Файл: Атыжнііз Абай Ромен Кні 12. 03. 2022 Бгінгі кніізге сттілік!.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.04.2024
Просмотров: 5
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Аты-жөніңіз: Абай Ромен
Күні: 12.03.2022
Бүгінгі күніңізге сәттілік!
Математикалық сауатталық бойынша тапсырмалар
ТАПСЫРМА №1
Қуыс текше
Арман қыры 2 см болатын кішкентай текшелерден қыры 10 см болатын үлкен текше жасағысы келеді. Іші қуыс үлкен текшені барынша аз кішкентай текше пайдаланып құрастыру қажет.
Сұрақ:
Арманға үлкен текше құрастыру үшін неше кішкентай текше қажет? Жауабыңызды негіздеңіз.
Жауабыңыз:
Текшеде 12 қыры бар,бір қырында 5 шаршы бар.
12*5=60
Арманға үлкен текше құрастыру үшін 60 кішкентай текше керек.
ТАПСЫРМА №2
Кітаптар
Баспахана дайын өнімді тасымалдау үшін картон қораптарды қолданады. Баспаханаға қораптың төрт түрі әкелінді.
Сұрақ:
Берілген параметрлі кітаптарды ұқыпты тасымалдау үшін қораптың қай түрін таңдау қажет?
Жауабыңыз:
D)
ТАПСЫРМА №3
Кітаптар
Баспахана дайын өнімді тасымалдау үшін картон қораптарды қолданады. Баспаханаға қораптың төрт түрі әкелінді.
Сұрақ:
Таңдалған қорапқа қанша кітап сыяды? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
Жауабыңыз:
D) 5 кітап сияды.Кітаптың ұзындығы 3 см,ал қораптың ұзындығы 16 см.Демек қорапқа 5 кітап сияды.
ТАПСЫРМА №4
Баспалдақ
Үйдің шатырын жөндеген ұста биіктігі 117 фут болатын үйдің қабырғасына ұзындығы 125 фут баспалдақты қойды.
1 фут = 30,48 см.
Сұрақ:
Баспалдақтың төменгі ұшы қабырғадан қандай қашықтықта орналасуы тиіс? Жауабын см-мен беріңіз.
Жауабыңыз:
125*30,48=3810
117*30,48=3566,16
3810-3566,16=243,84
ТАПСЫРМА №5
Математикалық сиқыр
Әлия сыныптастарынан оң санды ойлап, оны екі есе көбейтуді сұрады. Содан кейін 16 санын қосып, нәтижені 2-ге көбейтіп, оған 4 қосып, 4-ке бөлгізді. Шыққан саннан бастапқыда ойлаған санды алып тастауды сұрады. Сыныптастарының барлығында бастапқыда әртүрлі сан болғанына қарамастан, Әлия есептің жауабы ретінде бір ғана сан айтты, әрі бұл жауап барлығы үшін дұрыс болып шықты.
Сұрақ:
Есептің жауабы қандай? Әлия оны қалай анықтады?
Жауабыңыз:
Әлия 2 санын ойлады деп ойлаймын.
2*2=4+16=20*2=40+4=44:4=11-2=9
ТАПСЫРМА №6
«Ату алаңы» аттракционы
Арман мен Марат қалалық саябақта демалып жүріп, ату бойынша жарысуға бел буды. Олар ату алаңына келді. Арман 2 рет 5 ұпайдан, 4 рет 10 ұпайдан және 4 рет 8 ұпайдан жинады. Марат 3 рет 8 ұпайдан, 4 рет 9 ұпайдан және 3 рет 10 ұпайдан жинады.
Сұрақ:
Кім жақсы атады: Арман ба әлде Марат па?
Жауабыңыз:
Арман жақсы атады.Арман 82 ұпай жинады,ал Марат 80 ұпай жинады.
Оқу сауатталығы бойынша тапсырмалар
ТАПСЫРМА №1
Етік
Былғарысы жарылып, аттың ернінен де жұмсақ болып кетті. Өнегелі ортаға мұндай етікпен кіріп бара алмайсың. Олай етпеймін де – бұл етік басқа нәрсеге арналған. Оны маған софиялық* қарт етікші он жыл бұрын тігіп берген. Ол менің қалтамнан 10 лираны қағып алды да: «Мырза, менің мәйітімнің үстінде қаулап шөп өсіп кеткенде, сен әлі бұл етікті киіп жүресің. Сол кезде Исаактың жақсы атын еске аларсың», – деді.
