Файл: Таырыбы ыза нзіктік, ла батылды Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қыздар жиналысы

Тақырыбы: «Қызға нәзіктік, ұлға батылдық» 

Мақсаты:адамның сыртқы тұлғасы мен ішкі жан-дүниесінің үндестігі, сұлулықтың мәні туралы түсінік беру

Міндеттері:

  • оқушыларды қыздың нәзіктігін, ұлдың батылдығын ажырата алуға үйрету;

  • оқушыларды сыртқы сұлулықты дұрыс түсіне білуге үйрету;

  • нәзіктілік, батыл болуға тәрбиелеу ;

Көрнекіліктер: Слайд «Қызға нәзіктік, ұлға батылдық», бейнематериалдар, плакаттар және т.б. 

(Ұл мен қызды дәріптеу мақсатында өлең шумақтары оқылады) 

Білектей арқасында өрген бұрым, 
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын. 
Кәмшат бөрік, қара қасты, 
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?!-деген Абай атамыздың өлең жолдарын қыздарымызға, 

Атадан жақсы ұл туса, 
Елінің туы болады. 
Атадан жаман ұл туса, 
Елінің соры болады- деген Қазбек бидің нақыл сөздерін ұл балаларға арнай отырып, бүгінгі «Қызға нәзіктік, ұлға батылдық» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. 
І. Тренинг. Берілген қағазға топтастыру стратегиясын пайдалана отырып, адамның жақсы және жаман қасиеттерін жазыңыз 

Балалар, қазақта мынадай тілек бар екен. Қыздарың ибалы, инабатты болсын, ұлың иманды, жүректі болсын, адамгаршілігі мол болсын, қайырымды болсын! Адам бойында жақсылық пен жамандық, имандылық пен имансыздық қатар жүреді. Енді осы жаман қасиеттерден мүлде аулақ болу үшін жаман қасиеттер жазылған парақтарды жыртып тастайық. 

Бүгінгі қыздар жиналысында тек жақсы қасиеттерді сөз етіп, ұл мен қыздың тәрбиесіндегі адамгершілік, имандылық , нәзіктік, батылдық қағидаларына тоқталамыз.Ал, енді өз пікірлерімізді ортаға салайық. (Балалар пікірі тыңдалады) 

ІІ. Жаңа ақпарат 
Қыз балаларға табиғатынан нәзіктік пен ұяндық , ер балаларға – батылдық пен ұстамдылық тән.Осыны түсіне білсе, олар күнделікті өмірде бір-біріне көмектесуге дайын тұрады. 
Ер балалар мен қыз балалар арасындағы достық өзара түсіністік, келісім және сыйластықтан басталады. 

ІІІ. Ойланайық пікірлесейік.
 
Қыздар туралы сұрақтар: 
1. Қыздың көркі деп нені түсінесің? ( ең бірінші мінезі, әдептілігі, әрине 
сыртқы келбеті) 
2. Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді? ( Гүл табиғаттың сәні, оны баптап, 
бағып күтсең, әдемі, хош иісті болып өседі. Қыз бала да, солай кішкентай 
кезінен бастап бағып, жақсы тәрбие беру керек. Отбасында берген тәрбие 
қалай болса,өскенде солай қалыптасады.) 
3. Қызға қандай қылық жараспайды? (ерсі күлгені, дөрекі сөйлегені, 
өтірік айтқаны) 
4. Қыздарға арнап мақал айт. 

( Қыз өссе елдің көркі; Таудың көркі тас, Қыздың көркі шаш; Қызға қырық жерден тыю; Анаға қарап қыз өсер) 

5. қыздардың қандай мінезі ұнайды? (қылықты , әдепті болса, 
сыпайы, биязы болса ) 
Ұлдар туралы сұрақтар: 

1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды? ( бұзақылық, сотқарлық, қорқақтық) 
2. Ұлдарға арнап мақал айт 
(Атадан жақсы ұл туса, 
Қар үстінде от жанар, 
Атадан жаман ұл туса, 
Ат үстінде ит қабар 

Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді, 
Жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді ) 
3. Саған ұлдардың қандай мінезі ұнайды? (салмақты, кішіпейіл, 
адамгершілігі мол), 
4. Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің? 
( Отан үшін отқа түс, күймейсің дегендей, ұл бала еліне отанына қызмет 
етуі тиіс.Ол үшін тәртіпті, саналы, адамгершілі мол болуы керек деп 
ойлаймын) 
5. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің? 
(Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау) 

ІҮ. Ситуациялық жағдаяттар. 
1 сұрақ. Сіз автобуста отырсыз. Келесі аялдамадан қарт адам кірді. Бос 
орын жоқ. Не істер едің? 
2 сұрақ. Көшеде қарт әже құлап қалды. Сен не істер едің? 

3 сұрақ. Сіз мектепте біреудің сөмкесін тауып алдыңыз? Қандай әрекет 
жасар едіңіз. 

4 сұрақ. Сіз дүкенде кезекте тұрсыз. Сізден кейін егде тартқан қарт 
адам келіп тұрды. Қайтер едіңіз? 

5 сұрақ. Сыныптас екі құрбың театрда отырып, қатты күліп, дөрекі сөйлеп,

 
басқалардың көңілін өздеріне аударып отыр. Құрбыларыңа не 
айтар едің? 

6 сұрақ. Көшеде, мектепте, үйде таныс адамдармен кездескенде не істеу 
керек? 

Ү. Жалғасын тап – деп аталады. Ережесі: тәрбие, отбасы туралы мақал – мәтелдерді жалғастыру, және мағынасын түсіндіру.

1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)

3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )

4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)

5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)

6. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)

7. Күлме досыңа…………(келер басыңа)

8. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)

9. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)

10. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)
ҮІ. Қорытынды 
Сонымен балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздан не түйдік? 
Бүгін біз нәзіктік, батылдық , адамгершілік, имандылық туралы мағлұмат алдық. Сіздер қай жерде болсаңдар да әдепті, тәртіпті, батыл, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа баурап жүрулеріңіз керек. Өмір сіздерден осыны талап етеді. 
Сонымен, иманды ұл мен инабатты қыздың бойында қандай қасиеттер болу керек? 

(Иманды ұл Инабатты қыз  Тәртіпті ибалы қайырымды сыпайы әдепті биязы  адамгершілігі мол кішіпейіл)

Аң жортар аяғымен, жер еркесі, 
Құс ұшар қанатымен, көк еркесі. 
Халқыңа қалаулы ұл боламын десең, 
Адам бол! Болма адамның көлеңкесі – деп Абай атамыз айтқандай, сіздерге адамгершілігі мол, еліміздің иманды да инабатты ұл –қызы болып өсіңіздер деп тілек айтамын. Осымен қыздар жиналысы аяқталды. Рақмет