Файл: араанды облысы, араанды аласы М. Жмабаев атындаы гимназия.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы

«М.Жұмабаев атындағы гимназия»

8 «А» сынып ұжымына

Сыныпқа педагогикалық-психологиялық мінездеме

8 «а» сыныбында 25 оқушы бар. Оның 14-і ұл бала, 11-ы қыз бала.Олардың 1-ы оқу озаты, 24-і орташа оқиды. Сынып жетекшісі Жакишева Жулдыз Зейнулаевна. Сынып оқушылары арасында сынып әкімі, оқу секторы, тазалықшы, спорт секторы сияқты міндеттерді атқаратын оқушылар бар. Оқушылар бір-бірін сыйлайды, тыңдайды. Әрдайым бір-біріне көмек беруге дайын және достық қарым-қатынаста. Сабаққа белсене қатысады, үйге берілген тапсырмаларды мүмкіндіктеріне қарай орындап келеді. Әр түрлі әдістермен берілген тапсырмаларды тез түсініп, дұрыс орындайды. Сынып топпен, жұппен жұмыстануға үйренген. Сыныптан тыс шараларға өте жақсы белсенділікпен қатысады. Сынып жетекшісі үлгерімі төмен оқушылармен сабақ соңында уақыт бөліп жұмыс жасайды. Себепсіз сабақ қалдырмайды.

Мектеп психологының психодиагностикалық зерттеу жүргізген мәліметі бойынша сыныпта 4 оқушы холерик, 11 оқушы сангвиник, 5 оқушы флегматик, 5 оқушы меланхолик типтері анықталған.

Оқушылар қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Машық кезінде 8 «а» сынып оқушыларымен тығыз қарым-қатынаста болып, әр оқушының мінезін танып білдім. Осы оқушылармен жұмыстана отырып, олардың бір-бірімен тату екендігіне, көмек қолын созуға дайын отыратындарын, сабаққа аса қызығушылық танытатындарын, ұйымшыл, бауырмал екендерін байқадым.

Бұл сыныптың оқушыларының осындай қасиеттеріне сүйсіне отырып, болашақта білімді де білікті азамат пен азаматша болатыныма сенімдімін.

Мектеп директоры: А.А.Жалелов

Тәлімгер: Ж.З.Жакишева

Практикант: Р.А Байзақ