Файл: Реферат Таырып Мдениет, оны табиаты мен мні абылдаан Аубакиров Е. Ж.. ( атыжні ).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қарағанды техникалық университеті

«ӘГП» кафедрасы

Реферат

Тақырып: Мәдениет, оның табиғаты мен мәні

Қабылдаған: Аубакиров Е. Ж..

(аты-жөні)

____ «___» ___2022 ж.

(қолы) (күні)
Орындаған: Ержанов Биржан

(аты-жөні)
Тобы: СИБ-21-2

Қарағанды 2022

Жоспар:




1. Мәдениет ұғымы, оның табиғаты мен мәні. Философия тарихындағы мәдениеттанулық теориялар (З.Фрейд, Н.Данилевский,).

2. Мәдениантропологиялық әдістеме: адам мен мәдениеттің мәндік және онтологиялық түбегейлі бірлігін мойындау.

3. Мәдениеттің қазіргі кездегі мәселесі


1 Мәдениет ұғымы, оның табиғаты мен мәні. Философия тарихындағы мәдениеттанулық теориялар (З.Фрейд, Н.Данилевский,).

Мәдениет, оның табиғаты мен мәні. Латынның «культура» сөзінің бастапқы мағынасы жерді өңдеу, оны күту, мұқтажына бейімдеу дегенді білдіреді. В.Даль»культура» сөзінің мынадай мағыналарын берген: «өсіру», «өңдеу» және «күту», «білім, ақыл-ой және ізгілік». Цицеронда біз бұл терминнің ізденуден туған міндеттерге, адам миының дамуына байланысты барынша кеңірек қолданылғанын көреміз. Мәдениеттің толығырақ мағынасын неміс философы Г.Ф.Гегель табиғи көзқарасқа орайластырылған адамның «екінші табиғаты» және «екінші ақиқат» деп атап көрсетеді.

Терминнің мазмұны табиғаттың, адамның және оның қызметінің ажырамас бірлігін білдіретін бастаудың мәдениетте екендігін көрсетеді. Мәдениеттің негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызуға болады: көндіктірушілік; құндылықты нормативтік; әлеуметтендіргіш; ұйымдық реттегіш; ізгілікті; коммуникативті ақпараттық.

Мәдениеттің маңызды міндеттерінің бірі – ізгіліктік болып табылады. Адамдар ерте заманнан-ақ мәдениеттің басты міндетін адамзатты рухани жетілдіру деп түсінді. Мәдениет жеке адамды дамытуға, оның рухани өсуі мен еркіндік деңгейін қамсыздандыруға тиіс. Қытайда мәдениетті «ЖЭНЬ»-адамгершілік түсінігімен мағыналас деп қарастырады. Қазіргі уақытта оның ең дәл мәнін А.Швейцардың мына сөзімен беруге болады. «Бірде-бір адам зат ретінде жағдайға орай құрбандыққа шалынуға тиіс емес және осы этикалық заң адамның өзінен оның мәдениетінің басты принципі – өмірдің кез-келген нысаны алдында имандылықта сақтауды талап етеді».


19-20 ғғ. психоаналитикалық теорияның пайда болуы адам мен мәдениетті түсінуде өзіндік «антропологиялық революция» жасады деп айтса болады. Психоанализ негізін салушы Зигмунд Фрейд өзінің «Тотем және табу» еңбегінде культурогенез мәнін алғашқы мәдениет құбылысы арқылы ашады. Тотемизмнің алғашқы мағынасын ашуға тырысқан ол мәдениет феноменін түсінуде тыйым салу жүйесінің, яғни табудың үлкен мағынасы бар екендігін көрсетеді. Жыныстық қарым-қатынастарға тыйым салу және оны невроз тудыратын және бейсаналы салаға ығыстырып шығару түптеп келгенде адамзат тарихының ең ежелгі сатысында пайда болған мораль мен құқықтың қоғамдық нормалар. З. Фрейдтің теориясында қалау- тілектерге тыйым салу немесе мәжбүрлеу мәдениеттің негізі болып табылады. Оның көзқарастарының негізінде адамдағы табиғи бастау, бейсаналылық, кысым көрсету мен табиғат нормалары арасындағы қарама-қайшылықтар жатыр деген ой-тұжырым жатыр.

