Файл: Апаратты ауіпсіздік.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ақпараттық қауіпсіздік – ақпараттың бұрмалануы немесе жоғалуы салдарынан қолданушыға орны толмас зиян келтіретін кез келген әрекеттерден ақпаратты қорғау.

Ақпаратты қорғау – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Ақпаратты қорғауда деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен ақпарат қорларының тұтастығын, қолжетімділік оңтайлылығын және құпиялылығын қамтамасыз ете аламыз.

Ақпараттың қолжетімдігі компьютер істен шыққанда немесе Интернет арқылы түрлі қауіпті программалардың шабуылы нәтижесінде веб-сайт қолданушысының сұранысына жауап бермеген жағдайда бұзылады.

Ақпараттың тұтастығының бұзылуы ақпарттың ұрлануы немесе бұрмалануы кезінде орын алады. Мысалы, электронды пошта хаттарының және басқа да сандық құжаттар мазмұнының өзгеруі.

Ақпараттың құпиялылығы адамдарға құпия ақпарат жария болғанда бұзылады, бұл ақпарттың таралуына себеп болуы мүмкін.

Ақпарат қолданушысы деректердің қолжетімдігінің, құпиялылығының және тұтастығының қауіптерін ескеру керек.