Файл: Саба Кні 25. 01. 2023 ж.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Сабақ:

Күні: 25.01.2023 ж.


МЕКТЕП: Ұзынағаш ауылындағы орта мектеп


Сабақтың тақырыбы:

«Әлемді биология арқылы таны»

Пән мұғалімі:

Егемберді Н.Б

Жас мамандар:

Қатысушылар саны: 14

Сабақ мақсаты:


Ойындар арқылы оқушыларға жартылыстың ғажайыптарымен таныстыру, биология пәні жаратылыстың-сыры екенін көрсету .

Критерийлері:


1. Жаратылыстану ғылымдары бойынша сұрақтарға жауап бере алады.

2. Интелектуалды зерттеу жасай алады

3. Командамен бірлесіп жұмыс жасай алады




Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурс

тар


Сабақтың басы

3 мин


Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал туғызу.

«Таңдап ал» әдісі арқылы Топқа бөлу

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау

1 - кезең - «Полиглот-тіл өнері»

2 - кезең- «Капитандар сайысы»

3 - кезең – «Тынысымыз ашылсын»

4 - кезең – «Интелект арқылы зерттеу»

5-кезең- «Күшіміз -бірлікте»

«Тапдап ал»


АКТ


Сабақтың ортасы:

10 мин


1 - кезең «Полиглот-тіл өнері»

  • Бұл кезеңде жұмбақ оқылады жауабын табу қажет. Әр топқа 3 жұмбатқан жасырылады. .

  • Жұмбақты шеш:

Ағашта жабысып тұрады,
Тұмсығын алмай ұрады. ( Тоқылдақ – Дятел – Woodpecker)
2. Мойны сұрақ белгісі,
Бұл қандай көл құсы. (Аққу – Лебед – Swans)
3. Бұйра тұлымы желмен ойнайды,
Қызыл мұрыны жерге бойлайды. (Сәбіз – Морковь – Carrot)
4. Сайқымазақ қулығы бар,
Барған жерде ұрлығы бар.
Бұл қандай аң ұғып ал. (түлкі – лиса – fox)
5. Терісі бар, жүні жоқ,
Жүрегі бар, ізі жоқ.
Қанаты бар, ұшпайды,
Су астында қыстайды. (Балық – рыбка – fish )
6. Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең, жылатады. (Пияз – лук - onion)

Жаңылпаш

  1. Бұлаң бұлаң еткен бұл аң

    Бұлаң десем екен қылаң

    2. Әбдіреде әбігер әтеш отыр.

    Әбігер әтеш отырған

    Әбдірені әжем ашып жатыр.

    3. Инелік илеуде иленбейді.

    Итбалық итмұрынды иіскемейді.

    4. Пай-пай-пай,
    Жайылып жүр тай.
    Ай-ай-ай, Ұшып кетті торғай.




  • 2 - кезең-Капитандар сайысы.. Бұл сайыс дыбыссыз режимде өтеді. Команданың капитаны бірде бір сөз естімеуі керек, өзге ойыншылар кезектесе отырып, белгілі бір тапсырманы ауызша айтады. Еріннің жыбырлағанына қарап бірінші болып тапқан ойыншының тобына беріледі. Дұрыс жауап 10 ұпай

  • Тоқылдақ

  • Жүрек

  • Қаңқа

  • Мысық

  • Жасуша

  • Балдыр

  • Ядро

  • Жеміс

  • Адам


3 - кезең – «Тынысымыз ашылсын» кезеңі бойынша екі командадан екі оқушы шығып шарды үрлеу арқылы құтыларды жинайды. 1 мин уақыт беріледі. Кім көп құты жинайды 10 балл беріледі
4 – кезең «Интелект арқылы зерттеу» кезеңінде командадан екі оқушы шығып, қорапта салынған заттарды сипап сезу арқылы анықтайды. Әр тапқан затқа 10 балл беріледі.

5-кезең «Күшіміз-бірлікте» кезеңінде команда болып берілген тартқыш арқылы ағзаның құрылысын жинақтау қажет.



Презентация көрсетілді

Наушник


Құты, шар

Қорап

Тартқыш,

Ағза құрылысы

Сабақтың аяқталуы

Ойын қортындысы бойынша жеңімпаз команда марапатталады.

Кері байланыс

Әр топ өз пікірлерімен бөліседі







«Ұзынағаш ауылындағы орта мектеп» КММ

«Әлемді биология арқылы таны»

Интелектуалды ойын


Жауапты: Егемберді Н.Б

2022-2023 жыл