Фрейдтік «мәдениет» термині адамдардың табиғатқа билік жүргізу барысында игерген білімдері мен әдіс-тәсілдерді, адам қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында игіліктерге қол жеткізу мағынасын білдіретін айта кету қажет. Сонымен қатар фрейд теориясы адамдар арасындағы қарым-қатынастарды, әсіресе игерілген игіліктерді бөлуді реттейтін институттарды да қамтиды. Басқаша сөзбен айтқанда мәдениет бір жағынан адамды сыртқы ортаның факторларынан қорғап, табиғат игіліктерін игеруге және оларды адамдар арасында бөлуге үлесін қосады, ал екінші жағынан мәдениет адамды оның қалау-тілектерінен айырып, оған ауыртпалық түсіреді.

Жалпы психоанализ теориясы өз саласындағы бірден бір теория болмаса да, адам психикасын тануда және оның терең қырларын ашуда, сонымен қатар адамзат қоғамынының дамуын түсінуде маңызды қадам болды. Мәдениеттің , оның пікірінше, екі маңызды қыры бар:

- бір қыры, ол адамға табиғат күшін игеруге және өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін одан материалдық игіліктер алуға мүмкіндік беретін адамдар алған барлық білім мен іскерлікті қамтуы.

- екінші жағынан, оған адамдардың өзара қарым-қатынасын реттеу үшін, әсіресе қол жетімді материалдық игіліктерді бөлу үшін қажетті барлық белгілер кіреді.

З.Фрейдтің айтуынша, әрбір мәдениет алғашқы талап-тілектер, қажеттіліктер күштеу, мәжбүрлеумен және басумен құрылады. Сондықтан, адамдарда қоғамға қарсы және антимәдени үрдістер жиі кездеседі.

Швейцариялық психолог, психоаналитик, мәдениет зерттеушісі, Карл Густав Юнгтың концепциясына сәйкес, мәдениеттің қалыптасуында адамдардың образдарын, ойларын, сезімдерін қалыптастыратын; миф, ертегілер, аңыздарда көрініс тапқан ұжымдық жадыны сақтайтын уақыттық жүйелерден тыс мәдениеттің архетиптері (қоғамдық бейсаналылықтың психикалық құрылымдары) негізгі роль атқарады.


Н.Я.Данилевский – орыс әлеуметтанушысы, мәдениеттанушысы, публицист және геосаясаткер, алғашқылардың бірі болып тарихқа деген өркениетті көзқарастың негізін салушы. Негізгі идеялары: жалпыадамзаттық өркениетті сынау. Дін, мәдениет (ғылым, өнер, техника), саясат, қоғамдық-экономикалық өмір секілді 4 негізден тұратын: мәдени-тарихи түрлер тұжырымдамасы. Мәдени-тарихи түрлер және өркениеттер этнографиялық материалға қарсы тұрады. Ғалым мәдени қызметтің төрт түрін бөледі: а) діни, Б) мәдени (ғылыми және эстетикалық шығармашылық), в) саяси, г) қоғамдық-экономикалық.

