: Ал, Аяз ата! Бағасы мен сыйлығын беріңіз бұл екі жақтың! Сіздіңше кім жеңді?

Аяз ата: Әәә не дейін, Жаңа жылдың осынау шаттықты кешінде бірі жеңілді, бірі жеңді деп айту маған да оңай емес. Дегенмен бүгін бірлік пен достық жеңсін. Мен өзімнің осы уақытқа дейінгі жолымда тек Ақша қарымды алып сапар шегетін едім. Енді қарап тұрсам бәрі басқаша екен. Ендігі жылдан бастап мен көмекшілерімді ерте келемін. Бірақ жарысу мақсатында емес, бірігіп өнер мен қызықтар көрсетіп, Жаңа жылдың жаңа күнін тойлатуға келемін.

І жүргізуші: Бәрекелді, Аяз ата!

ІІ жүргізуші: Шынымен де сөзіңіздің жаны бар! Екі жақ та өнерден кенде емес екендерін көрсетті. Жаңа жылда жарылқап, жүйріктей шауып сіздің көмекшілеріңізбен бірге біздің өнерлі жастар тартысты, көңілді кеш сыйлады. Ендеше ортамызға ескі жыл мен жаңа жылды қарсылайық.


Ескі жыл есірке,

Жаңа жыл жарылқа( Мешін мен тауық жылдары шығады да ескі жыл мешін жылы өз сөзін айтып,ТАУЫҚ ты қарсы аламыз).

МЕШІН: Уа, халайық!

Мешін жылы құт, береке әкелді. Елімізге ырыс келді.Жаңбыр мол жауып, егін бітік шықты. Халқым маған риза болды. Келе жатқан тауық жылы мол қуаныш пен бақыт әкелсін. Мен өз тілегімді тауыққа да айтқым келеді. «кел, жаңа жыл ортаға» тауық келеді, шыпшаны бір айналады. Тауықжылыда мол бақыт, мықты денсаулық, терең табыстар тілеймін. Келесі кездескенше сау болыңдар, балалар!

ТАУЫҚ: Ой рақмет, мешін, айтқаның келсін. Келдім бүгін алдыңа,

Уа, халайық жарандар!

Тауық жылы құтты боп

Жақсы қадам басыңдар.

Уа, жарандар, жарандар!

Мен де келдім алдыңа,

Мешін жылы секілді.

Зор қуаныш сыйлармын.

Бақытты боп балалар.

Жақсылыққа батыңдар

Аяз ата: Ал, қарақтарым!Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!

Жаңа жыл - жаң бағыт,

Әкелсін далама құт.

Өнерлілерің көп болсын,

Елде уайым жоқ болсын.

Тілектерің ақ болсын,

Бастарыңа бақ қонсын.

Келер жылы келермін,

Өнер тағы көрермін.

Сыйлық әкеп сендерге,

Көптен-көптен берермін.

Жақсылыққа толыңдар,

Тек биікке қоныңдар.

Келесі жылы көргенше,

Амандықта болыңдар!

І жүргізуші: Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге ән айтып Аяз атаны шығарып салайық.

ХОР: «Жаңа жылдық ән»

ІІ жүргізуші: Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз

(Аяз ата қызын ертіп, көмекшілерімен бірге шығып кетеді.)

І жүргізуші: Құрметті достар!

Тышқан жылы – сыйлық,

Барыс жылы- байлық,

Қоян жылы – қолбасы,

Ұлу жылы – үлгілі,

Жылан жылы – жайлы,

Жылқы жылы – жақсылық,

Қой жылы – құтты,

Мешін жылы – мейірім,

Тауық жылы – табысты,

Ит жылы – игілік,

Доңыз жылы – дүниелі,деп биылғы келген жыл «тауық жылы» - табыстыда, мерекелі, берекелі жыл болғай.

ІІ жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, қонақтар! Жаңа жыл! Барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп жүре берейік! Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!