Файл: за мерзімді жоспар блімі 10. 3С Тым уалаушылы пен згергіштік задылытары Мектеп.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.04.2024
Просмотров: 4
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3С: Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары | Мектеп: Павлодар қаласындағы «химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Жыныспен тіркес тұқым қуалау | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 10.2.4.2 Есеп шығару кезінде дигибридті будандастырудың, белгілердің жыныспен тіркес тұқым қуалауының және көп аллельділіктің цитологиялық негіздерін қолдану | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
3. Жыныспен тіркес тұқым қуалаудың цитологиялық негіздерін есеп шығаруда қолдану. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Егер төмендегі бағалау критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді:
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы Генетикалық символдар мен терминдерді есеп шығару кезінде қолданады (жазылым дағдысы) Пәндік лексика мен терминология
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық
Өмір бойы оқу
Азаматтық жауапкершілік
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Генетикалық есептің қатынасын анықтау кезінде математикамен байланысады | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақтаны пайдалану, сондай-ақ ғаламтордан қажетті ақпараттарды өздігінен іздеп табу және керегін іріктеп алу арқылы сын тұрғысынан ойлауларын, компьютерді белсенді пайдаланушы дағдыларын дамыту | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Көбею 6, 7, 8 сыныптар; Генетика негіздері 9 сынып | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-1 мин | Сабақты ұйымдастыру (оқушылармен амандасу, түгендеу, көңіл-күйлерін білу) | | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2-6 мин | Ой қозғау: Оқушылар бүгінгі тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдерді құрастыру арқылы жұп құрайды. Оқушылар жұп құрғаннан кейін осы мақал-мәтелдерге сүйене отырып, сабақтың тақырыбына шығады.
Жаңа тақырыпқа шығу Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге анықтау Оқушыларға сабақ мақсатына жету үшін бағалау критерийлерін ұсыну | ИТ, презентация, 1-4-слайдтар, 1-қосымша | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
7-12 мин | Ұғыну Мұғалімнің қысқаша түсіндірмесі (слайд бойынша) Оқушылар дәптерлеріне қысқаша жазып алып отырады. | ИТ, презентация 5-13 слайдтар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
13-16 мин | Активити «Ойлан. Жұптас. Топтас» Оқушыларға «Х және Ү хромосомаларының қайсысында ген көбірек болады?» деген сауалға алдымен өздігінен, кейін жұппен жауап бере отырып, сосын барлық сыныппен талқылайды. БЖ: Ү хромосома Х хромосомаға қарағанда мөлшері кішірек болатындықтан, Х хромосомасымен байланысты белгілер де көбірек болмақ. Ү хромосома арқылы берілетін бірнеше белгілер ғана бар. Ол белгілер тек әкелерінен ұлдарына ғана беріледі. | ИТ, презентация 14-слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
17-25 мин | Топпен жұмыс (Х, Ү таңбалары бар карточкалар арқылы) 1-топ: Х-тіркесті тұқым қуалау 2-топ: Ү-тіркесті тұқым қуалау Дескриптор:
Өзара бағалау «2 жұлдыз, 1 тілек» Кері байланыс. Мұғалім оқушылардың айтқандарына толықтырулар жасайды. | ИТ, презентация 15-21 слайдтар, 2-қосымша, А3, маркерлер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
26-28 мин | Дальтонизмді анықтауға арналған тест «Қандай сандарды көріп тұрсың?» Жауабы: 25, 6, 8, 56, 29, 45 | ИТ, презентация 22-слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
29-37 мин | Өздік тапсырма: «Жыныспен тіркес тұқым қуалауға есептер шығару» Дескриптор:
Өзара бағалау. Кері байланыс | ИТ, презентация 23-слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
38-40 мин | Кері байланыс.
Рефлексия «Тазалық» Үйге тапсырма. Есеп шығару. Адамда дальтонизм ауруы рецессивті және Х хромосомасында орналасқан, ал дұрыс көру доминантты белгі болып табылады. У хромосомада мұндай ген жоқ. Анасы дальтоник ал әкесі түстерді ажырататын отбасында түстерді дұрыс ажырататын балалардың туу мүмкіндігі қандай? Егер балалары дальтоник болса, онда қайсылары: ұлдары ма, қыздары ма? Есептің шығарылу жолын көрсетіңіз. | ИТ, презентация, 24-26 слайдтар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қабілеті жоғары оқушылардан қосымша тереңдетілген сұрақтарға жауап беру сұралады Қабілеті төмендеу оқушыларға жауап беруде ақпаратты қолдану рұқсат етіледі | Өздік жұмыстар Жеке және топпен өзара бағалау | Интербелсенді тақтаны 10 минуттан артық қолданбау ескеріледі. Биология кабинетінде қауіпсіздік техникасының ережелерін естен шығармау керектігі ескертіледі. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға 1 Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |