Файл: Орындаан Нурланова А. Н.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Орындаған: Нурланова А.Н.

Менің жоғары білімім

Мектеп түлегі атанып, үлкен өмірге қадам басқан әр жеке тұлғаның алдындағы басты мақсат – жоғары білім алу деп түсінемін. Және сол алдына қойған мақсатқа дұрыс қадам басу үшін дұрыс таңдау жасау міндеті тағы бар. Білімді бір үлкен күш деп алып қарайтын болсақ, сол күшті одан сайын арттырып, сонымен қоса жаңа мүмкіндіктер мен жетістіктер сыйлайтын, ол – жоғары білім. Қазіргі таңда оқу мен білім алуға, меңгеруге барлық дерлік жағдай жасалған. Біздің елімізде де, сәйкесінше, барлық азаматтар мен азаматшалардың білім алып дамуына, алған білімдері бойынша тәжірибе жинауына көптеген мүмкіндіктер бар. Жалпы білім алу жолындағы қалыптасқан біліктілік пен алынған білімді ұштастыра білген маман болашақта мемлекет сұранысына ие, заман талабына сай келетін жеке тұлға болып қалыптасатыны сөзсіз.

Білімге деген құштарлығы жоғары және сол білім алу жолында өте көп мүмкіндіктерге ие елдің жастарының бірі бола тұра, жоғары білім алуды мақсат деп қоймау дұрыс емес деп есептеймін. Жастардың білім алуға деген қызығушылығы қашан да жоғары болу керек. Білім адам бойына біткен ең мықты қару. «Білім – ең маңызды аспап» деген ғаламдық кәсіпкер Билл Гейтстің сөзі де адамның ең үлкен мүмкіндігі – білімі екендігіне бірден-бір дәлел. Дәл осы пікірді ұстана отырып, мен де білім алып, өзімді дамытып отыруды алдыма мақсат етіп қойған болатынмын. Бүгінде әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, география және табиғатты пайдалану факультеті, география мамандығы бойынша оқуымды тәмамдап, өз білімімді жетілдіру мақсатында биыл аталған мамандықтың магистратура бөліміне оқуға түстім. Болашақта аталған білімім мен тәжірибеммен өзімнен кейінгі жастармен бөлісіп, Қазақстанның география саласына өз үлесімді қосуды көздеймін.

Білім алу құқығы адамның өмір бойы жүзеге асыратын негізгі құқығы деп саналады. Білім алу құқығы адамның ақпаратқа деген қажеттілігін қанағаттандыруға тікелей білім алуға және өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған. Біздің әрқайсымыздың білім алуға жалпы құқығымыз бар, бірақ бұл ретте әрқайсысы білім алу арқылы өз мақсатын көздейді. Өкінішке орай, кейбір студенттер үшін мақсат – нақты білім емес, тек диплом алу ғана болып табылады. Қазіргі жастардың менталитеті әлі де өзгереді деп үміттенемін және әрқайсымыздың мақсатымыз өзін-өзі байыту және жетілдіру, яғни өмір сүру үшін шынымен қажет білім алу болады деп сенемін.


Глоссарий

Жоғары білім – толық орта білім негізінде жоғары оқу орындарында берілетін және тиісті дипломмен куәландырылатын маманның кәсіби біліктілік дәрежесі.

Университет – жаратылыстану, қоғамдық, техникалық, әлеуметтік ғылымдар саласынан кең көлемде жоғары білімді мамандар даярлайтын, көп салалы жоғары оқу орны.

Факультет – студенттер мен аспиранттарды бір немесе бірнеше ұқсас мамандықтар бойынша дайындайтын, белгілі салада мамандардын біліктілігін көтеретін және де кафедралардың ғылыми-зерттеу қызметіне басшылық жасайтын ЖОО-ның оқу-ғылыми және әкімшілік бөлімшесі.

Диплом – мамандыққа байланысты жоғары немесе орта дәрежедегі оқу орындарын бітіргені, сондай-ақ, жоғары ғылыми атақ, ғылыми дәреже берілгені туралы куәлік

Менталитет (діл) – ойлаудың үлгісі, этностың, әлеуметтік топтың, индивидтің жалпы рухани мінез-құлқы.

География – жер беті табиғаты туралы, халықтар мен олардың шаруашылық іс-әрекеттерін зерттейтін ғылым.