Файл: " 2022 жылБалалар жылы" болып жарияланандыын атап тті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

18- 22 сәуір аралығында «Мойылды негізгі орта мектебі» КММ-де «Білім басы бастауышта қаланар, білімменен әлемге жол салынар» атты бастауыш сынып апталығы оздырылды. Апталықтың ашылуы барысында бастауыш сыныптар бірлестігінің жетекшісі М.Набиденова апталық жоспарымен таныстырумен қатар " 2022 жыл-Балалар жылы" болып жарияланғандығын атап өтті. М.Бисекова бірінші күні оқушылардың ойлау қабілеті мен ой ұшқырлығын дамыту мақсатында «Ойна да, ойла» ойын алаңына жұмылдырылды. Оқушылар «Иә!» «Жоқ» «Білмеймін» шынайы жауап, «Тасбақа» ойындарына белсене қатысты. Сонымен қатар «Біздің лоторея» ойынында оқушыларға түрлі логикалық қызықты сұрақтар қойылып, соңында балалар жақсы көңіл - күймен тарқасты.

«Мойылды негізгі орта мектебі» КММ-де 19 сәуір күні бастауыш сынып мұғалімі Г.М.Таспаева 2-4 сыныптар арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысын өткізді. Шара барысында мұғалім алдымен сайыстың мақсат, міндеттерімен таныстыра отырып, халық ауыз әдебиетіндегі мақал - мәтелдер мен жұмбақтардың тәрбиелігіне, маңыздылығына тоқталып өтті. Оқушылар қызыл,көк жұлдызшалар арқылы топқа бөлініп, өз білімдерін ортада көрсете білді.

20 сәуір бастауыш сынып мұғалімі А.А.Елекенова «Зерек болсаң, тауып көр» танымдық сайысын өткізді. Танымдық сайыста оқушылар «Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл», «Ширату»,«Логикалық тапсырмалар», «Сөзжұмбақ шешу», «Ойымды жалғастыр» кезеңдері бойынша сынға түсті. Сайыс соңында белсенді қатысқан оқушылар мадақталды.

21-сәуір күні М.Н.Набиденова «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысын өткізді. Оқушылар «Бәйге», «Ғажайып төрттік», «Полиглот», «Жорға» кезеңдерінің тапсырмаларына белсенділікпен қатысып, өз білімдерін байқатты. Сайыс соңында белсене қатысқан оқушылар дипломдармен марапатталды.

22 сәуір күні «Мойылды негізгі орта мектебі» КММ-де «Білім басы бастауышта қаланар, білімменен әлемге жол салынар» атты бастауыш сынып апталығының «Ертегілер әлемінде» атты ертегілерді сахналау қойылымы оздырылды. 1-сыныпта «Түлкі мен қоян» , 2 сыныпта «Бидай мен қаңбақ», 3-сыныпта «Үкінің ақылдылығы», 4- сыныпта «Жылдың төрт мезгілі» атты ертегілері сомдалды. Балалар ертегілерді сахналауға қызығушылықпен қатыса білді.

Апталық барысында «Ең әдемі жазу» сайысы да ұйымдастырылды. Ең үздік жұмыс таңдалып, жеңімпаздары мадақталды.