Файл: Сынып 1 А Малімі Аушахманова Гульмира Ахметсапаровна Таырыбы 1 Мамыр Бейбітшілік, ынтыма кні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сынып: 1 «А»

Мұғалімі: Аушахманова Гульмира Ахметсапаровна
Тақырыбы: «1 Мамыр –Бейбітшілік , ынтымақ күні» (1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған тәрбие сағаты.
Мақсаты: Халықтар арасындағы достықты нығайту. Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.

Көрнекілігі: 1. Достық тақырыбына арналған оқушылардың суреттері

газеттері.

Слайдттар: ұлттар достығын бейнелейтін суреттер.

Видео слайд: Бірлігі жарасқан
Мұғалім: Бірінші мамыр!

Достықтың ұлы мейрамы

Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары

Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,

Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!

(1 мамырға арналған видео-көрініс)

Қайырлы күн қымбатты оқушылар! 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне ар-налған «1 Мамыр –Бейбітшілік , ынтымақ күні» атты тәрбие сағатын бастайық! Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақ-тастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғаны мен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құр-метпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, ба-уырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді. Бүгінгі шараның да мақсаты ха-лықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта студенттердің достық қарым-қаты-настарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.

Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек. «Қазақта бірлік болмай, тірлік болмас» - деген ұлағатты ұғым бар. Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып, Қазақ елінің нығайып, өркендеуіне өз үлестерін қосты.
Оқушылар өздерінің жаттаған тақпақтарын оқиды.

1-оқушы:Ынтымақ, бірлік, достық, татулық


Бабалардан қалған дәстүр айтулы

Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр

Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы.

2-оқушы: Ынтымағы жарасқан береке күн,

Білдіреді болашақ ел ертеңін.

Татулық пен достығың арта берсін,

Құтты болсын бүгінгі мереке күн
Мұғалім: Жүздерімізге шуақ, бойымызға қуат әкелген 1-мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні құтты болсын
«Тапқыр достар»ойынын ойнайық.

Ол ойынның шарты ынтымақ, бірлік, достық жөнінде мақал-мәтелдердің басы айтылады, жалғасын сендер қол көтеріп айтасыңдар, осылай ұпай санымен есептеліп жеңімпаз анықталады.

Ырыс алды –(ынтымақ)

Бірлік болмай – (тірлік болмас)

(Ынтымақтың түбі) – игілік

Бірлік, ынтымақ - (байлық, бақ)

Тірлік, тірлік түбі - (бірлік)

(Татулықта) табыс мол

Біршілік болмай (Тіршілік болмайды)

Дос басыңа қарайды (Дұшпан аяғыңа қарайды)

Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан (көзіңе мақтар)

Ағаш тамырымен мықты, Адам (дос –жарымен мықты)

Дос-егіз, (дұшпан-сегіз)

Досыңды мақтағаның - (өзіңді жақтағаның)

Досы жоқ адам- (Тұзы жоқ тағам)

Досы көпті жау алмайды, (Ақылы көпті дау алмайды)

Теңге тиыннан, (Ынтымақ – ұйымнан).
Мұғалім:Қазақ жері достықтың гүлстаны

Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы

Күрестерде еңбекте, мерекеде

Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.
Ән хормен: «Достық»
«СУРЕТТЕР ГАЛЛЕРЕЯСЫ» көрмесі.

Оқушылар салған суреттерін фотоға түсіріп жібереді. Зум арқылы көрсетеді.
Мұғалім:Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,

Кімдер қашсын қазақтайын ер елден

Достығымыз ғасырларға жарасқан

Туған елім, шарықтай бер кемелден!

«1 Мамыр –Бейбітшілік , ынтымақ күні» атты 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған тәрбие сағаты осымен аяқталды. Қатысқандарыңызға рақмет!


«Павлодар қаласының № 17 жалпы орта білім беру саралап

оқытатын бейіндік мектебі» мемлекеттік мекемесі


СЫНЫП САҒАТЫ


«1 Мамыр –Бейбітшілік,

ынтымақ күні»
(1 «А» сынып)

Мұғалімі: Аушахманова ГА. .


2019-2020 оқу жылы