Файл: азастан Республикасыны білім жне ылым министрлігі М. уезов атындаы Отстік азастан Университеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 3

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті



Эссе

Тақырып: «Ұлы дала Алтын Орда кезінде»

Орындаған: Киргизбаева Асем

Топ: ЕП22-3к2

Қабылдаған: Сембиева Шакизат

Шымкент 2022

Ұлы Шыңғыс хан иелік еткен моңғол империясы ханның қазасына байланысты ұлдарына бөлініп берілді. Үлкен ұлы Жошыға тағайындалған Ұлы далада Алтын Орда бой көтерді. Дегенмен 1227 Жошы ажал құшқаннан кейін таққа оның ұлы – Батый отырып, елді басқарды.

Алтын Орданың этникалық құрамы бертін келе моңғолдан түрікке түрлене бастады. Халық «татарлар» деп те аталды. Ал 1312 жылы Өзбек ханның билеген тұсында Ислам діні мемлекеттік дін етіп жарияланды. Әскері оң және сол қол болып бөлініп, талай майдандарда ерлік көрсете алды. Мәселен, Мәскеуді өртеу арқылы Тоқтамыс хан өз билігін нығайта түсті, Әмір-Темірдің соқыларына біраз уақыт төтеп берді.Сыпыра жырау осы майдандарды өз еңбегінде сөз еткен. Алтын Ордада әскери және қарым-қатынас істерін «беклербектер», алым-салық жинаумен «басқақтар» айналысқан.

Алтын Орда халықтары отырықшы өмір мен көшпелі мал шаруашылығын ұштастыра өмір сүрді. Тұрғындардың басым көпшілігі мұсылман халқы болды. Осыған байланысты, басында ұйғыр жазба тілі қолданылғанымен, кейіннен араб тілі кең қолданысқа ие бола бастады.

Өкінішке орай, Әмір-Темір көздеген мақсатына жетпей қоймады. Алтын ордаға қатал қысым көрсетіп, 1389-1391 және 1395 жылдары жасаған соққысы арқылы Алтын Орданы талқандады, осыдан кейін ХV ғасырдың ортасына қарай түбегейлі құлады. Бұдан бөлек, бір шаңырақ астында әр түрлі ұлттық құрамның өмір сүруі, шаруашылықтың баяу дамуы, билік үшін талас елдің күйреуіне бірден бір себеп болды.