Данилевский келесі мәдени-тарихи типтерді (немесе өзіндік өркениеттер) ерекшелейді: 1) Египет, 2) қытай, 3) ассирия-вавилон-финикиялық, 4) Үнді, 5) Иран, 6) еврей, 7) грек, 8) Рим, 9) жаңа-семитикалық, немесе араб, 10) Герман-романдық, немесе еуропалық, 11) мексикалық, 12) Перуандық (соңғы екеуі өз дамуын аяқтамаған). Бір мәдени-тарихи түрдегі өркениеттің негіздері басқа түрдегі өркениеттерге берілмейді. Мәдени-тарихи түрдің өсу кезеңі айқындалмаған. Олардың гүлдену және даму кезеңдері қысқа болып келеді. Кейбірі біржола жойылып кеткен. Мәдени – тарихи түр этнографиялық жағдайдан мемлекеттікке және одан өркениеттікке қарай дамиды. Тарих барысы бір-бірін ығыстыратын мәдени-тарихи типтердің өзгеруінен көрінеді

2 Мәдени антропологиялық әдістеме: адам мен мәдениеттің мәндік және онтологиялық түбегейлі бірлігін мойындау.

Мәдениет пен табиғатты ұштастыруға тырысатын ілім- мәдени антропология. Фромм адам мен қоғамның өзгеруінің толық бағдарламасын жасап шығарады. Ол бойынша адамның мінез-құлқының өзгеруінің себебі доминантты ұстанымнан болмыста билік жүгрізу ұстанымына ауысуы, сонымен қатар басқарудың бюрократиялық жолын гуманистік жолмен алмастыру.Интерпретациялық әдістің пайда болуы психологиялық антропологиядағы дәстүрлі зерттеу парадигмаларының біршама өзгеруіне алып келді. Егерде бұрынырақ, адам мен қоғам зерттеу обьектері ретінде ажырамас байланыста қарастырылып келсе, енді адамның ішкі және сыртқы дүниесі ажыратылды, жеке тұлға мен қоғам арасында белгілі бір дуализм пайда болды. Мәдениет пен адамды зерттеу барысында басты назар жеке тұлғаның ішінде жатқан адамның мінез-құлқы арқылы берілетін мағыналарға назар аударылды. Олар белгілі бір топтың қоғамдық түсініктерінің көріністері ретінде емес, нақты адамның түсініктері ретінде қарастырылады.


Психологиялық антропологияда социомәдени детерминизмнен алшақтау байқалды. Оның пәндік саласына тарихи этнологияның концептуалдық негіздерін даярлаған жаңа түсініктер кіре бастады. Бұл келесі мәселелерді қамтиды:

-тұлғаның өзі психологиялық антропологияның зерттеу пәні болды, әсіресе, оның өзіндік құрылымы, психиканың түрлі пластары қарастырылды;

- тұлға – тек белгілі мәдени модельдерді алып жүруші ғана емес, ол белсенді қоғамдық агент;

- мәдениет адамның қоршаған ортаны қабылдауына, оның когнитивті, аффективті қабілеттеріне, сонымен қатар «тұлғаның ішіндегі» құрылымның характеріне, адам жадының қызметтерінің ерекшеліктеріне әсер етеді;

- мәдени категориялар әрбір нақты жағдайда тұлға арқылы игерілу барысында ерекше өзгеріске ұшырайды;

- мәдени категориялар бір мәдениет аясындағы түрлі топ мүшелері арқылы өзіндік өзгеріске ұшырап отырады, осымен мәдени дәстүрдің вариативтілігін, яғни алуандылығын түсіндіруге болады;

- мәдениет үрдіс ретінде қарастырылады, оның икемділігі мен қозғалмалы сипаты мойындалады;

- мәдениет – адамға қоршаған ортаға бейімделуге мүмкіндік беретін бейімделу жүйесі. Адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түскендегі оның психикасындағы үрдістердің де бейімдік қасиеттері бар: бұл қоршаған заттарды қабылдау және қабылданған тәжірибені сақтау жолдарына да тиісті.

Т. Шварц қазіргі замандағы психологиялық антропологияның көрнекті өкілі. Оның пікірінше, мәдениет тілді қамти отырып, адамның алғашқы бейімделу әрекетін білдіреді. мәдениеттің мәні адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсу барысындағы тәжірибесінен шығады, кейіннен ерекше жолмен ұйымдастырылып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады, соған қоса әрбір жаңа ұрпақ оған өзінің өзгертулерін енгізіп отырады.