Жыл өткен жоқ, Қосөзен арасындағы ассириялықтардың көне қалашығына қазба жұмыстарын жүргізу кезінде етіктің сол жақ сыңарының өкшесі қақырайып түсіп қалды. Лагерьге жалғыз оралуға тура келді. Күйіп тұрған құмның үстімен қиралаңдап келе жатып әлгі софиялық алаяқтың жер-жебіріне жеттім, осыдан етігін отқа жағып жіберсем де деп өз-өзіме уәде бердім.
Әріптестерім, британ археологтары қазба орнына дейін жете алмады – оларға Рифат-бектің атты әскері шабуыл жасап, түгелдей жер жастандырды. Мен етікті отқа жақпап едім, тақасын ауыстыртып, кішкентай күміс таға тақтырып алдым.
1873 жылдың мамыр айында Хуаға бет алған кезде жолқосшым Асаф менің сағатымды, қаруымды және астымдағы қаракөк Жатаған ақалтекемді алып қойғысы келді. Түн ішінде, шатырда ұйықтап жатқанымда әлгі жолқосшым сол жақ қонышыма құмжыланды салып жіберіпті. Шақса, тірі қалмайсың. Бірақ құмжылан етіктің аңқиып жатқан аузынан шығып кетіп, құмға қарай кетіп қалған. Мұны маған таңертең Асафтың өзі айтып берді. Жаратқан ием өзі жар болған екен деп ойлапты.
Жарты жылдан кейін «Адрианополь» кемесі Термаикос шығанағында жартасқа соғылып суға кетті. Ауыр етік мені су түбіне тартып бара жатса да шеше қоймадым. Өйткені бұл жеңілуге барабар екенін, өйтсем жағаға жете алмайтынымды білдім. Етік маған берілмеуге көмектесті. Жағаға дейін жалғыз өзім жүзіп жеттім. Қалғандары суға кетті.
Қазір соғыста, қанқасаптың ортасында жүрмін. Күн сайын төбемізден өлім қаупі төнеді. Бірақ мен сыр алдырмаймын. Он жылдан бері қара түсі өңіп, әбден ақжемделген етігімді киемін де, от пен оқтың астында құдды бір өзімді айнадай жылтыр паркет үстінде би туфлиімен жүргендей сезінемін.
(Б. Акуниннің «Түрік гамбит» шығармасының желісі бойынша)
*София – Болгариядағы қала
Сұрақ:
Мәтін не туралы?
А. Қарт жауынгердің бастан кешкен хикаялары туралы
Б. Бастан кешкен қызықты хикая туралы
В. Сапалы аяқкиім туралы
Д. Сәттілік әкелетін етік туралы
Жауабыңыз:
Д)
ТАПСЫРМА №2
Оқиғаларды хронологиялық ретімен сәйкестендіріңіз.
-
1 -
2 -
3 -
4
А. «Адрианополь» кемесінің Термаикос шығанағында жартасқа соғылуы
Б. Софиялық қарттың етікшіден етік сатып алуы
В. Жолқосшы Асафтың қастандығы
Д. Британиялық археологтардың қазасы
Жауабыңыз:
1-Б
2-Д
3-В
4-А
ТАПСЫРМА №3
Кестедегі тұжырымдардың әрқайсысына «Дұрыс» не «Бұрыс» жауабын белгілеңіз.
А. 1 – дұрыс, 2 – дұрыс, 3 – бұрыс.
Б. 1 – дұрыс, 2 – бұрыс, 3 – дұрыс.
В. 1 – бұрыс, 2 – бұрыс, 3 – дұрыс.
С. 1 – бұрыс, 2 – дұрыс, 3 – бұрыс.
Жауабыңыз:
В)
ТАПСЫРМА №4
Етік бас кейіпкерді қанша рет және неден құтқарғанын жазыңыз.
Жауабыңыз:
Етік бас кейіпкерді 3 рет құтқарды.Жағаға аман жетуге көмектесті,жыланнан аман қалдырды және соғыстанда аман қалдырды.
ТАПСЫРМА №5
Сұрақ:
Соңғы сөйлемде автор былай деп жазады: «Он жылдан бері қара түсі өңіп, әбден ақжемделген етігімді киемін де, от пен оқтың астында құдды бір өзімді айнадай жылтыр паркет үстінде би туфлиімен жүргендей сезінемін». Кейіпкер неліктен бұл етікті кигенде өзін сенімдірек ұстайтынын түсіндіріңіз.
