Файл: азастанды жне зге оамдардаы баспанасыз адамдарды леуметтік жадайы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 24.04.2024
Просмотров: 12
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қарағанды медицина университеті
Қазақстан тарихы және әлеуметтік- саяси пәндер кафедрасы
Қазақстандық және өзге қоғамдардағы баспанасыз адамдардың әлеуметтік жағдайы
(эссе)
Орындаған: Жұмадулла Мадина
Факультет:СТОМ, 1-004
Тексерген: Әли М. Т.
Қарағанды 2023ж.
Баспанасыздық – бұл тұрақты, тұрғылықты жерінің болмауы, немесе жеке баспанасының болмауымен сипатталатын әлеуметтік топ.Қазіргі таңда жер ғаламшарының адам саны уақыт өте еселеніп келеді. Оның ішінде Қазақстан халық саны да артып, 19 миллионнан асты. Адам санының артуы, жаңадан отау құрып, үйлі болу үдерісінің қарқынды жүруі деген сөз. Алайда, қазіргі қоғамда үйлі болу жас отаулардың бас ауруына айналуда. Статистикаға жүгінсек, біздің елімізде статистика бойынша баспанаға мұқтаж 2 млн 300 мың адам ресми түрде тіркелген. Ал, тұрғын үй кезегінде бас қаламызда 40 мың отбасы тұр. Оған тіркелмей жүргендерді қоссақ, одан да көп болады.Үйсіздіктің түбірлеріне тоқталсақ, ең бірінші, жалақының тоқырауы. Мысалға алатын болсақ, АҚШ үшін ең төменгі жалақы 1970 жылдан бері шамамен 350% өсті. Тұтыну бағаларының индексі 480% - дан астамға көтерілді және бұл күнделікті өмір сүру шығындарын жабуды қиындатады. Басқаша айтқанда, Өмір сүру құны өскенімен, жалақы өспейді. Екіншіден, жұмыссыздық немесе жұмысқа жарамсыздық. Зерттеулер көрсеткендей, баспанасы жоқ адамдардың көпшілігі жұмыс істегісі келеді, бірақ тұрақты мекен-жайдың болмауы, денсаулықтың төмендігі, мүгедектік сияқты кедергілерге тап болады. Үшіншіден, қолжетімді баспананың болмауы. Мысалы, Линкольн жер саясаты институты жүргізген жаһандық сауалнамаға қатысқан әлемдегі 200 қаланың 90% - ы баспана бағаларының қолжетімсіз деп танылғанын көрсетті. Бұл тұрғын үйдің орташа бағасы орташа табыстан үш есе көп болғанына негізделген. Төртіншіден, кедейлік. Жалақының тоқырауы, жұмыссыздық және тұрғын үй мен денсаулық сақтау қызметтерінің жоғары шығындары кедейлікке ықпал етеді. Тұрғын үй, тамақ, білім және т.б. сияқты қажетті заттарды ала алмау адамға немесе отбасына қауіп төндіреді. Бесіншіден, тұрмыстағы зорлық-зомбылық. Тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау үшін адамдар үйлерін жоспарсыз тастап кетеді. Егер олардың тоқтайтын жері болмаса, олар көліктерде, баспаналарда немесе сыртта тұруы мүмкін. Тіпті қалғандар үшін де отбасындағы зорлық-зомбылықтың салдары оларды болашақта баспанасыздық жағдайына осал еткізеді. Алтыншыдан, соғыс. Басқа мемлекеттен келген қашқындар немесе депортацияға ұшыраған, соғыс кезінде тұрғылықты өмір сүру жерінен айырылған адамдар осы себеп тобына кіреді.«Казжилстрой-Кооперация» кооперативі мектептер мен ауруханаларда өткізген әлеуметтік зерттеу бойынша қызметкерлердің 65-70% пайызы жалдамалы пәтерлерде тұратыны анықталды. Бұл дегеніміз халқымыздың еміне жауап беретін дәрігерлер мен ұрпағымыздың біліміне жауап беретін мұғалімдердің көбісі жеке үйсіз жүр деген сөз. Жалдамалы пәтерде тұратын мұндай отаулар өздерінің айлық табыстарының жартысынан көбін пәтерге жұмсауы керек болады. Ал, жартысын ішіп-жеуіне жұмсаса, өздерінің дамуына, балаларының спорттық және өнер үйірмелеріне қатысуы қиынға соғады деген сөз. Жағдайы бар, ақшасы көп адамдар пәтерлерін жалға қымбатқа беріп нағыз адамдарды қанаудың үлгісін танытып жатқандығы өкінішті. Мұндай жағдайда өмір сүріп жатқандар үнемі күйзелісте жүреді. Соның кесірінен зиянды әдеттерге жол беріп жатқандығын да байқаймыз. Мұндай отбасылар ұрпақтарына дұрыс тәрбие бермесіне кім кепіл?
Әйгілі ағылшын премьер-министрі Маргарет Тэтчердің «Мемлекеттің бірінші байлығы халық. Үкімет тек оның потенциалын ашуға көмек беруі керек» деген парасатты сөзі осы мәселенің қалай шешілу керек екенін көрсетіп тұрғандай. Біздің елде жағдайы төмен, жалақысы аз адамдарға арналған бағдарламалар жоқ емес, бар! Алайда жеткіліксіз.Финляндия мемлекетінде үйсіз адамдардың саны шамамен қалмады деген тенденция туындап, әлемді дүр сілкіндірді. Он жыл ішінде үйсіз адамдардң саны 3 есеге азайды.2008 жылдан бері Финляндия “Алдымен баспана” бағдарламасын қолға алды. Финляндия 2017 жылғы әлемдік бақыт индексі бойынша 5 ші орынға тұрақтаса, 2022 жылғы статистика бойынша 1 ші орынға тұрақтағанын білеміз. Қазіргі уақытта Финляндия мемлекеті ұлттық дамуымен, білім жүйесінің әлемге үлгі болуымен танымал. Мұның бәрі сол баспаналы болғандықтан артық күйзелістің болмауынан, ұлтқа қызмет етудің қарқынды түрде жетілуіне алып келіп отыр.Қазақстанның бақыт индексінің мөлшері жоғарлауы үшін ең алдымен баспана мәселесін шешуі абзал екенін байқадық. 7-20-25 бағдарламасы іспеттес тағы да басқа бағдарламаларды көбейтіп, халықтың жағдайын жақсарту қажет. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 қаулысы бойынша бағдарламаны іске асыру кезеңінде 2026 жылға қарай 102,3 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда.
Мың шыбық шаншып өсірсең, Халқыңа орман салғаның. Халқыңа орман салғаның, Өзіңе қорған салғаның.