Мәдениет пен тұлға арасындағы өзара байланысты білдіретін концепцияны қалыптастыра отырып, Шварц «мәдениеттің таратушы моделін» құрады. Аталмыш модель - мәдениеттің халық арасында тең дәрежеде таралмайтындығын көрсетеді. Таратушы модель жазбасы жоқ мәдениетті қоса есептегенде әрбір қоғамның күрделі құрылымы бар екендігін білдіреді. Мәдениет адам интеллектісінің ерекше құрылымын, оның психологиясын, саналы және бейсаналы элементтерін анықтайды. Мәдениет қоғамдық топтар тұрғысынан түрліше өзгерістерге түседі, сәйкесінше мәдениет әрбір индивидтің психологиясында да ерекше жолмен өзгеріске ұшырайды.


Адам өзінің әлеуметтену үрдісі барысында мәдени өңделген тәжірибені игеруде кең де жан-жақты мүмкіндіктерге ие, және мәдениеттің өзіндік баламаларын қалыптастырады. Тұлғаның толыққанды қалыптасуы мәдениеттің өзіндік жеке баламасын игеру мен мәдени игерілген жүйелерді қолдану кезінде жүреді.

Бұл үрдіс этникалық мәдениеттің тұрақтылығы мен трансформациясын қамтамасыз ететін механизмдерді зерттеу мәселелері. Мәдени дәстүрдің тұрақты қоғамда қызмет етуі оның мәдени мазмұнының сол қоғамда таралу деңгейі мен масштабына; ұрпақтан ұрпаққа берілу барысында мәдениеттің сабақтастығы мен тұтастығын қамтамасыз етуге байланысты.

3 Мәдениеттің қазіргі кездегі мәселесі

Материалдық мәдениет құрамына еңбек құралдарымен бірге барлық қолмен, ақылмен өңделген еңбек заттары жатады. Олардың мазмұны мен түрі мәдениеттің даму сатысын көрсетеді. Сондықтан мәдениеттегі қазіргі бардың, болашақтың сабақтастық байланысын тани білу қажет. Өткендегі құрал – саймандар із-түссіз жоғалып кетпейді.

Адамдар күнделікті өмірде мәдени құбылыстарды әртүрлі түсінеді. Біреулері мәдениетті қоғамдағы құндылықтарды адамдардың жете ұғынуы, саналы түрде меңгеріп алуы десе, екіншілері – қоғамдағы адамдардың білім мен тәрбие алу процестерінде пайда болған адамның саналы ақыл-ойы, мінезі, оның ойлау қабілеті, сезімі ретінде қарайды.

 Мәдениет — тұтас бір құбылыс, оны зерттегенде жүйелі талдау әдісі қолданылады. Бұл әдісті екі тұрғыда қолдануға болады.

1) мәдениет қоғамның оның әрбір саласының сапалық сипаттамасы ретінде болады.

2) мәдениет жүйе ретінде, яғни, оның құрылымы, оған кіретін бөліктер, элементтер, олардың арасындағы байланыс-қатынастарды, мәдениеттің жүйелік салаларын зерттейді.  Адам іс-әрекеті дамуының өзі мәдени құбылыстың жеке көрінісі болады.

Жалпы мәдениет құрылымы екі үлкен бөліктен құралады:

1)      Материалдық мәдениет. Бұл адамның табиғатты өзгерту, қайта құру процесімен байланысты;

2)      Рухани мәдениет. Бұл адамның рухани дүниесін және оның әлеуметтік өмірін өзгертумен байланысты болады.

Мәдениеттің мәні мен мазмұны оның құрылымымен тығыз байланысты. Ал, оның құрылымы күрделі болғандықтан әртүрлі элементтерден, бөліктерден тұрады. Мәдениеттің негізгі элементтерінің ең бастысы және осыған сәйкес басты атқаратын қызметі таным, яғни таңба – символдық элемент болып саналады.