ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Роботтехника

Педагогтың аты-жөні

Қарабаева Ақмарал Сламбайқызы

Күні

23.01.2023ж

25.03.2023ж

Сынып:

5

Сабақтың тақырыбы:

Гироскопиялық датчик.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.3.4.4 – гироскопиялық датчик жұмыс істеу принципін түсіндіру;

5.3.3.1 - роботтың бұрыштық бейімділігін анықтау үшін бағдарламалар жасау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Гироскопиялық датчик жұмыс істеу принципін түсінеді.

Көптеген оқушылар:

Роботты тұрған орнынан 900-қа бұратын программа блоктарын құрастырады

Кейбір оқушылар:

Роботтың қозғаласына гироскопиялық датчиктер әсері туралы түсінік береді

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

3.Өткен сабақты пысықтау.

Топтық жұмыс.

-Заманауи робот жайлы не айта аласың?

-Роботтың дамуы біздің тіршілігімізге қалай әсер етеді?


1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.

4.Сұрақтарды өзара талқылап, ойларымен бөлісіп,ортақ ойларын жазады, пікірлерін қорғайды.




Мұғалімнің ҚБ



Карточка/

А4 парақ

Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Гироскоп- өзі орнатылған дененің бұрыштық бағдарының өзгеруіне қарай бейімделуге қабілетті құрылғы.

Гироскопиялық датчик роботтың айналу бұрышын немесе айналу жылдамдығын өлшеуге арналған.Датчик корпусының жоғарғы жағында екі бағыттауыш орналасқан.



Сондықтан роботқа датчикті дұрыс орнату маңызды. Гироскопиялық датчиктің өлшеу дәлдігін арттыру үшін оны робот корпусына дұрыс бекіту керек.Робот қозғалысын бастар алдында гироскопиялық датчиктің ағымдағы көрсеткішін 0-ге қою керек. Әйтпесе робот қозғалғанда гироскопиялық датчик бұрылу бұрышы мен бұрылу жылдамдығын қате өлшейді. Егер қозғалыс уақытында робот сағат тіліне қарсы бұрылса, онда датчиктің өлшеу мәндері теріс болады. Ал сағат тілі бойынша бұрылса, онда өлшеу нәтижесі оң болады.



Гироскопиялық датчиктің айналу жылдамдығын есептеудегі ең үлкен мән 440 градус/секундқа тең.

Гироскопиялық датчиктің командалық блогы мен режимдері:

  • датчикті жалғау порты;

  • жұмыс режимін таңдау;

  • өлшеу деректерін енгізу;

  • шығару.

Көрсетілім.

Измерение (өлшеу) режімі.

Сравнение (салыстыру) режімі.


Гироскопиялық датчикке енгізу және шығару мәндері. Оқулық §3.3, 72-бет, 1-кесте.
Гироскопиялық датчиктер өнеркәсіпте және әскери бағытта кеңінен қолданылады. Мысалы, гироскоптар әуе кемелері мен тікұшақтардың радио арқылы басқарылатын модельдерінің қозғалысын реттейді. Көлік навигациясында, көлікті басқаруда, жеңіл автокөліктер апатқа ұшырағанда қауіпсіздік жастықшаларын іске қосуда пайдаланылады. Әскери роботтардың жұмысын, сүңгуір қайықтарды басқаруды гироскопиялық датчиксіз елестету мүмкін емес.
Жеке жұмыс. 1-тапсырма.

Оқулық §3.3, 73-бет, «Практикада қолдану» тапсырмасы.

Дескриптор:

-Роботты тұрған орнынан 900-қа бұратын программа блоктарын құрастырады,роботқа жүктеп нәтижесін тексереді

Топтық жұмыс. 2-тапсырма.

-«Роботты 900-қа бұру программасындағы» блоктардың қызметіне талдау жасаңдар. Блоктардағы сандық параметрлерге ерекше назар аударыңдар. Бұл сандық параметрлерді өзгерту арқылы қандай өзгерістер жасауға болады?

Дескриптор:

-сандық параметрлерді өзгерту арқылы қандай өзгерістер жасауға болатындығын түсіндіреді.

Топтық жұмыс. 3-тапсырма.

-Роботтың қозғалысына гироскопиялық датчиктер қандай ықпал етеді?

Дескриптор:

-роботтың қозғаласына гироскопиялық датчиктер әсері туралы түсінік береді.

Мұғалімді тыңдайды

«Гироскоп» анықтамасын жазады

«Гироскопиялық датчик» анықтамасын жазады

Кестемен танысады


1-тапсырманы орындайды
2-тапысманы орындайды

3-тапсырманы орындайды


Мұғалімнің ҚБ
Мұғалімнің ҚБ

Мұғалімнің ҚБ



Жұмыс дәптері

Оқулық ,Lego EV3

оқулық

карточка


Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.

2.Кері байланыс:

барлығын түсіндім

менде сұрақтар қалды

Өзін-өзі бағалау.







Үй тапсырмасы

§ 3.3, 74-бет, «Үй тапсырмасы»