Жауабыңыз:Етік кейіпкерді көп қиындықтан құтқарғандықтан,оған сенеді деп ойлаймын.
Жаратылыстану ғылыми сауатталық бойынша тапсырмалар
ТАПСЫРМА №1
Мысықтың көзі
Мысық көзі құрылымының басты ерекшелігі – арнайы қабат «тапетумның» (tapetum lucidum) болуы. Торлы қабықтың артында орналасқан бұл айна тәріздес шағылыстырушы қабат – мысық көзінің жұмбақ жарқылының себебі.
Бірде ағылшын Перси Шоу автомобиль фаралары жарығының мысық көзінен шағылысып көрінетінін байқап, бүгінде барлық жерде кездесетін алғашқы жол шағылдырғыштарын ойлап тапты.
Сұрақ :
Мысықтардың көздері қараңғыда қалай жұмыс істейді?
Тапетумге түскен жарық фотондары оның жарқырауын тудырады.
Күндіз жинақталған жарық қараңғыда мысық көзінен шағылысады.
Кез келген жарық фотоны тапетуммен тұтылып, фоторецепторларда көрінеді.
Мысықтың көзінде жарқырау әсерін беретін фосфор иондарының саны көп.
Жауабыңыз:
Тапетумге түскен жарық фотондары оның жарқырауын тудырады.
ТАПСЫРМА №2
Сұрақ:
Егер мысықтың алдына тамағын қойып, оған меңзесек, ол бәрібір бірер уақыт тағамын іздеумен болады. Бұл бақылау көру қабілетінің қандай ерекшелігін көрсетеді?
Мысықтар кез келген қашықтықтан жақсы көреді.
Мысықтарға алыстан көрмеушілік тән.
Мысықтар – алыстан көргіш.
Мысықтар жарықта нашар көреді.
Жауабыңыз:
Мысықтар кез келген қашықтықтан жақсы көреді.
ТАПСЫРМА №3
Мысықтар – керемет аңшылар. Аң аулау кезінде мысықтар өткір иіс сезу мен көру қабілеттеріне сүйенеді. Мысықтардың көздері бір-біріне жақын орналасқан және алға бағытталған. Мысықтың оң және сол жақ көзімен қабылдайтын секторлар бір-біріне сәйкес келеді, бұл оларға заттарды екі көзімен бір уақытта көруге мүмкіндік береді.
Сұрақ:
Қандай тұжырымдар мысық көзінің көру схемасын түсіндіреді?
Әр тұжырымға «иә» немесе «жоқ» жауабын таңдаңыз.
1-иә, 2-иә, 3-жоқ.
1-иә, 2-жоқ, 3-иә.
1-жоқ, 2-иә, 3-иә.
1-иә, 2-жоқ, 3-жоқ.
Жауабыңыз:
1-иә
2-жоқ
3-жоқ
ТАПСЫРМА №1
Ауаның ластануы
Сұрақ:
Ақтөбе қаласындағы ауаны ластау көздерін ластау дәрежесімен сәйкестендіріңіз.
1 Ақтөбе жылу электр орталығы
2 Ақтөбе ферроқорытпа зауыты
3 Ақтөбе хром қосындылары зауыты
Жауабыңыз:1-Ақтөбе ферроқорытпа зауыты.
2-Ақтөбе жылу электр орталығы.
3-Ақтөбе хром қосындылары зауыты.
ТАПСЫРМА №2
* Глоссарий: НОЗОЛО́ГИЯ (от грек. νόσος – ауру, дерт және …логия) биология және ғылыми медицинаның ауру, дерт және олардың классификациясын зерттейтін бөлігі.
Сұрақ:
2013-2015 жылдары Ақтөбе қаласының тұрғындары арасында кездескен қолқа-өкпе аурулары туралы зерттеу нәтижелері бойынша қандай қорытынды жасауға болады?
Әр сұрақ бойынша «Иә» немесе «Жоқ» деген жауапты таңдау керек
1-жоқ, 2-иә, 3-жоқ.
1-иә, 2-жоқ, 3-иә.
1-иә, 2-иә, 3-иә.
1-жоқ, 2-иә, 3-иә.
Жауабыңыз:
1-иә
2-жоқ
3-жоқ
ТАПСЫРМА №3
Деректермен танысып шығыныз. Ауа ластануының екі негізгі көзін анықта.
Жауабыңыз:
Зауыттар арқылы ауа ластанады және көлік арқылы.