Файл: Масаты Білімділік Оушылара трын й жайлы тсіндіру туралы білу, білімдерін алыптастыру. Тазалыденсаулы кепілі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақ №____26_____ Күні__________ Сынып____6____

Сабақтың тақырыбы: Тұрғын үйдің өзіне тән ерекшеліктері. Тұрғын үй гигиенасы.

Мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға тұрғын үй жайлы түсіндіру.

туралы білу, білімдерін қалыптастыру. «Тазалық-денсаулық кепілі» тұрғын үй гигенасын білу.

2.Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

3.Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа дағдыландырудың, жеке гигиенаны сақтаудағы басты міндет ретінде тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа білімді бекіту

Сабақтың әдісі: сарамандық жұмыс, сұрақ- жауап, түсіндіру

Болжамданған нәтіжесі: оқушылар тұрғын үйдің өзіне тән ерекшеліктері мен үй гигенасы

туралы мәлімет біледі.

Сабақтың көрнекілігі: оқулықтар, интербелсенді тақта.
Сабақтың жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушыларды түгендеу

2 Сабаққа назар аудару

3.Топқа бөлу

ІІ. Өткен сабақты қайталау:

1. Топпен жұмыс

І топ.Адасқан сөздер

ІІ топ. Ст. «Топтастыру»

2. Психологиялық сәт

ІІІ. Жаңа сабақ:

1. Мұғалімнің кіріспе сөзі

2. Ст «Интервью»

3. Бейнетаспа

4. Сергіту сәт

ІҮ.Жаңа сабақты бекіту:

1.Сұрақ- жауап

2.Сарамандық жұмыс

Ү. Сабақты қорытындылау және оқушыларды бағалау.

1. Топпен жұмыс

І топ.Ст. «Топтастыру»

ІІ топ Ст.. «Синквейин»

2.Рефлексия

3.Бағалау

ҮІ.Үйге тапсырма.

ҮІІ.Жұмыс орнын жинастыру.

Сабақтың жүру барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушыларды түгендеу

2.Сабаққа назар аудару

3. Топқа бөлу

ІІ.Өткен сабақты қайталау:

І топ

1. Адасқан сөздер





Сәулетті және көркем безендірілген ішкі кеңістік .




құрастыру, жалғастыру, байланыстыру деген мағыналарды білдіреді




Суретші- әрлеуші, өндірістік саласындағы маман


Композиция, интерьер, дизайнер



І І топ. Ст. « Топтастыру»




Функциональды Гигиеналық Эстетикалық
Функциональды қасиеттер отбасылық өмірдің қалыпты жағдайларына болысады. Пәтердегі әр бөлменің өзміндеті бар, сондықтан, жоспарлау рациональды болғансайын, жиһаз бен жабдықтарды ыңғайлырақ орнастырылған сайын, үй-жай да қарапайым, әрі жайлырақ бола түседі.

Гигиеналық қасиеттер дегеніміз – бұл дыбыс оқшаулануды (акустикалық изоляция), жақсы ауа алмасуды, қалыпты жылу-ауа ортасын, санитарлық-гигиеналық жабдықтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.

Интерьердің эстетикалық қасиеттері деп заттар мен кеңістіктің жарасымын, олардың тұтастығы мен үйлесімділігі.

2.Психологиялық сәт

«Тазалық –денсаулық кепілі!»

Бұл мақалды қалай түсінесіндер?

Бүгін біздін сабақтын тақырыбымыз «Тұрғын үй гигиенасы»

ІІІ. Жаңа сабақ:

1. Мұғалімнің кіріспе сөзі

Тұрғын үй гигиенасын айта кетсек. Тұрмыс гигиенасының негізі — пәтерді күтіп, таза ұстау. Бөлмеге жиһазды толтырып жинай беруге болмайды. Себебі ол шаңның көп жиналуына жол беріп, үйді таза ұстауды қиындатады

Пәтер- адамға және оның денсаулық жайына әсер ететін қуатты фактор.

Пәтерді әрқашан таза және жинақы ұстау керек. Күнделікті жинастыру үй ішін желдетуден басталады.

Тұрғын үй іші ортасының сапасына мына жайлар әсер етеді:

  • Сырттағы ауа;

  • Толық жанбаған газ өнімдері

  • Тағам дайындау процесінде пайда болатын заттар;

  • Жиһаз, кітаптар, киімдерден бөлінетін заттар;

  • Тұрмыс химиясы;

  • Темекі түтіннен бөлінетін заттар;

  • Орынжайды санитарлық нормаларының (адамдар санының) сақталуы және т.б.

Сондықтан да пәтер жөндеу және өңдеуге арналған материалдар таңдау кезінде, денсаулыққа зиян келмес үшін мұқият болу керек: кір жуу құралдарын абайлап қолдану, санитарлық және гигиеналық ережелерді сақтау қажет.






Күн сайын Апта сайын Мезгіл сайын

Құрғак жинастыру Ылғалды жинастыру Күрделі жинастыру

2.ст.»Интервью»

3.Бейнетаспа

4.Сергіту  сәті.

Бір саусағым тіптіде,

Ұстай алсам жіптіде.

Екі саусақ бірікті,

Мата қолғаілікті.

Үш саусағым орамды,

Жіпті тұйіп орады.

Өнерлі екен он саусақ,

Сурет салсақ, үй салсақ,

ІҮ.Жаңа сабақты бекіту:

1.Сұрақ –жауап

1 топ

Пәтерді жинастырудың маңызы қандай?

Пәтерді жуып-жинастыруға қандай құрал көмектеседі және еңбекті не жеңілдетеді?

ІІ топ

Пәтерді жуып жинаудың түрлерін атаңдар?

Олардың біреуі туралы әңгімелеңдер.

2. Сарамандық жұмыс:

Есік, терезе, суқұбырларын жуу

Ү. Сабақты қорытындылау және бағалау:

1.Топпен жұмыс

1 топ

Ст. “ Синквейин”

Зат есім : Гигиена

Сын есім:

Етістік:

Сөйлем:

Синоним:

2 топ ст. «Топтастыру»











2.Рефлексия:
Оқушыларға күн, бұлт, жаңбыр бейнеленген қағаздар таратылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, бір - біріне тілектерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады.
Күннің суреті ------- жақсы, көңілді.
Бұлттың суреті ----- орташа.
Жаңбыр------------- төмен..:

3. Бағалау. Дұрыс жауаптарына үйдің бөлшектері беріледі.







ҮІ.Үйге тапсырма.
Үй гигиенасы туралы ой толғау жазу

ҮІІ.Жұмыс орнын жинау.